Сабақ үлгілері (Әдістемелік нұсқаулық) Тараз. 2013. 108 б



бет1/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,6 Mb.
#4928
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
УДК

ББК

М

Махадиева Б.О., Иманалиева Г.А. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде «Бейнелеу өнерінен» ұйымдастырылған сабақ үлгілері (Әдістемелік нұсқаулық) – Тараз. 2013. – 108 б.

ISBN 9965-37-056-7
Пікір берушілер:
Ыбыраимжанов Қ.Т. – педагогика ғылымдарының докторы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Кушеров Н.М. - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі білім мекемелерінде «Бейнелеу өнерінен» ұйымдастырылған сабақ үлгілері берілген.

Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі тәрбие саласында қызмет ететін педагогтарға, магистранттарға, әдіскерлерге, балабақша тәрбиешілеріне арналған.



УДК

ББК

М
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (24.10. 2013ж. №10 хаттама).
ISBN 9965-37-056-7

Түсінік хат
Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы» Заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі болып табылады. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан, балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады. «Бейнелеу өнері» ұйымдастырылған сабағы мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды өнер әлеміне баулуға, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамытуға, жан құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын жетілдіруге, эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға үйретеді. Балаларда бейнелеу өнерінің мазмұнын, сурет салудың түрлерін, бейнелейтін бейнелерін түсіндіруде әдістемелік нұсқаулықтың маңызы зор.

Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі білім мекемелерінде «Бейнелеу өнерінен» ұйымдастырылған сабақ үлгілері, балабақшадағы дәстүрден тыс сурет салу техникалары, жылдық жоспар, педагогтерге арналған қосымша әдебиеттер тізімі берілген.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі тәрбие саласында қызмет ететін педагогтарға, магистранттарға, әдіскерлерге, балабақша тәрбиешілеріне арналған.

Әдістемелік нұсқаулықты тиімді пайдалану мақсатында келесі шартты белгілер ұсынылады






Жаңа сабақ



Қажетті заттар



Сергіту сәті



Сурет салу техникасын түсіндіру



Балалардың жұмысын талдау




Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Бояумен бізге күз келді»

Мақсаты:


  • бояулармен (гуашь, акварель), оларға тән қасиеттермен таныстыру;

  • негізгі және құрамдас түстер, түстік оралым мен кемпірқосақ түсінігін беру қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояутақтаны дұрыс пайдалану дағдысына баулу, сурет салуға құштарлықтарын арттыру.

Билингвалдық компоненті:

бояу-краска, қылқалам-кисточка, гуашь-гуашь

Қажетті заттар:

ақ қағаз, жіңішке қылқалам, акварель бояуы, бояу-тақта, су құятын құты, орамал, акварель және гуашьпен салынған суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару.


Сабақ барысы
Тәрбиеші: – Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Балалар амандасып, шаттық шеңберіне тұрып «Амандасу рәсімін» айтады:



Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқарайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң достарым!
Балаларға сабаққа Суретші Құтының келгенін айту. Балалар Құтыны қарсы алады амандасады. Құтының әңгімесін мұқият тындайды.Суретші Құтының әңгімесін әңгімелеп беру. Балаларды бояулармен таныстыру. Гуашь пен акварель бояулар туралы айту.Гуашь қорап үйлерде тұрады. Гуашьтың пәтері банкілер және олардың қақпақ есіктері бар. Барлық қақпақтарды ашайық.
Тәрбиеші: - Олар қандай?

Акварель бояулар бір-бірімен қатарда көрші тұрады. Олар суда ериді. Суды қатты ұнатады.



Тәрбиеші:-Балалар сендер қанша түс білесіңдер?

Балалар: - Қызыл, сары, көк т.б.

Тәрбиеші: -Иә, олар негізгі түстер. Олар бір-бірімен араласа алады. Олар бояутақтада кездеседі. (Бояулардың араласқанын көрсету: қызыл+сары- қызғылт сары, қызыл+көк- сия көк.)

Балаларға жылы және суық түстер жайлы айтып кету.

Балалардың сурет салу барысында қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіремін:


  1. Қылқаламды суда қалдыруға болмайды.

  2. Сурет салып болған соң, қылқаламды жуып,тазалап қою керек.

  3. Қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғары қаратып орналастыру керек

Сергіту сәті

Балалар сергіту сәтін жасайды. Балалар жұмысқа кірісер алдында саусақ жаттығуын жасайды:


Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.
Балалар жұмысқа кіріседі.

Балаларға Құтының қызықты нәрселерді айтып бергенін және бейнелеу материалдарын қолдана отырып өз беттерінше сурет салуларын айту.

Жұмыс барысында түстік шеңберді қолдана отырып, бояутақтада бояуларды қалай дұрыс араластыру керектігін балалардың есіне салу.

Балалардың жұмыстарын талдау.Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – қылқалам мен қарындаштың маңызымен,сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдармен танысады;

Түсінеді: – сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығын тудыру;

Қолданады:-қалқаламды дұрыс ұстап, бояутақтаны пайдалана біледі, қылқаламды бояуға батырып,қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін пайдаланады.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Күзгі кемпірқосақ»

Мақсаты:


  • негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру;

  • еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығарма-шылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.

Билингвалдық компоненті:

кемпірқосақ- радуга

Қажетті заттар:

ақ қағаз, жіңішке қылқалам, акварель бояуы, палитра, су құятын құты, орамал.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару «Амандасу рәсімін» айту:



Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң достарым!
Сабақ барысы
Балаларға қонаққа «Бояушылар» елінен қылқалам келгенін айту.

Тәрбиеші: - Балалар, бізге қонаққа қылқалам келді. Ол өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін үлкен түрлі-түсті көпірден өтуге тура келетітін айту. Сол түрлі-түсті көпірді өздері салу керек екендігі және кемпірқосақтың түстерін естеріне түсіру керектігін айту.

Балалар қылқаламмен амандасады. Онымен қонаққа баратынын айтады.

Балаларға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне араластыру арқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. Бояутақтада бояуларды араластырып көрсету.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Шаттық шеңбер құрамыз.

Оңға-солға иіліп,

Орнымызды табамыз.

Аспандағы нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін пайда болады. Алдарыңдағы қағазды аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеп кемпірқосақтың суретін салып көрсету.



  1. Қағазды жалпақ қылқаламмен сулап, жуып алу.

  2. Қағазға су сіңіп болған соңсурет салуды бастау.

  3. Кемпірқосақ салғанда жоғарыдан бастап және қызыл түстен бастайтынымызды айту.

Балалар жұмысқа кіріспес бұрын саусақ жаттығуын жасайды:

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.
Балалардың өзіндік жұмысы. Балалар өздері ақ қағаздарына үлгі бойынша сала бастайды. Қылқаламмен дұрыс бояуға тырысады. Балалардың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру.
Балалардың жұмыстарын талдау.

Әдемі салынған суреттерді мадақтау. Суреттерін талдау барысында өлең оқу:

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпірқосақ ашылды.
Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – негізгі түстерді араластыра отырып, қосымша түстерді алу дағдысы қалыптасады;

Түсінеді: – шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамыту;

Қолданады:- кемпірқосақ салады, бояумен дұрыс бояйды.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Күзгі ең жарқын көбелектер»

Мақсаты:


  • қалқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту;

  • бояуды таңдауға, бірнеше түстерді қосу арқылы қажетті түс шығарып алуға үйрету;

  • «кляксография» тәсілімен таныстыру.

Билингвалдық компоненті:

көбелек-бабочка

  • Қажетті

заттар:

ақ қағаз, көбелектің суреттері, қарындаштар, палитра, бояу, қылқалам, су құятын құты.

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құрып, «Амандасу рәсімін» айту:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң достарым!
Сабақ барысы
Балаларға А.Сарсековтың «Көбелек» өлеңін оқу:

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық, көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.

Тұтқиылдан састыра,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла ғой, көбелек.

Балаларға көбелектердің суреттерін көрсету. Олардың қандай болатыны жайлы балалардан сұрау.

Тәрбиеші: – Көбелектер қандай болады?

Балалар: – Әр түрлі.

Тәрбиеші: – Көбелектер не жақсы көреді?

Балалар: – Гүлдерді.

Балалар көбелектер туралы әңгімелейді.

Сергіту сәті.

Көбелек-ау, көбелек,

Біздің гүлге қона кет.

(Балалармен бірге көбелектің ұшу қимылын жасу)

Балаларға жұмысты орындалу ретімен көрсете отырып таныстыру.

1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.

2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояу түсін пайдаланған соң, қылқаламның ұшын тазалап жуып отырамыз.

3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз де рны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1-5 дейін санаймыз.

4. Көбелектің қанатын ашамыз.

Жұмысты балалармен бірге орындаймыз.

Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі шыққан көбелектерді мадақтау.

Жаңартады: – «кляксография» тәсілімен танысады;

Түсінеді: – шығармашылық қабілеттерін дамыту,ой-қиялын, байқа-ғыштығын, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру;

Қолданады:- қылқаламмен дұрыс жұмыс істейді, палитраны пайдаланып, негізгі түстерді араластыра отырып, қосымша түстер алады.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Сиқырлы дөңгелек»

Мақсаты:


  • дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету;

  • шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру;

  • шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Билингвалдық компоненті:

дөңгелек-круг, сиқырлы-волшебный

Қажетті заттар:

ақ қағаз, қарындаштар, дөңгелек заттардың суреті бейнеленген көрнекіліктер.

Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құрып, «Амандасу рәсімін» айту:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқарайды қаламаз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң достарым!

Сабақ барысы

Балаларға көрнекіліктер бойынша өздері көрген суреттердің ұқсастық-тарын сұрау.

Тәрбиеші: – Олардың пішіндері қандай?

Балалар: – Дөңгелек.

Тәрбиеші: – Дөңгелек қандай?

Балалар: – Дөңгелектің бұрыштары болмайды. Оны дөңгелетуге болады.

Балаларға дөңгелек заттарды атауды ұсыну.

Балалармен «Суретті аяқта» дидактикалық ойынын ойнау. Дөңгелек сызылады, ал балалар оның қосымша бөліктерін салады, яғни дөңгелек бір бейнеге ұқсату керек.

Балаларға қағаздарына дөңгелек заттарды салуды ұсыну.

Балалар жұмысқа кірісер алдында саусақ жаттығуын жасайды:

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар өздері қағаздарына дөңгелек зат салып бояйды.
Балалардың жұмысын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.
Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – дөңгелек пішінді заттарды салып үйренеді;

Түсінеді: – шығармашылық қабілеттерін дамыту,ой-қиялын, байқа-ғыштығын, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру;

Қолданады: – әр түрлі дөңгелек пішінді заттарды салады.



Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Тірі ұшбұрыш»

Мақсаты:


  • ұшбұрышты заттардың суретін сала білуге үйрету;

  • шығармашылық ой-қиялын дамыту, сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

  • шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіш-тікке тәрбиелеу.

Билингвалдық компоненті:

ұшбұрыш- трехугольник

Қажетті заттар:

ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, үшбұрышты заттардың суреті бейнеленген көрнекіліктер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару «Амандасу рәсімін» айту:



Амансың ба, Алтын -Күн,

Амансың ба,Жер – Ана

Амансың ба достарым,

Седерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға көрнекіліктерді көрсете отырып ұқсастықтарын атап өтуді сұрану. Балалармен бірге заттардың ұқсастықтарын анықтау.

Балаларға өздері отырған жердегі ұшбұрышқа ұқсас заттарды тауып атауды ұсыну.

Балалар өздері көріп тұрған ұшбұрышты заттардың атын атайды, олардың ұқсастықтарын айтады.

Тәрбиеші: - Олардың қандай ұқсастықтары бар?

Балалар: – 3 бұрышы бар, 3 төбесі бар, 3 қабырғасы бар т.б.

Балалармен «Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойынын ойнау.

Ұшбұрыш сызылады, ал балалар оның жеке бөліктерін толықтырып аяқтап, белгілі бір заттың бейнесіне ұқсату керек.

Балаларға ұшбұрышты заттардың суретін салуды ұсыну.

Балалар жұмысқа кірісерде саусақ жаттығуын жасайды:

Бас бармағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Балалар өздері қағаздарына ұшбұрышты зат салып бояйды.



Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі салынған суреттерді мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңартады: – ұшбұрышты заттарды салып үйренеді;

Түсінеді: – шығармашылық ой-қабілеттерін дамыту,сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

Қолданады: – әр түрлі ұшбұрышты пішінді заттарды салады.


Білім беру аймағы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Сурет

Тақырыбы:

«Күшті болу үшін шынығу керек»

Мақсаты:


  • балаларды «суық» және «жылы» түстермен таныстыру;

  • түстердің реңктерін сезінуді дамыту;

  • әр бір түстің өзіндік сипаты, ерекшелігі және көңіл-күйге де байланысты пайдаланатынын түсіндіру.

Билингвалдық компоненті:

суық-холодно, жылы-тепло

Қажетті заттар:

ақ қағаз, акварель бояуы, боятаутақта, су сүлгі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет