Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта,жұмыс дәптері. Сабақ түрі: Аралас сабақ



Дата24.05.2017
өлшемі122,45 Kb.
#16866
түріСабақ

Қызылорда облысы

Жаңақороған ауданы

Құттықожа ауылы

164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі



Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна

Тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Сабақ мақсаты: а) Paint графикалық редакторының құралдарымен оқушыларды таныстыру.
Б) Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі:Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта,жұмыс дәптері.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру.

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторы, негізгі түсініктер, сурет салу кезеңдері. Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік. Қане кім айтады?


  1. Графикалық редактор не үшін қажет?

  2. Paint графиктік редакорын қалай іске қосамыз?

  3. Paint графиктік редакорының терезесінің негізгі элементтерін ата?

  4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?

  5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?

  6. Фон түсін қалай өзгертеміз?

  7. Сурет салу тәсілі қандай?

  8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?

Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, радакциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке-жеке толық танысатын боламыз.

Біздің бірінші қарастыратын құралымыз


Түзу сызықты салу құралы.

Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.



  1. Линия батырмасын шерту

  2. Сызықтың қалыңдығын таңдау

  3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.

Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.



  1. Прямоугольник батырмасын шерту

  2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші оялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.

  3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналсатыру.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың аяқталатын жеріне апару.

  5. Маустың батырмасын жіберу.

Ал шаршы салу үшін тап осы алгоримтді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.

Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.

Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.



Эллипстер мен шеңберлерді салу.

Элиипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.

Сонымен біз бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының кейбір құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға кімдер жауап береді. Қане кім сабақты жақсы түсінді екен.


  1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?

  2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?

  3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?

  5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?

  6. Элипс деген не? Оны қалай саламыз?

  7. Шеңберді қалай саламыз?

Практикалық тапсырма
Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып,

12 геометриялық фигуралар салу.


Үлгерген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды



Сау болыңыздар
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет