Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 14 қазан күні Қ.Жүнісовтің «Сәкен – сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасы мен 16 қазан күні Ш.Айматовтың «Ана – Жер-ана» трагедиясының премьерасын ұсынады. Басталуы сағат 18.30-да. «Сәкен – сұңқар» тарихи трагедиялық драмасы биыл Республика бойынша аталып өтетін қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналып сахналанды. Алғашқы премьерасы пьеса авторы Қ.Жүнісовтің шығармашылық апталығы барысында 27 қыркүйекте өтті.
Ш.Айматовтың «Ана – Жер-ана» трагедиясы жаңа маусым алдында театр репертуарына енді. Аталмыш спектакль қыркүйек айында Қызылорда қаласында өткен КСРО және Қазақстанның халық әртісі С.Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған.
9-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылында орналасқан.
Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды
Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері — И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды.
Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді.
Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.
10-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қай театрға жиі барасың?
2.М. Әуезов атындағы қазақ драма театрында болдың ба?
3.Қандай спектакль көрдің?
4.Актерлердің ойындары ұнады ма?
5. М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының қандай атақты актерлерін білесің?
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем - жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді. Жалғаулықтары:өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б.
Мысалы: Театр – ойын-сауық орны, сондықтан мұнда ойын-сауық және басқа да драмалық шығармалар, мәдени шаралар өтеді.
11-тапсырма. Берілген сөйлемдерге қажетті себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын жазыңыз.
1.Біз театрмен есейдік, ....... студенттік жылдары осы театрға келіп, корифейлердің ойынын көріп, сұхбат құрып, мақала жазуды бақыт санадық. 2. Әлі де орайы келсе жаңа қойылымдардан қалмауға тырысамын, .......... әр спектакль – жаңа таным, жаңа резонанс. 3. Театр туралы жиі жазу, актерлермен, суретшілермен, драматургтермен жиі әңгімелесу журналистерді өсіреді, ....... «Алматы ақшамы» газеті театрдың әр жаңалығына ат салысып, жариялап тұрады.
Керекті жалғаулықтар: өйткені, сондықтан, себебі
Оқыңыз, қызық!
12-тапсырма Берілген мәтіндегі екі жай сөйлемнен бір себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен «Еңлікгүл – 2014» кәсіби сыйлығы табысталды.
Бұл сыйлық 2010 жылдан бері халықаралық театр күніне орай беріліп келеді. Қазақстан Театр қайраткерелері одағының Төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Еңлікгүл» сыйлығының ұйымдастырылуына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ҚР Мәдениет министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және «ҚазМұнай Газ» ұлттық компаниясына ризашылығын білдірді. Шараға мәдениет майталмандары, Республика театрларының директорлары, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшелері қатысып, арнайы қазылардың шешімімен жеті аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жүзден қара үзіп шыққан жылдың үздіктері – «Еңлікгүл – 2014» сыйлығына ие болды.
- «Жылдың ең үздік актері» номинациясын – М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері Азамат Сатыбалды жеңіп алды.
- «Жыл актрисасы » – Скуратова-Недзельская Людмила Витальевна, Ақмола облыстық драма театрының актрисасы
- «Жыл режиссері» – Оксана Малуша, Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының режиссері
- «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» – М. Әуезов театрының мақтанышы, 99 жастағы актриса, Хабиба Елебекова марапатталды
- «Жылдың театр суретшісі» номинациясы – Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай театрының суретшісі Бақыт Срайылов
- «Жылдың опералық, балет партиясының» үздігі – Қарағанды облыстық музыкалық- комедиялық драма театрының орындаушысы Амантай Ибраев
- «Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы» бойынша – Гнусарев Юрий Васильевич, Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:
- «Жыл драматургі» – Ахметжан Аширов, драматург
- «Жыл театртанушысының мақаласы» – Айжан Ахмет, театртанушы
- «Жылдың театр менеджері» – Ивлев Юрий Юванович, Қостанай облыстық Орыс драма театрының директоры;
- «Жылдың музыкалық көркемдеушісі» – Юн Георгий Петрович, Республикалық музыкалық комедиалық Кәріс театры;
- «Жылдың суретші гримері» – Айжан Әлжанова, Ж.Шанин атындағы ОҚО драма театрының суретші-гримері атанды.
Театр өнерінде айрықша еңбегімен көзге түскен бір топ актер Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында М. Әуезов театрының талантты актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда да бар.
13-тапсырма. Нақыл сөздерді жаттап алыңыз.
Театр – тірі тарих.
Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны – театр сахнасы.
Театр көрінгеннің ермегі емес – еңбек.
Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ.
Театр – талантты тұлғаларды бір арнада тоғыстыратын киелі шаңырақ.
14-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Қазақтың тұңғыш театры қай қалада ашылған?
Қызылорда
Алматы
Астана
Тараз
2. «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған кім?
М.Әуезов
М.Қаратаев
Е.Брусиловский
А.Құнанбаев
3. Театрға жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі қай жылы берілді?.
1961 жылы
1965 жылы
1960 жылы
1964 жылы
4. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына себеп-салдар құрмалас сөйлемнің жалғаулығын қойыңыз.
Қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан Сері – Ақтоқты», «Еңлік – Кебек», «Ана – Жер-ана» спектакльдері театр сахнасынан түспей келеді, ...... соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.
немесе
алайда
сондықтан
бірде
Глоссарий
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
танымал шеберлер
|
известные мастеры
|
Famous masters
|
дарынды режиссер
|
талантливый режиссер
|
Talanted director
|
ұлттық театр
|
национальный театр
|
National theatre
|
марапатталды
|
награжден
|
Awarded
|
ұйымдасу
|
организовать
|
Orginize
|
қоныс аударды
|
переехали
|
Moved to
|
негізін қалаушы
|
основоположник
|
Pioner
|
ойын-сауық
|
развлечение
|
entertainment
|
тарлан
|
мастер, знаменитый
|
master, the famous
|
өшпес
|
неизгладимый
|
indelible
|
байи түсу
|
обогащаться
|
enriched
|
БОӨЖ
№1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.
Театр тарихы
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры 2003 жылы 21 наурызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен ашылған. Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» спектаклімен тұңғыш шымылдығын ашқан Маңғыстау театры он жыл ішінде бес Республикалық, үш Халықаралық деңгейдегі фестивальға қатысты. Республикалық фестивальдарда Бас жүлде, 1-орын, «Ең үздік режиссер» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Театр» аталымынан Бас жүлдені, Египеттің Каир қаласында өткен экспериментальді театрлар фестивалінде «Үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды. Ал, Қазан қаласында өткен түркітілдес халықтар фестивалінде «Ең таңдаулы» театр жүлдесін иемденді. Сонымен қатар, өз еліміз Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау облыстарына және Ташкент қаласына гастролдік сапарлармен барып, өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, өнерімізді көпшілікке таныту бағытында үздіксіз жұмыстар атқарды.
Театр репертуарында 40-тан астам қойылым бар. Дүниежүзілік классиктер Шекспир, Ж.Мольер, Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш», «Ромео мен Джульетта», «Тартюф», А.Джованнини қойылымдарынан бастап, орыс драматургтері И.Разумовскаяның «Сад без земли», А.Володин – «Қос жебе», А.П.Чехов- «Скандальные история», Н.Птушкина- «Күтпеген махаббат», А.Вампилов -«Старший сын», көршілес мемлекеттерден С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», М.Байджиев «Іздедім сені», Г.Хугаев «Көршілер», қазақ классиктері М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Кекілбаев, И.Сапарбай, Б.Беделханұлы, Т.Оразымбетов т.б. авторлардың қойылымдары сахналанды. Жергілікті автор Сайын Назарбектің махаббат дастаны «Ақбөбек», Сайын Назарбек пен Н.Мұханов бірігіп жазған «Ант» спектаклі де көрерменнің қызыға тамашалайтын қойылымы. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында 51 әртіс, 47 шығармашылық қызметкер, 9 цех жұмыс істейді. Театр директоры: Нурнияз Мұханов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер. Бас режиссер:
Гульсина Мергалиева, ҚР еңбегі сіңген кайраткер, «Тарлан» сыйлығының лауреаты. Бас суретші:
Гулнар Канафина, Мәдениет қайраткері.
БӨЖ
№1 «Менің сүйікті қойылымым» тақырыбына әңгіме дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі. Алматы: Шың-кітап, 2009.
2.Артыкова Т.М., Боранбай М.Б. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2013.
3. А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров «Казахский язык для всех», Алматы, «Атамұра», 2004ж. 422-425бб.
4. Ғаламтор желісі
Достарыңызбен бөлісу: |