Қапбасова Ғалия Жамсатовна Қазақ тілі мұғалімі



Дата08.06.2018
өлшемі21,74 Kb.
#41354
Қапбасова Ғалия Жамсатовна

Қазақ тілі мұғалімі

МҚКК №86 сәбилер бақшасы, Павлодар қаласы,

Майра 23 – 136 пәтер, үйдің телефоны 52 – 64 - 27,

diana.zhasulan@mail.ru


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

«Тазша балаға көмектесейік» (Ересек тобы)
Сабақтың тақырыбы: Тазша балаға көмектесейік.

Сабақтың мақсаты: Көліктер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:



Білімділік: Балаларды көлік түрлерін дұрыс атауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту, сөйлем құруға жаттықтыру, байланыстырып жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді дұрыс дыбыстау, сұрақтарды түсініп толық жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, үжыммен жүмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Көлік мамандықтарының еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тэрбиелеу.

Көрнекіліктері: хат, карта, карточкалар, сүлбалар, көлік суреттері, альбомдар, көліктердің бөлшектері, түрлі түсті фишкалар.

Әдіс - тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, дыбыстық жаттығу, сергіту сәті, сүлбалар, жұмбақтар, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру,шығармашылық жұмыс

Сөздік жұмысы: жер, су, әуе көліктері, жүреді, жүзеді, ұшады, жерде, суда, ayада, жүргізуші, қайықшы, теңізші, ұшқыш, ғарышкер.



Іс-әрекет кезендері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Іздену ұйымдастыру-шы

Рефлексивті коррекциялау

I Ұйымдастыру кезеңі.

1.Балалардың қонақтармен амандасуы.
2.Жылулық шеңбері:


3.Қызықты сәт:

Бүгін маған бір хат келді. Кімнен екен, оқып көрейік. Тазша бала биыл мектепке барғысы келеді. Сендерден көмек сүрап хат жіберіпті.

Мына картаға қарасаңдар, өте алыс жерде „Білім әлемі” бар, онда сиқырлы кітап бар. Ол кітапсыз мектепке алмайтын көрінеді. Тазша балаға мына карта бойынша калай жетуге болады? Бізден көмек сұрапты.

Балалар, Тазша балаға көмектесеміз бе?

(Картаға қарайды) Жолмен жүру үшін қандай көліктер керек?

Мынау не?

Ал, темір жолмен қандай көліктер жүреді?

Жерде жүретін көліктерді қалай атайды?

Мына биік таудан қалай өтуге болады?
Олар кандай көліктер?

Мына өзеннен қандай көлікпен өтуге болады?

Олар қандай көліктер?

Буынұйқас айту:

Балалар сендер көліктерді 3 топқа бөлдіңдер: жер, су, әуе. Біз сендермен мына белгілер арқылы 3 топка бөлінеміз. Тазша балаға сиқырлы кітапты алып келу үшін, альбом жасап берейік.

1 - тапсырма:

Сүреттегі көлік түрлерін үш топқа сызықпен боліп ата.




2 — тапсырма:

Мамандық пен көліктерді байланыстыр.

Кім қандай көлікті пайдаланады?

Жолда дүрыс жүру үшін, жол жүру тәртібін сактаумыз керек

6.Жұмбақ жасыру.

Менің үш көзім бар.

Бір көзім „Кідір” дейді!

Бір көзім „Абайла” дейді!

Бір көзім „Жүгір” дейді!

„Қарап ал, маңайға” дейді?

Ол не?
7.Бой сергіту.

Бағдаршамның көздері бізді ойнауға шақырады. Ал сендер жол тәртібін қалай сақтайсыңдар?

Қызыл көзі не дейді?

Сары көзі не дейді?

Жасыл көзі не дейді?


3 - тапсырма.

Әр топ көлік туралы сипаттама әңгіме құрайды.



4 - тапсырма

Топтар бір біріне жұмбақтар жасырады.

-Адамдар үнемі жаңа көлік түрлерін ойлап тауып жетілдіріп отырады. Қане , бәріміз бірге қиялдап көрейік . Сендер қандай көлік ойлап табар едіңдер?Есейіп,ержеткен соң көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін.Сөйтіп, бір ғажайып , қолайлы және жылдам көлік түрін ойлап табыңдар.Ол үшін көп білім, оқу қажет.
Міне біздің альбомдарымыз Тазша балаға дайын. Оған альбомдарымызды сыйлаймыз. Енді ол сиқырлы кітапқа жете алады.. „Білім әлеміне” жету үшін білім керек екен.

-Сендерге не қиын болды?

-Не оңай болды?

Қонақтармен қоштасу.


Қайырлы таң, қонақтар!


Алақанымызды ашайық.

Күннің нұрын салайық!

Таза ауадан салайық.

Жүрек жылуын салайық!

Жиналған жылы шуақты!

Қонақтарға сыйлайық!

Иә, көмектесеміз!
Машина, автобус.

Темір жол.

Пойыз, электричка.

Жер көліктері.

Үшақпен, тік үшақпен.
Әуе көліктері.
Кемемен, қайыкпен.

Су көліктері.

шақ,шақ,піақ - ұшады ұшақ ық, ық,ық - суда жүзеді қайық ме,ме,ме - әдемі кеме кер,кер,кер - Тоқтар аға ғарышкер
1 топ - Машина жерде жүреді.

Автобус жерде жүреді

2 топ - Кеме суда жүзеді.

Қайық суда жүзеді.

3 топ - Ұшақ ауада ұшады.

Тік ұшақ ауада ұшады.

Зымыран ауада ұшады.

1 топ - Жүргізуші машинада жүреді.

Машинист пойезда жүреді.

2 топ - Теңізші кемеде жүзеді.

Қайықшы қайықта жүзеді.

3топ – Ұшқыш ұшақта ұшады.

Ғарышкер зымыранда ұшады.

-Бағдаршам

Қимыл қозғалыс жасау

- Түр!


- Абайла!

- Жүр!

1 топ - Мынау жеңіл машина.

Түсі ақ, темірдең жасалған.

Адам тасиды.

Машинада дөңгелек, есік , терезе, руль, фара, жұмсақ орындық бар. Машина жерде жүреді.

Жүргізуші машинада жүреді.

2 топ - Мынау кеме.

Кеме үлкен, әдемі, түсі ақ.

Кеме ағаштан жасалған.

Кеме адам, жүк тасиды.

Кеме суда жүзеді.

Теңізші кемеде жүзеді.

3 топ - Мынау үшақ, түсі ақ.

Ұшақ темірден жасалған.

Адам, жүк тасиды.

ұшақ ауада ұшады.

Ұшқыш ұшақта ұшады.


1топ - Ол- жер көлігі, түсі қара , темірден жасалған , жүк тасиды

Дөнгелек , есік, терезе, руль,фара , орындық, кузов, кабинасы бар

Оны жүргізуші жүргізеді . Ол не?

2 топ – Ол су көлігі

Түсі қоңыр , ағаштан жасалған , адам тасиды, жүк тасиды,суда жүзеді, қайықшы жүргізеді. Ол не?

3 топ –Түсі ақ , үлкен , темірден жасалған.Адам тасиды,ауада ұшады. Онда ғарышкер ұшады. Ол не?


Балалар үш топқа бөлініп отырады. Алдарында көліктердің бөлшектері бар. Жаңа көлік түрін құрастыру және оны қазақша атау.

Балалар бір бірінің альбомдарың тексереді.

Өз өзін бағалау:

О - сары - жақсы білем, қиыншылық жоқ.

О - жасыл - толық білмеймін, көмек керек.

О - қызыл - ешқандай білімім жоқ.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: көлік түрлерінің айырмашылықтарын айтады.Өз ойларын тиянақтап пікірін еркін айтуға үйренеді.

Нені игерді:бір-біріне көмек беруді , бірігіп жұмыс жасауды , жол жүру ережесін үйреніп, түсін біледі

Нені біледі:Жұмбақ шешуді , сұраққа жауап беруді , көліктерді топтастырып , құрастырады және жапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет