№1 сабақ. Латын ветеринариялық терминологиясы пәніне кіріспе. Латын әліпбиі (алфавиті).
1. Латын тілі және оның қысқаша тарихы
Жоспар:
Латын тілі және оның қысқаша тарихы.
Архаикалық дәуір
Классикалық дәуірге дейінгі дәуір
Латын тілінің «алтын дәуірі»
Латын тілінің «күміс дәуірі»
Латын тілінің соңғы ғасыры
Қайта жаңғыру – латын тілі терминалогиясының дәуірі
Латын тілінің қазіргі замандағы орны
Латын әліпбиі (алфавиті).
Ветеринария саласында латын тілін үйренудің бірден бір мақсаты – ол болашақ латын терминологиясына сауатты мал дәрігерін дайындау. Қазір латын тілі «өлі» тілге жатқанымен, біздің күнделікті тіршілігімізде латын және грек терминологиясын кеңінен қолданатынымыз белгілі. Мысалы: ректор, декан, доцент, ассистент, институт, факультет, аспирант, лаборант, студент, диссертан, аудитория, конкурс, аппетит, прогресс, регресс, питиция, обсерватория, резерв, стиль, орнамент. Бұл сөздер біздің қолданып жүрген терминдеріміздің азғана бөлігі деп айтуға болады. Латын тіліндегі афориздер мен мақал-мәтелдер тыңғылықты бір ойды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Бұл афоризмер біздің заманымыздан бұрын және одан кейін өмір сүрген атақты ғалымдар, философтар, ақындардан қалған аманат. Кейбір афоризмдер медицина мен ветеринарияда деонтологиялық (деон –міндет, логос-білім) міндетті заңдылықтарға ие. Мысалы: Medice, aegrotum, sed non morbum – дәрігер, ауруды емес, ауырған жанды емде, немесе Primum non nocere – ең алдымен зиян келтірме.
Латын тілі үнді еуропалық топтың ең көне тілдерінің бірі. Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайпасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул және Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің шапқыншылық – басқыншылық саясатының арқасында оның шекарасы барған сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан жерлердің бәрін бағындыруының арқасында Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің әмірі жүрмеді. Керісінше, Греция және Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан, мәдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындыра алмай, эллин (грек) мәдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары, дәрігерлері, жазушылары дәріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен. Мектептерде грек тілін оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бір-ақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды және латын әліпбесінің кеңейуіне алып келді. Латын әліпбесіне Y (ипсилон) және Z (зета) деген екі әріп қосылды.
Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді:
Достарыңызбен бөлісу: |