Сабақ үлгілері. Әдістемелік қысқаша ескертпелер. Негізгі ұғымдар, кестелер мен шартты белгілер



бет1/2
Дата25.06.2017
өлшемі0,93 Mb.
#19962
түріСабақ
  1   2
Факультативтік курс
«Фонетиканы оқытудың практикалық жолдары»

Құрастырушы: Киямова Анфиса Накиповна


2015 жыл

Мазмұны

  1. Алғы сөз.

  2. Түсінік хат. Бағдарлама.

  3. Сабақ үлгілері.

  4. Әдістемелік қысқаша ескертпелер.

  5. Негізгі ұғымдар, кестелер мен шартты белгілер.

  6. Артикуляциялық гимнастика үлгілері.

  7. Жаттығулар.

  8. Фонетикалық ойындар.

  9. Талдау үлгілері.

  10. Тесттік тапсырма.

  11. Қолданылған әдебиеттер.

Алғы сөз


Бұл факультивтік курс қазақ тілі мұғалімдеріне көмек құрал ретінде арналған.

Негізге мақсаты: басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйрену басырында фонетика саласынан теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын жетілдіру.

Әдістемілік құрал тек қана фонетика саласын қамтиды. Фонетика саласы бойынша тақырыпты жоспар жасалды, сабақ үлгілері беріліп отыр. Бақылау түрі – тест тапсырмалары және талдау үлгілері. Жаттығуларды орындау басырында оқытушы алдында қойған мақсатына орай жұмыстарды түрлендіріп, өзгертіп отыруына, аудитория деңгейіне сәйкес тандап алуына болады. Логикалық ойдауды дамытатын ойындар мен жаттығулар да бар. Есте сақтау дағдысын қалыптастыратын негізгі терминдер, кестелер мен шартты белгілер берілген.

Түсінік хат

Бұл бағдарлама фонетика саласына арналған. Фонетика бөлімінде тіл дыбыстарын таныстыруға дауысты, дауыссыз дыбыстардың қазақ тіліне тән ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Орыс тілінде жоқ , қазақ тілінде кездесетін дауысты, дауыссыздардың айтылуы, жазылуы, жуан, жіңішке дауыстылардың іргелес тұрған дауыссыздарға тигізетін әсері,

сондай –ақ дыбыстардың бір -біріне әсері орфоэпиямен байланыстырыла оқылатыны бағдарламада талап етілген. Ешбір тілде оның фонетикалық жүйесінсіз оқып үйрену мүмкін емес.

Фонетика өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйрету барысында негізгі саласы.

Білім алушыларға бұл әдістемелік құрал фонетика үлгілерін жетік әрі жеңіл түрде меңгеруге ықпал беріп, сөйлеу әрекеттерін дамытуға негізделген.

Мақсаттары:


  • білім алушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілде сөздік қорын дамыту;

  • мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізу;

  • орфографиялық және орфоэпиялық біліктілігін іске асыру.

Міндеттері:

  • фонетикалық терминдерді дұрыс ажырата алу, орынды қолдану;

  • дыбыс пен әріптің айырмашылығы бірлігін білу;

  • дыбыстардың жіктелуін, сөз құрамындағы дыбыстардың дауысты, дауыссыз түрлерін, олардың әр қайсысының жасалу жолы мен орнына, дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай түрлерін ажырата білу;

  • сингармонизм, ілгерінді, кейінді ықпалдардың мәнін түсініп, олар туралы білімін сөйлеу тілінде дұрыс қолдану;

  • қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін жатқа білу;

  • сөздерді орфографиялық, орфоэпиялық нормаларға сай жазып, айта білу;

  • сөзге, сөйлемге тиісті екпіндерді дұрыс түсіріп интонациясын сақтап айта білу;

  • орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істей білу.

Жоғардағы талаптар мен міндеттерді орындау мақсатында оқыту әдістемелік тұғырнамамды төрт тарауға бөліп, жинақтадым.

    1. Фонетика саласын оқыту бағдарламасы.

    2. Оқытушыларға ұсынылған әдістемелік қысқаша ескертпелер.

    3. Сабақ үлгілері.

    4. Жаттығулар, талдау үлгілері, тестілер.

Білім алушылардың әдістемелік құралдан күтетін нәтижесі:

- қазақ тілінің тән дыбыстарын ажырата білу;

- ауызша және жазбаша тілін дамыту;

- мемлекеттік тілде еркін сөйлеу білу.




Тақырыптық жоспар

Жалпы сағат саны: 34 сағат




т/б №

Тақырыптардың аты

сағат саны

өткізу түрі

білімділік қазынасы

1

Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

3

Дыбыстық құрамының түрлерін дәріс негізінде беру

Тақырып бойынша фонетикалық минимум беріледі.

2

Алфавит. Орыс тілі алфавитимен салыстыру

2

Өзге тілдің дыбыстар тіркесін практикалық жақтан қатесіз, мүлтіксіз меңгерту.

Алфавитті жаттау. Дыбыс пен әріпті жаттығулар арқылы ажыратуға баулу.

3

Дыбыс пен әріп.

3







4

Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі



2

3


Презентация арқылы түсіндіру.

Тест.


5

Дауыссыз дыбыстар

3

Топпен жұмыс.

Талдау.

6

Буын және тасымал

2

Дәріс

Жаттығу орындау.

7

Үндестік заңы.

Буын және дыбыс үндестігі.



3

3


Практикалық сабақ

Өздік жұмысы.

8

Екпін.

2

Сұхбаттасу, жаттау.

Ауызша мәлімет, мәтінмен жұмыс.

9

Фонетикалық жаттығулар мен фонетикалық талдаулар.

5

Практикалық сабақ, талдау.

Шығармашылық жұмыс.

10

Қорытынды, нәтиже сабақ.

3

Деңгейлік тапсырмалар.

Тест.


Бағдарламаның мазмұны:
Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

Дыбыс пен әріп. Алфавит, оның құрамы. Алфавитті білудің сөздікті пайдаланудағы қажеттілігі.



Алфавит. Дыбыс пен әріп.

Қазіргі қазақ тілі алфавитінің негізі. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы. Дыбыстау мүшелерінің қызметі. Әріптердің жазу емлесі.



Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың жуан , жіңішке түрлері. Дауысты дыбыстардың орыс тіліндегі дауысты дыбыстармен үндес, мағыналас кетіндері және қазақ тіліне тән дауыстылар артикуляциясы, жасалуына қатысатын сөйлеу мүшелері, айтылуы, жазылуы.



Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар және олардың құрамы. Дауыссыз дыбыстардың ішіндегі орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстармен мағыналас келетіндері. Орыс тілінде жоқ, қазақ тілінде ғана кездесетін дауыссыз дыбыстар, оларды жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері, дыбыстардың өзіне тән артикуляциясы, жазылуы.



Буын және тасымал.

Буын жасаудағы негізгі тірек дауысты дыбыстардың ролі, сөздегі буынның жігін білудің дауыс ырғағына, дұрыс оқуға қатысы. Тасымалдың буын жігінен жасалуы.



Үндестік заңы.

Бұл заң қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі екі түрге бөлінеді: дыбыс және буын үндестігі. Буын үндестігі бойынша сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны. Сөздерді дұрыс айту мен жазуда сингармонизм заңына сүйену. Буын үндестігі сөзбен қосымша арасында болатыны сөзге қосымша қосқанда осы заңға сүйенуге үйрету, диссимиляция заңдылығынан хабар беру, сөзді дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйретуде ассимиляция, диссимиляция заңдылығын негізге алу.



Екпін.

Қазақ тілінің екпінімен байланысты да орыс тілінен үлкен айырмасы бар, сондықтан екпін мәселесіне тоқталу қажет. Қазақ тілінде екпін сөздің соңына түсетінің, тұрақты екені айтылады, оның орфоэпияға қатысы ескертіледі..



Фонетикалық жаттығулар мен фонетикалық талдау.

Фонетика тарауын бекіту барысында талдау үлгілерін бекіту, әр түрлі деңгейлі жаттығулар орындату арқылы ой өрісін, есте сақтау қабылеттерін арттыру.



Қорытынды, нәтиже сабақ.

Фонетика саласы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау. Нәтиже сабағында ашық, бақылау, салыстырмалы тестілерді орындату. Ойындар өткізумен қатар қазақ тіліне қызығушылығын ояту және тілдік деңгейін көтеру.


Оқытушыларға ұсынылған әдістемелік қысқаша ескертпелер.
1.Тілде бір - бірімен байланыспай, жеке тұратын ешбір элемент жоқ . Тіл элементтері бір - бірімен тығыз байланысты. Мысалы, дыбыс сөзде, сөз сөйлемде, сөйлем де, ешбір тілдік элементті байланыссыз, жеке үйрету нәтижесі болмайды.

Оқу процесінде тыңдау, ауызша дұрыс айтуға, оқуға, жазу жаттықтыру жұмыстары бірге жүргізіледі. Сөйтіп, дыбыс жеке үйретілмейді, ол сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін құрамында үйретілсе, оның нәтижесі жақсы болуы сөзсіз.

2.Тілдің фонетикалық жүйесін үйретуде оқытушының қазақ тілінің өзіне ғана тән, орыс тілінде кездеспейтін дыбыстарға ерекше тоқталуы керек. Орыс тілінде де қазақ тілінде бар үндес, мәндес дыбыстар оқу процесінде үлкен қиындық келтірмейді. Ал, қазақ тілінің ә, ө, ү, ұ, ң, ғ, қ, і, һ дыбыстарының орфоэпиясын меңгерту оңайға түспейді. Сондықтан, оқытушы осы дыбыстарды меңгертуге оқу процесінің басынан бастап ерекше мән беру керек. Қазақ тілінің дыбыстық құрамындағы осы дыбыстардың әр қайсысының жасалуына, қатысатын мүшелер, олардың дыбысты жасаудағы қалпы суретке сүйене отырып, мұқият үйретілуі қажет.Мұнда осы дыбыстардың жеке айтылуынан бастап, сөз ішінде, басқа дыбыстармен тіркесте айтылуына әрбір оқушы арнайы жаттықтырылуы қажет. Мұндай жаттықтыру, оқушының дұрыс айтуын қадағалауы тек фонетика бөлімінде ғана емес, курстың аяғына дейін оқытушының назарынан тыс қалмау керек.

3.Сөзді дұрыс айтуға үйрету тек қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстарға ғана байланысты емес. Орфоэпия мәселесі одан әлде қайда кең. Әсіресе, сөз бен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бір - біріне әсерінен айтылуда, кейде жазылуда болатын өзгерістер сөздердің орфоэпиясын қиындатады. Сондықтан, түбір мен қосымшаның ара жігінде болатын дыбыстық өзгерістер жөнінде толығырақ айту қажет. Бұл үшін сөздің дұрыс айтылуын оқытушының айтуымен бірге, үнтаспаға немесе күйтабаққа жазылған материалды тыңдатып, оқушыларды соған ілесіп айтуға жаттықтырған нәтижелі болады.

4.Екпінге байланысты кездесетін қиындықтар оқушының өз тілінің заңдылығын қазақ тілімен қолданумен байланысты туады. Басқа ұлт өкілдері қазақ тілін оқығанда, екпінді сөздің басына , кейде сөздің ортасындағы буынға түсіруі де кездеседі. Сондықтан, қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін түсіндіруі өте қажет. Қазақ тілінде екпіннің сөздегі тұрақтылығы, оны меңгеруді жеңілдетеді, тек оқушы осы заңдылықты орфоэпияда сақтауға дағдыландыруы керек. Ал сөздің соңына түскенімен, екпінді қабылдамайтын жіктік жалғауы, болымсыздық етістіктің жұрнағы, сын есімнің - дай, - дей жұрнақтары сияқты қосымшаларды оқушы білуі керек. Сонымен, бірге қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей тым көтеріңкі айтылмайтынын ескерген дұрыс.

5.Ешбір тілдік материал ереже жаттау түрінде өтілмеуі тиіс. Барлық тілдік материал іс жүзінде сөйлеу, тіл үйрену процесі ретінде жүргізілуі тиіс. Жатталған ереже ұмытылады, оны іс жүзінде қолданғанда ғана есте жақсы сақталады, тілді жақсы үйретуге көмектеседі. Сондықтан, барлық сабақ тілдік материалды оқушының қолдануына, тәжіребе жүзінде меңгеруіне лайықтап құрылуы қажет.

6.Басқа ұлт өкілдеріне сабақ беретін және қазақ тілі үйірмелерінде сабақ беретін оқытушылар тіл үйренушілерді қызықтыруына әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Ол үшін бір сабақ екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені дұрыс, бұл әрине, оқытушының шеберлігіне байланысты.
7.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруге қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материалдар күні бұрын анықталып, онда қолданатын әдістемелік тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы қандай материалды қалай үйрететінін әбден анықтап, келуге тиіс.

8.Оқытушы жаңа материалды тіл үйренушілердің бұрын алған біліміне сүйене отырып үйретуі керек. Мұндай жағдайда бұрын алған білімі қайталанып отырылады, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік туады. Ал бұның екеуі де тіл үйренудің сапасын арттырады.

9. Көрнекілік құралдар сабақтың ұтымдылығын арттыратыны, материалды жақсы түсіндіруге қажет екені белгілі .

10. Сабақта техникалық құралдарды қолдану қазір өте кең тараған. Оның маңызы өте зор. Сонымен бірге интерактивтік әдістерді пайдалану және озат тәжіребені зерттеу, жинақтау және оқу процесіне енгізу. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу.



Сабақ үлгілері.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы түсінік беру, бұрынғы алған білімдерін пысықтай отырып, жаңа мәлімет беру.

Дамутышылық: Сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін арттыру, қоршаған ортамен байланыстыра отырып, тілдік құрамын дамыту.

Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: дәріс, түсіндіру, пысықтау.

Көрнекілік құралдар: кестелер, сызба.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ. Әрбір сөздің екі жағы болады: біріншісі мағыналық жағы, екіншісі дыбыстық жағы. Мәселен, мына төмендегі кестеге көңіл аударайық:


Сөздер

Сөздің сыртқы жағы, \қабығы\

Дыбыс саны

Сөздің ішкі мазмұны \мағынасы\

ру

Ру айтылуы у\ ру

2

Адамның туыстық қатынасының жігі

қуат

Қуат \ айтылуы

қ \ у \ а \ т



4

Күш, жігер, әл

қамал

қ\а\м\а\л

5

Қорған, бекініс

Осы таблица бойынша сөз дыбыс мағынадан тұрады деп қорытынды шығаруға болады. Фонетика - тіл дыбыстары туралы ұғым, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы да табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Әрбір затты темірді темірге, ағашты ағашқа, тасты тасқа немесе бұлардың әрқайсысы өзара бір - біріне соғудан әркелкі дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстарды өкпеден шыққан ауаның дыбыстау мүшелеріне қақтығысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады.

Фонетика дыбыс атаулының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстарын ғана зерттейді.

Мәтінмен жұмыс: Мектеп.

Деңгейлік тапсырмалар:


  • Білім ордасы туралы мақал – мәтелдер;

  • мәтінді оқу, аудару;




  • бірінші сөйлемнен қазақ тіліне тән дыбыстарды теріп жазу;

  • сипаттама беру.

Бекіту: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясиясы арқылы бекіту:

-

+

!

?

түсінбеді

бұрыннан білген

жаңалық ашты

сұрақтары бар


Сабақтың тақырыбы: Алфавит. Дыбыс пен әріп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған білімдерін пысықтай отырып, оларды қайталау.

Дамытушылық: Дыбыс пен әріп туралы ұғымдарын әріқарай дамыту, тілдік қорын молайту.

Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу, еңбектенуге сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: әліппе кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тілдік жаттығу. Мамандықтар бойынша ауызша сұрақ жауап әдісі арқылы меңгергенін қадағалау.

Жаңа сабақ:

Ы с


Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы табу. Д ом бы ра

р

пен Ә л і п пе. \ Сабақтың тақырыбы шешілді «Дыбыс пен әріп»\

Алфавитте тізілген,

Қырық екі әріп бар.

Алфавитті құрайтын

әріп деген таңба бар.
Дыбысты айтуға, құлақпен естуге болады, әр әріпті көруге, жазуға болады. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз.

Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Әріптердің баспаша және жазбаша нұсқалары, олардың жазбаша да баспаша да нұсқаларының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Әріптің рет - ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Қазақ тілінде қырық екі әріп бар. Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмірі үшін, еңбек процесін жеңілдету үшін практикалық мәні зор. Дыбыс сөздің ең кіші бөлігі. Тілдік дыбыстық жүйесінің өздеріне тән, орнықты, дербес заңдары болады. Сөздерді айтып қана қоймаймыз. Дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Ол үшін бұл сөздерді жеткізудің әртүрлі әдіс жолдары бар. Радио, телеграф, телефон, теледидар болмаған жолдарда қолданылатын әдіс жазу таңба.



Жаттығу жұмыстары:

Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп, көшіріңдер. Алфавит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыс мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер:

Қала, ұршық, тарақ, қайшы, жіп, тігінші, шолақ, фонетика, альбом, әдіскер, бұрағыш, велвет, ғажап, дәріс, шалбар, жейде, жібек, мақта, насос, құрал, сиса, хат, шеңбер, ілгіш, әмбебап.



Қорыту:

Қазақ тілінде неше әріп бар?

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

Алфавит тізімін жатқа айтып беру.


Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстарды терең меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.



Жаңа сабақ:

Сурет пайдалану арқылы дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметіне көңіл аудару. Сонымен, айтқанда дауыс шымылдығынан кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде тоғыз жалаң \моновтонг\ дауысты а,ә, е,о,ө, ұ, ү, ы, і, және екі дифтонг у, и дауысты дыбысы бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары он бір. Орыс тілінен енген э, е, ю, я дыбыстарын қосқанда, не бары он бес дауысты болады.



Дауысты дыбыстардың жіктелуі.


Еріннің қызметіне қарай

Иектің \жақтың\ қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

Еріндік дауыстылар

о,ө, у, ү,ұ

Езулік дауыстылар

а,ә,е,і,ы,эғ\и\

Ашық дауыстылар

а,ә,е,о

Қысаң дауыстылар

ы,і,ұ,ү,и

Жуан дауыстылар

а,о,ы,ұ, \и,у\

Жіңішке дауыстылар

ә,і,е,ө,ү, \у,и\

Мақал -мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту жұмыстары:

Өнерлі өрге жүзеді.

Шебердің қолы көпке ортақ.


Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкені жоқ болса, кішіден сұра.


Жақсы қыз жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт көктегі жұлдыз.


Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.
Ердің атын еңбек шығарады.
Тапсырма: Дауысты дыбыстарға дыбыстық талдау жасаңыз.

Қорытынды:

Сызба бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуін түсіндір.



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауыссыз дыбыстарды терең меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Патриоттық сезімдерін ояту , сабақтың белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дауыссыз дыбыстар кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Айтылым арқылы дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру, мақал мәтелдерді еске түсіру арқылы ойлау қабілеттерін молайту.



Жаңа сабақ:

Ауа кедергіленіп шығатын дыбыстары дауыссыз дыбыстар дейміз. Қазіргі қазақ тілінде жиырма бес дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,\у\,һ,ф,х,ц,ч,ш,щ. Сонымен бірге в,ф,ч,ц қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен енген дауыссыздар.



Дауыссыздардың жіктелуі:

Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға үн мен салдыр бірдей емес.





Мәтінмен жұмыс:
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16-шы желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн Қазақстан тарихына « Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды.

Сондықтан да 16-шы желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Бұл республиканының барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.



Деңгейлік тапсырмалар:

  • дауысты дыбыстарды бір сызықпен, дауыссыз дыбыстарды екі сызықпен сызыңдар.

  • жолдасына немесе туысқандарына Тәуелсіздік күніне құттықтау жолда.

Сабақтың қорытындысы:

Тұңғыш, болашақ, Қазақстан, қаһарманберілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды теріп жазып, сипаттама беру.



Сабақтың тақырыбы: Буын, тасымал.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Буын мен тасымалды меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Буынның түрлерін терең оқыту.



Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабаққа деген ынтасын ояту, белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тілдік материал: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Топпен жаттығу орындату.

Жаңа сабақ:

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі олардың буын құрайтындығы болып табылады. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша


буын болады. Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады: бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын, ә\ке, ат, ер; екі дыбысты буын ба\ла, үш дыбысты буын көз, ұлт; төрт дыбысты буын қант, жұрт.

Буын түрлері.



Тасымал

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз. Демек, сөздерді буын жігімен тасымалдау керек. Кейбір тасымалдауға болмайтын жағдайлар болады.


Өздік жұмыс:

Зергерлік өнер.

Өткен заманда қазақтың қолөнерінің дамыған түрі зергерлік өнер. Бұл өнердің түрі ұлттық мәдениет тарихында өзгеше орын алды. Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс тағы басқа металдар өңдіріледі. Зергерлік бұйымдардың түрлері: әйелдерге, қыздарға арналған шолпы; білезік, сырға, қапсырма, алқа, шаңырақты, есікті зерлеу, ағаш және былғары ыдыс аяқтың, музыка аспаптарының әшекейлері. Осы зергерлік бұйымдардың көптеген түрлері Мемлекеттік өнер мұражайында бар.

Тапсырма: Мәтінді оқу, аудару. Зергерлік бұйымдар атауларын мәтіннен теріп жазу және буынға бөлу, буын түрін ажырату.
Есік қорғанынан табылған « Алтын адамның» киімдері салтанатты, өте бай, алтыннан тігілген. Берілген сөйлемдегі сөздерді тасымалдап жазу.
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үндестік заңымен таныстыру , тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа тақырып:

Қазақ тілінің байырғы сөздеріндегі дыбыстар сөз ішінде, сөзбен қосымша, сөз бен сөз арасында бір - бірімен үйлесіп, ыңғайласып айтылады.Бұл заң қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі екі түрге бөлінеді: дыбыс және буын үндестігі. Буын үндестігі бойынша сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны. Сөздерді дұрыс айту мен жазуда сингармонизм заңына сүйену. Буын үндестігі сөзбен қосымша арасында болатыны сөзге қосымша қосқанда осы заңға сүйенуге үйрету, диссимиляция заңдылығынан хабар беру, сөзді дұрыс айтуға, дұрыс жазуға үйретуде ассимиляция, диссимиляция заңдылығын негізге алу қажет.



Үндестік заңы

Буын үндестігі

а\ жуан ; жуан ; ә\ Жіңішке ; жіңішке; жіңішке

Оқу \ шы\ лар етік \ ші \ лер

Дыбыс үндестігі

а\ қатаң: б,в,г,д,; қатаң бас\тық

ә\ Ұяң: \б,в,г әріптерінен басқа\ ұяң, үнді ауыл\ ға

б\ ...қ - ғ тарақ \ тарағы; ...п - б кітап \ кітабы

Тапсырма:

Фонетикалық талдау: 1- мамандық, 2 - заңгер. 3- тігінші.


«Шеберхана» тақырыбына байланысты диалог құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Екпін.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Екпін тақырыбын меңгерту, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең оқыту.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Патриоттық сезімдерін ояту , сабақтың белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: дауыссыз дыбыстар кестесі, дыбысстардың таңбасы, үлістірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.

Тілдік материал: Сөздік диктант арқылы буын және дыбыс үндестігін бекіту.

Жаңа сабақ:

Екпін сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. Қазақ тілінде сөз екпіні негізінен соңғы буынға түседі. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.


Екпін түрлері.

Ой екпіні

Тіркес екпіні

Дыбыс екпіні

Сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөліктеп айту.

Бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле бір тұтас екпінмен бөлектене айтылуы.

Сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созылып айтылуы.

«Анаға сәлем» атты өлеңімен жұмыс ұйымдастыру.

Мереке күнімен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын толғанам.

Қабыл ал балаңның,

Сәлемін жолдаған.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Оқубарысында екпіннің дұрыс қойылуын қадағалау.

Әуен арқылы әнді шырқау.

Сабақтың тақырыбы: Фонетикалық жаттығулар мен талдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша талдау үлгілерін пайдаланып, жаттығулар орындау.

Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: практика сабағы

Көрнекілік: кесте, сызба, үлестірмелі материал.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңін дәстүрлі түрде өткізу.

Жаңа сабақ:

Практикалық бөлім :

Фонетика тарауын бекіту барысында талдау үлгілерін бекіту, әртүрлі деңгейлі жаттығулар орындату арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Берілген үлгілер бойынша мақал сөзді оқы, екпінді дұрыс қой, сөздерді буынға бөліп, тасымалдау үлгісін көрсет және фонетикалық талдау жаса.


Талабы жоқ жас ұлың,

Жалыны жоқ шоқпен тең.

Жаманға айтқан ақылын,

Далаға айтқан оқпен тең.


Фонетика. (1 нұсқа)
1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?

А) 36 В) 35 С) 37 Д) 38 Е) 42

2. Сөздің ең кішкене бөлшегі қалай аталады?

А) сөз В) буын С) дыбыс Д) әліпби Е) дифтонг

3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз?

А) қаршыға В) кұмырсқа С) қарға Д) қасқыр Е) қарағай

4. Ілгерінді ықпалды табыңыз?

А) басшы В)шекара С) бұрыңғы Д) саудагер Е) көзқарас

5. Буын үндестігі деген не?

А) дауыссыздар үндестігі В) тоғыспалы ықпал С) дауыстылар үндестігі

Д) ілгерінді ықпал Е) кейінді ықпал

6. Жіңішке буынды сөзді табыңыз

А) әлдеқашан В) жолдас С) ғарышкер Д) әріптес Е) әрқалай

7. Буын тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?

А) Фонетика В) Лексика С) Морфология Д) Синтаксис Е)Пунктуация

8. Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді?

А) еріннің В) жақтың С) үннің Д) салдырдың Е) тілдің

9. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

А) ұлт В) дауа С) қайық Д) елім Е) оқу

10. Кейінді ықпалды табыңыз.

А) ешкі В) жұмысшы С) өнерпаз Д) бір күні Е) баспасөз

11. Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 6 Е) 5

12. Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?

А) соңғы буынға В) ортаңғы буынға С) бірінші буынға Д) тұрақты емес Е) түспейді

13. Бітеу буынды табыңыз.

А) ал В) төрт С) ата Д) бала Е) алға

14. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.

А) жабу, кебу В) туу, жуу С) дауыс, қауын Д) бу,қу Е) жазушы, шешуші

15. Жуан-жіңішкелі дауыстылардан болған аралас буынды сөзді табыңыз.

А) анда-санда В) Талдықорған С) ҚазМҰҰ Д) келешек Е) әнұран

16. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

А) 26 В)25 С) 9 Д)15 Е) 12

17. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) ң, п В) Һ, ң С) ғ, ш Д) ч, щ Е) в, з

18.Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітетін буын түрін көрсетіңіз.

А) ашық буын В) тұйық буын С) буын үндестігі Д) аралас буын Е) бітеу буын

19. Буынға дүрыс бөлінген сөзді табыңыз.

А) зау-ық-сыз В) и-на-бат С) әз-іл-кеш Д) ес-еп-теу-іш Е) қаж-ыр-лы-лық

20. Буынның неше түрі бар?

А) 1 В) 4 С) 3 Д) 2 Е) 5

21.Қай буын бір дыбыстан тұрады?

А) тұйық В) бітеу С) ашық Д) аралас Е) ешқайсысы

22. Ашық- тұйық- бітеу буынды сөді табыңыз?

А) қатысқан В) мұрагер С) туысқан Д) жиналыс Е) қиылыс

23. Дауысты дыбыстар ерін қатысына қарай .... болып бөлінеді№

А) жіңішке, жуан В) ашық, қысаң С) еріндік, ашык Д) езулік, жуан Е) езулік, еріндік

24. Дифтонг дыбыстарды көрсетіңіз?

А) я, ю, ё В) ү, ұ, у С) ы, и, і Д) а, о, ы Е) ь, ъ,й

25. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз?

А)- мен,-бен,-пен В) –лар,-дар,-тар С) -қа, -ке, те Д) -мын, -бін, -пін Е) -дың,- дің, -тің


Фонетика (2 нұсқа)
1. Фонетика нені зерттейді?

а) әріп


ә) сөйлем

б) дыбыс

в) сөз

2. Негізі жуан сөздерді көрсет:

а) аула, ағаш

ә) кереует, пәтер

б) өзіміз, бөлме

в) гүл, терезе

3. Қазақ тіліне тән дыбысы бар сөзді көрсет:

а) тұрамын

ә) жазды

б) алды


в) мектеп

4. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата:

а) к, қ, с

ә) р, д, ғ

б) м, ң, л

в) б, в, г

5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет:

а) қ, ғ, ң, ө

ә) а, б, в, г

б) ж, т, с, х

в) р, л, м, н

6. Ө қандай дыбыс?

а) жуан дауысты дыбыс

ә) жіңішке дауысты дыбыс

б) ұяң дауыссыз дыбыс

в) қатаң дауыссыз дыбыс

7. Бірыңғай жіңішке дауыстылы сөзді көрсет:

а) бүгін

ә) қонақ

б) ұнады

в) сабақ

8. Қазақ тіліне ғана тән неше дыбыс бар?

а) 5


ә) 7

б) 3


в) 9

9. Бірыңғай жуан дауыстылы сөзді ата

а) келді

ә) пісті

б) егін


в) ыстық


10. –нан, -нен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылады?

а) а, у, ы

ә) р, л, й

б) м, н, ң

в) і, к, қ

11. Нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты тап

Сөз: б...лме

а) ә

ә) о


б) ө

в) ү


12. Мына сөзге қай жалғау дұрыс сәйкеседі?

парасат...



а) –нан

ә) –тен


б) –тан

в) –ден


13. Қазақ тілінде неше әріп бар?

а) 37


ә) 25

б) 42


в) 30

14. Жуан дауыстылы жалғауларды көрсет

а) –ым, -ың

ә) –ден, -тен

б) -дің, -тің

в) –дер, -лер

15. І дауысты дыбысы бар сөздерді көрсет

а) қыс, қар, ауыл

ә) ілгіш, өрік, егін

б) аула, жылқы, қора

в) сабақ, лақ, шаш

16. Негізі жіңішке сөздерді көрсет

а) астана, Отан, мейрам

ә) жыл, бақша, бақ

б) көше, егін, пісті

в) қармақ, бор, тақта

17. Бұлбұл деген сөзге сәйкес келетін жалғау:

а) –тар


ә) –тер

б) –лер


в) –дар
18. –тау қай сын есімге дұрыс келеді?

а) төмен

ә) алыс

б) жақын

в) тапал

19. Дауыстылар неше топқа бөлінеді

а) 5


ә) 2

б) 3


в) 4

20. Сөзде неше буын бар, белгіле

Сөз: мыс



а) екі

ә) бір


б) төрт

в) үш


21. –тан, -тен жалғаулары қай дыбыстардан соң жазылады?

а) а, і, ы, у

ә) б, в, г, д

б) р, л, й, ю

в) м, н, ң, л

22. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?

а) лексика

ә) морфология

б) синтаксис

в) фонетика

23. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді тап

а) көмір, кеме, көңіл көтереді

ә) мұнай, алтын, мыс

б) өлке, қарағай

в) жол, ағаш

24. –те жалғауын қай сөзге жазуға болады?

а) сынып

ә) аула

б) сурет

в) бөлме

25. Дауыссыздар саны:

а) 10


ә) 25

б) 7


в) 26

26. Мына сөзде неше буын бар, белгіле

Сөз: өшіргіш

а) төрт

ә) бір


б) үш

в) екі


27. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді?

а) 3


ә) 2

б) 5


в) 1

28. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді тап

а) жастық

ә) құрылыс

б) тәрбие

в) мысық

29. Сөзге сәйкес жалғауды көрсет

Сөз: жер...

а) –дан

ә) –ден


б) –нен

в) –нан


30. Дауысты дыбыс нешеу?

а) 20


ә) 15

б) 7


в) 11

Фонетика (3 нұсқа)

1. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді көрсет:

а) ғалым

ә) аманат

б) жалау

в) азамат

2. Оқымыстылар сөзінде неше буын бар?

а) жеті


ә) бес

б) төрт


в) екі

3. “Тобы” деген сөз дыбыс үндестігінің қай түріне жатады?

а) ілгерінді ықпал

ә) тоғыспалы ықпал

б) кейінді ықпал

в) алдыңғы ықпал

4. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсет

а) ғар-ышкер

ә) мұғ-әлім

б) ұс-таз

в) бө-лме

5. Негізі жіңішке сөз:

а) шара


ә) көрініс

б) тамаша

в) мазмұндама

6. Бес буыны бар сөз:

а) аулаймыз

ә) шомыламыз

б) демаламыз

в) көмектесеміз

7. Нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты көрсет

Сөз: б...зау



а) ұ

ә) ү


б) ә

в) ө


8. Жуан дауыстылы жалғауларды белгіле

а) –ға, -қа

ә) –лер, -тер

б) –ден, -тен

в) –ге, -ке

9. Мектеп деген сөзге иелік форманың қай жұрнағы дұрыс келеді, белгіле

а) –дікі

ә) –тікі

б) –нікі

в) –ыншы
10. Ң – бұл қандай дыбыс?

а) үнді дауыссыз дыбыс

ә) қатаң дауыссыз дыбыс

б) жуан дауысты дыбыс

в) жіңішке дауысты дыбыс
11. Жуан дауысты дыбыстар бар сөздер:

а) өзгеше

ә) құрамы

б) ерекше

в) мөлдір

12. Нүктелердің орнына керекті дыбысты қой:

к...мір

а) ұ

ә) ө


б) а

в) о


13. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөз:

а) маңыз

ә) сай

б) жаман



в) асыл

14. Сөзде неше буын бар, көрсет

Сөз: мемлекетіміздің

а) бес

ә) жеті


б) төрт

в) алты


15. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбысты сөздерді көрсет

а) еңбек етті

ә) құрамы

б) қосты

в) осылайша

16. Жіңішке дауыстылы жалғауларды белгіле

а) –тар, -дар

ә) –қа, -ға

б) –да, -та

в) –лер, -дер

17. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді белгіле.

а) жем, су, малшы

ә) аудан, таза, жасайды

б) ет, адам, мал

в) жұмыртқа, құс, жағдай

18. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсет

а) з, ж, г

ә) к, л, м

б) д, т, с

в) н, ң, ғ

19. Негізі жуан сөзді ата

а) үстел

ә) сабақ

б) кезекші

в) еден

20. “Звук” қазақша қалай айтылады?

а) үн


ә) дыбыс

б) әріп


в) буын
21. –дау, -деу жұрнақтары қай сөздерге сәйкес келеді?

а) сары, ескі

ә) алыс, қараша

б) ұзын, жеңіл

в) ұсақ, ірі

22. Қазақ тіліне тән дыбысты сөз:

а) толы


ә) теңсіздік

б) пана


в) пайда

23. Тасымалдауға келиейтін сөз:

а) аспан

ә) ғарыш

б) күндіз

в) мұрт

24. Негізі жіңішке сөз:

а) бұғана

ә) желбіретті

б) пана


в) құл

25. Ашық буынды сөз:

а) өрт


б) күш

б) жаңбыр

в) қараша

26. Қазақ тіліне тән дыбыстары:

а) қ, ң, ғ

ә) д, н, м

б) р, в, л

в) ф, х, ш

27. Екі буынды сөз:

а) жазушы

ә) баспадан

б) ақын


в) шығарма

28. Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөз:

а) сезім

ә) келісім

б) қуыстанып

в) дегбірсізденіп

29. Ұяңнан басталып, үнді дыбыспен аяқталған сөз:

а) жаттығу

ә) қарт

б) ғалым

в) достық

30. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер:

а) мұрын, өкпе, ерін

ә) бауыр, бас, шаш

б) бала, ана

в) ауыз, адам, пайда




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет