Сабақтың тақырыбы: Тәрбие басы тал бесік. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға тәрбие бесіктен бастау алатынын,яғни қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдеп-ғұрыпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру 2.Дамытушылығы:Оқушы бойындағы ізденгіштік,тапқырлық және танымдық қаблеттерін дамыту. 3.Тәрбиелілігі:Оқушыларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілділікке сонымен бірге еңбекқорлықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі:Интерактивті,сұрақ-жауап,көрнекілік. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың байланысы: дүниетану,математика,сурет,ән,үш тұғырлы тілді қолға алу. Сабақ көрнекілігі: суреттер,бүктеме,интерактивті тақта, ұлттық бұрыш. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық даярлық: Армысың,шапағатты күніміз, Армысың,мейірімді жеріміз, Армысың табиғат – анамыз, Келді сізге өзіңіздің балаңыз Жаңа сабақ: Ребус: 7саны;атаның суреті Олай болса, балалар Бауыржан Момышұлы атамыздың «Жеті атасын білмеген» деген сөзі бар.Бізде өзіміздің жеті атамызды атап,сол ауылдарға саяхат жасасақ қалай қарайсыңдар? 1Әке 2.Бала 3.Немере 4.Шөбере 5.Шөпшек 6.Немене 7.Туажат
Әке ауылы: «Ата-баба дәстүрі әдептілік негізі» Көрніс: Үлкенге құрмет,кішіге ізет. Би: Қара жорға 1.Туған соң адам боп Білімсізден жаман жоқ Ел дәстүрін білмесең Жұрт айтады надан деп. 2.Ата бабаң ардақты Жамандыққа бармапты Ардақ тұтып үлкенді Ата жолын жалғапты. 3.Бауырласқан тәніміз Бұзылмаған антымыз Кең даланың ежелгі Қазақ дейтін халқымыз Өзге ұлттай біздіңде Бар дәстүрмен салтымыз. Бала ауылы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» -Ұлдар қандай болу керек? Қыздар қандай болу керек? 1.Көңіліңді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста. 2.Тәрбиесіз бала білім ұғама? Олай болса уысыңнан шығарма? Қатты тәртіп көрсе бала күнінде Өнерімен қуантады түбінде.
3 Ұл-қызы ізеттібоп тұрса егер- Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.