Сабақ Күні: Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі



Дата23.08.2017
өлшемі42,09 Kb.
#25580

І тоқсан. 24-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 6

Пәні: қазақ тілі

ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері

Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты:

1) білімділік: модуль бойынша алған білімдерін тексеру.

2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.

3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Үй тапсырмасын тексеру. 4-тапсырма.

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

1.Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Адамға ақыл беретін қандай дос? А.адал Б.арам В.жаман дос Г.ақыл бермейді


  1. Қатыстық сын есім қайсы?

А.адал Б. әдемі В.үлкен Г. ақылды

  1. Жүз теңгең болғанша, ....

  1. жүз сомың болсын Б. жүз досың болсын

  2. жүз жауың болсын Г. екі досың болсын

  1. Ақырын, тез, бірден үстеулері қандай үстеу түріне жатады?

  1. Мақсат Б. мекен В.қимыл-сын Г. мезгіл

  1. «Екі бала дос болса...» өлеңінің авторы кім?

  1. Ө. Тұрманжанов Б. Б. Ысқақов

  2. М. Мақатаев Г. Ж. Жабаев

  1. Тасымалдауға болмайтын сөздердің қатарын атаңдар.

  1. үлкен, дастарқан Б. ара, аяқ, төрт

  2. дүкен, еңбек Г. Ақтөбе, Атырау, Алматы

  1. Мінез дегеніміз не?

  1. адамның түрі Б. адамның жақсы қасиеті

  2. адамның ішкі болмысы Г. адамның сөзі

  1. Білімді, еңбекқор қандай сын есімдер?

  1. қатыстық Б. сапалық В.негізгі Г. салыстырмалы

  1. Достың жақсы қасиетін атаңдар.

А.ашушаң Б. өтірікші В.мақтаншақ Г. сенімді

  1. Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түседі?

А.бірінші буынға Б. соңғы буынға В.тұйық буынға Г. екпін болмайды

2.Бақылау сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындаңдар.



  1. Дос қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

  2. Қатыстық сын есім дегеніміз не? Бірнеше мысал келтіріңдер.

  3. Дос, достық туралы мақал-мәтел айтыңдар.

  4. Қимыл-сын үстеудің сұрақтарын атаңдар.

  5. Сөздер қалай тасымалданады?

  6. «Менің досымның жақсы қасиеттері мен мінездері» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Қайталап келу.

Бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет