Сабақ конспектісі «Денсаулық еліне саяхат»



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі242,98 Kb.
#24083
түріСабақ
  1   2
Бекітемін

МКҚК «№29 балабақша»

директоры Тілесова Б.А.

«___» _______ 2016 жыл

Информатика пәні бойынша даярлық тобына сабақ конспектісі

«Денсаулық еліне саяхат»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі

Кабиева У.Т.

Ақтау 2016 жыл



Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Денсаулық сақтау, витаминдер туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, ұқыптылыққа үйрету т.б.

Көрнекіліктер: Видеопроектор экранымен, компьютер, «Денсаулық бұрышы»

 Барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық кезеңі. Сәлемдесу.



Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Мұғалім: Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

Балалар: Қыс!

Мұғалім: Қыста адамдар денсаулығына көбірек мән береді. Біз бүгінгі сабағымызда денсалық еліне саяхатқа шығамыз.

Бала: Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.



Мұғалім: Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз ауырмаса онда деніміз сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз.

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі. Орнымызға жайғасамыз.

Мұғалім: Дені сау болу үшін бізге не қажет?

Балалар: Азық-түлік, жеміс-жидектер, көкөністер!

Мұғалім: Олар біздің достарымыз ба? Олар не үшін қажет бізге? Біздің тағамдар несімен құнды?

Балалар: Дәрумендеримен!

Мұғалім: Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер?

  • Әр тағам өзінің дәрумендерімен бай, ол денсаулыққа және адам ағзасының өсуіне ықпалын тигізеді. Қазір «А» дәруменімен танысайық, біз дәрумендерді көрмеміз, бірақ олар біздің тағамдарымызда бар. Мында қандай тағамдар бар?

Балалар: Сәбіз, бұрыш, жуа, қызанақ, жұмыртқа, сары май т.б.

Мұғалім: Барлық осы тағамдар «А» дәруменіне бай. Олар сіздің ағзаларыңыздың өсуіне және көзіңіздің жақсы көруіне қажет. Мына тағамдар «В» дәруменіне бай. Олар?

Балалар: Ет, қара нан, бұршақ, орамжапырақ, банан т.б.

Мұғалім: «В» дәрумені сіздің жақсы ұйықтауыңызға, жыламауларыңа, шаштарыңның жақсы өсуіне және жүзіңіздің жарқырап тұруына қажет. Ал мына тағамдар «С» дәруменіне бай, олар?

Балалар: Алма, лимон, сәбіз, қызанақ, картоп т.б.

Мұғалім: «С» дәрумені біздің тісіміздің сау болуына, жарамыз тез жазылуына және ішкі ағзамыз жақсы жұмыс жасауына керек.

1 бала: Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені,
Көтермеймін ондайды.

2 бала: Ылғалды топырақ мекенім,
Сол жерде жақсы өсемін.
Жегенде жақсы тоясың,
Ұраға салып қоясың:
Мен екінші нанмын!

3 бала: Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын жылайсың.
Ащы болсам да мені
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.

4 бала: Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.

5 бала: Мен-алмамын, алмамын

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал-дәмді

Дастарқандарыңа арнадым. 



6 бала: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.



Мұғалім: Балалар, бүгін бізде қонақта Салауат атай. Ол сіздердің мектепке дайындықтарыңды тексеруге келді. Салауат атайдың тапсырмаларынан сүрінб өтсеңдер, ол сендерге мектепке жарамды деген анықтама береді.

  • Сонымен 1-ші тапсырма: Себеттерге тағам түрлерін дәрумен бойынша орналастырамыз. 1-ші себетке «А» дәрумендері бар тағамдарды саламыз. 2-ші себетке «В» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. 3-ші себетке «С» дәрумендер бар тағамдарды саламыз. Компьютерде орындаңдар.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! 1-ші тапсырманы жақсы орындадындар. Енді 2-ші тапсырманы қараймыз. 2-ші тапсырмада, балалар, есепті шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет