Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
ҚР «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технолоияларын тандауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген.Бұл білім беру мекемелері мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын таңдап алуға мүмкіндік береді.Білім беру саласындағы әрбір мұғалімнің алдында қабілеті әр түрлі деңгейдегі бала отырады. Олардың арасында үлгерімі төмен, қабілеттілігі жоғары да оқушылар анықталады. Олармен жұмыс жүргізуде қандай жолдарды таңдау тиімді болар еді деген сауал әрбір мұғалімді толғандырары сөзсіз.
1 – топ: Ақыл – ой қызметі төмен (танымдық процестердің төмендегі ойлау, қабылдау, зейін, есте сақтау)
2-топ Ақыл-ой қызметі жоғары, бірақ оқуды игеру деңгейі төмен.
3-топ Ақыл-ой қызметі төмен, оқуды игеру деңгейі орта