Қайта жаңғыру кезеңінде (15-16 ғ.) Еуропа елдерінің интелектуальдық, мәдени, заң, ғылым саласына латын лексикасы қайтадан зор ықпал ете бастайды. Осы заманда жаңа латын әдеби тілі көркейеді. Үлкен қан айналу шеңберін ашқан В. Гарвей (1578–1657), жануарлар мен өсімдіктердің жіктелуін реттеген К. Линней (1707–1778), М. В. Ломоносов (1711–1762), терапия негізін құраушы М. Я. Мудров (1776–1831) осы дәуірде латын тілінде өздерінің өшпес еңбектерін қалдырған.
Осы кезеңде латын тілі дипломатия, дін, ғылымда қолданылып, биологиялық ғылымның, әсіресе биологиялық терминологияның қатты дамуына әсер етті. Швед ғалымы К. Линней жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуін жетілдіруі арқылы өзінің латын терминологиясына үлкен үлес қосты. Ол әр түр туыстық және түрлік екі атпен аталатын биноминальдық номенклатура енгізді.
XIX—XX ғасырларда жануарлар мен өсімдіктердің терминологиясының жіктелуі жетілдіріле берді және 1955 жылы Парижде анатомдардың VI конгресінде халықаралық дәрежеге ие болды.
1867 жылы Париж қаласында өткен ботаника ғылымының конгресінде «Ботаника заңдылықтарының номенклатурасы», ал 1975 жылы XII халықаралық конгресте соңғы рет өзгертілген, 1905 жылы Венада қазіргі заманғы халықаралық ботаникалық номенклатурасының кодексі қабылданды.
Соңынан өзгертулер мен қосымшалар енгізілген халықаралық зоология номенклатурасының ережелері 1905 жылы Мәскеу (Ресей) қаласында жарық көрді. XVI Халықаралық зоологиялық номенклатураның кодексі 1963 жылы Вашингтон (АҚШ) қаласында қабылданған.
1992 жылы Цюрих қаласында өткен ветеринарлық анатомдардың дүниежүзілік ассоциясының генералдық ассамблеясында «Үлкен ветеринарлық анатомиялық номенклатура» қабылданды.
Жоғарыда атап көрсетілген халықаралық биологиялық кодекстерде барлық жануарлар мен өсімдіктердің жіктелу топтары тек қана латын тілінде және латындандырылған болуы керек деген жеке статья бар.
Қазіргі заманда латын тілі – Ватикан мемлекетінің католик шіркеулерінің заңды тілі болып есептелінеді. 1962-1965 жылдарға дейін католик шіркеулерінде жұмыс тек қана латын тілінде жүргізіліп келді.
Латын тілі «өлі» тіл болып есептелгенімен, ғылыми терминологияда (ботаника), юриспруденцияда және медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылып келеді. Латын тілі көптеген ғылымдар мен Еурапа елдері мәдениетінің кілті екенін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |