Түсінеді: – шығармашылық және эстетикалық сезімдері дамиды;
Қолданады: – хризантема гүлін салады, қылқаламмен симметрия салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуді меңгереді.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Көрінбейтін суреттер»
|
Билингвалдық компоненті:
|
балауыз шам- свечи, көрінбейтін-невидимые
|
Мақсаты:
|
сурет салудың фото-көшірме техникасымен таныстыру;
сурет салуға қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту.
|
Қажетті
заттар:
|
балауыз шам, ақ қағаз, бояу, қылқалам, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: – Балалар, «фокус» көргілері келеді ме?
Балалар: – Иә.
Балаларға алдын-ала қағазға балауыз шаммен салынған бейненің үстінен бояумен бояу, сол кезде бейнелер анық астынан көріне бастайды. (көбелектің, гүлдің саңырауқұлақ, т.б.)
Балалар таң қалады.
Балаларға бұлар балауыз шамның көмегімен салынғанын айтып түсіндіру.
Тәрбиеші: – балалар, сиқыр сендерге ұнады ма?
Балалар: – Тамаша, ұнады.
Балаларға үлгі ретінде басқа да бейнелер салып көрсету, содан соң бояу.
Сергіту сәті.
Балалар бойларын сергітеді.
Балаларға балауыз шам бөліктерін таратып беру. Балалар қалаған суреттерін салады. Оларды бояйды.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалар жұмыстарын талдау. Балалар балауыз шаммен салған ұнағандықтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – «фото-көшірме» техникасын меңгеру;
Түсінеді: – сурет салуға қызығушылығы, ой-қиялы дамиды;
Қолданады: – балауыз шаммен әр түлі бейнелер салады, оларды бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Көктем келді»
|
Билингвалдық компоненті:
|
көктем-весна, келді- пришла, жыл мезгілдері- времена года
|
Мақсаты:
|
балаларды көктем көрінісінің суретін сала білуге үйрету, көктем табиғатының ерекшелігіне сәйкес бояу түстерін таңдау;
өз ой-қиялымен композиция құрастыра білуге дағдыландыру;
шығармашылықпен өздігінендербес әрекет етуге баулу.
|
Қажетті
заттар:
|
көктем мезгілінің суреті, ақ қағаз, бояу, қылқаламдар, су құятын құты.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға жыл мезгілдері туралы сұрақтар қою:
Тәрбиеші: – Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: – Көктем.
Тәрбиеші: – Көктемде қандай өзгерістер болады?
Балалар: – Күн жылыды, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады т.б.
Балаларға көктем туралы өлең оқу:
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Өлең мазмұнына талдау жасау. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін сурет арқылы талдау жасау, балаларға әңгімелеу.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Құс боп самғап ұшамыз.
Ұшып-ұшып аламыз,
Орнымызға қонамыз.
Көктем мезгілінің суретін салу. Оны бояу барысында қандай түстерді қолдану керектігін айту (жылы, ашық түстер). Балалардың өздеріне композиция құрастыруға ұсыныс беру.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Балалар қағаздарына композиция құрастырып салады, бояйды.
Жұмыс барысында балаларға композиция құрастыруға көмектесу.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі, таза салыңған суреттерді мадақтау. Өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – табиғат ерекшелігіне байланысты композиция құрастыруды меңгеру;
Түсінеді: – шығармашылықпен дербес әрекет ете білуді;
Қолданады: – көктемгі мезгілді бейнелейді.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Қазақстандағы жануарлар
|
Билингвалдық компоненті:
|
қоян-заяц.
|
Мақсаты:
|
Қазақстанның жануарлар әлемімен таныстыру;
«Жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қоянның суретін сала білуге үйрету;
бейнелі ойлауын, қиялын дамыту.
|
Қажетті
заттар:
|
қарындаш, ақ қағаз, бояу, қылқалам.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларғақазақстанның жануарлар әлемі жайлы әңгімелеу. Жұмбақ жасыру:
Тәрбиеші: Қыста – ақ,
Жазда – сұр. (Қоян)
Балалар жұмбақты мұқият тыңдап шешуін табады.
Балаларға қоянның суретін салатынымыз жайлы айту. Қоянның дене бөліктері, олардың көлемі жайында суретті көрсете әңгімелеу.
Балаларға қоянның суретін «жапырақ» тәсілі арқылы салып көрсету. Содан соң түгел бояу.
Балалар жұмысқа кірісерде саусақ жаттығуын жасайды:
Қазым, қазым, қаңқылдақ,
Көлде жүрсің саңқылдап.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәспит берсем жейсің бе?
Жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмас ас
Арпа менен бидай шаш.
Балалар қағазға қоянның суретін мұқият тәсілді пайдалана отырып салады. Бояйды.
Балалардың «жапырақ» тәсілінің техникасының орындалуын қадағалау.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: - Қазақстан жануарлары жайлы мәлімет;
Түсінеді: - бейнелі ойлауын қиялын дамыту;
Қолданады: - «жапырақ» тәсілін пайдаланып, қоянның суретін салу.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
Үйге арналған ыдыс (өз бетінше жұмыс)
|
Билингвалдық компоненті:
|
ыдыс-посуда, өрнек-орнамент.
|
Мақсаты:
|
Балалардың шығармашылығын дамыту;
декоративті жұмыстармен таныстыруды жалғастыру (дымкова, городецк, хохлама өрнектері)
эстетикалық сезімдерін ояту, композиция құрастыруға үйрету, қылқаламмен жеңіл жұмыс істеуге баулу.
|
Қажетті
заттар:
|
қағаз, қылқалам,бояу, дымкова, городецк, хохлама өрнектерімен безендірілген заттар.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балалардан өрнектер түрін сұрау.
Тәрбиеші: – Мына өрнек қалай аталады?
Балалар: – Дымково.
Тәрбиеші: – Ал, мына өрнек ше?
Балалар: – Городецк.
Қандай өрнек түріне жатады, ерекшелігі қандай, әрбір өрнекке тоқталып, салыну ерекшелігіне назар аудару. Осы өрнектермен безендірілген заттарды көрсету.
Балаларға заттарды көрсету. Қандай өрнектермен әшекейленгенін анықтау. Балаларға қағаздан қиылған әр түрлі ыдыс пішіндерін таратып, өз беттерінше декоративті өрнектеуді ұсыну.
Балалар қол саусақтарын жаттықтырады
Бас бармағын тіпті де
Ұстай алмай жіпті де
2 саусақ бірікті,
ине қолға ілікті.
3 саусағым орамды
жүгіртеді қаламды
Балалар өздеріне, яғни қалаған өрнекті таңдап алып, өрнектей бастайды.
Өрнектердің ерекшеліктеріне мән беруді, үлгіге қарауды қадағалау. Өрнектерді үлкен, әдемі етіп салуды тапсыру.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар қандай өрнек салғандықтары туралы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – декоративті өрнектерді білу;
Түсінеді: – өрнектердің бір-бірінен айырмашылығын анықтау;
Қолданады: – өрнектерді қағаз бетіне сала біледі, қылқаламмен дұрыс бояйды.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Ініме арналған кітап»
|
Билингвалдық компоненті:
|
кітап-книга, ертегі-сказка.
|
Мақсаты:
|
кітап мұқабасын безендіре білуге үйрету;
түстерді дұрыс таңдап алу, елестету және шығармашылық қабілетін дамыту.
|
Қажетті
заттар:
|
3- 4 кітап, ақ қағаз, бояу, қылқалам.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сабақ барысы:
Балаларға кітаптар жайлы, оның түрлері туралы әңгімелеу. әңгіме барысында сұрақтар қою.
Тәрбиеші: – Мынау қандай, не жайлы кітап деп ойлайсыңдар?
Балалар: – ертегі.
Тәрбиеші: – Кітапқа суреттерді иллюстраторлар салады. Олар кітаптың мазмұнына байланысты кітапты безендіреді.
Мұқабадағы әр түрлі суреттердің орналасу тәртібін, олардың түстері жайлы айту. Балалардан суретші иллюстратор болса, ертегі немесе басқа да кітаптың мұқабасын қалай безендірер екенін бірнеше баладан сұрау.
Балаларға кітап мұқабасын қалай безендіру үлгісін көрсету. Бояу түстерін дұрыс таңдап алуларын қадағалау. Қаламмен борлармен немесе фломастермен бояу техникасын естеріне салу.
Сергіту сәті:
Балалар қол саусақтарын жаттықтырады
Бас бармағын тіпті де
Ұстай алмай жіпті де
2 саусақ бірікті,
ине қолға ілікті.
3 саусағым орамды
жүгіртеді қаламды
Содан соң нағыз иллюстраторларға ұқсап, өздеріне ұнайтын кітаптың мұқабасын безендіреді.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Балалар қандай кітаптың мұқабасын безендіргенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – кітап безендіруші суретші (иллюстратор) мамандығы туралы біледі;
Түсінеді: – кітапқа қызығушылығы және оны күтіп ұстауға үйренеді;
Қолданады: – ойлаған бейнесін қағаз бетіне еркін бейнелей алады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Раушангүл» (113)
|
Билингвалдық компоненті:
|
раушангүл-роза.
|
Мақсаты:
|
балалардың эстетикалық сезімдерін дамыта отырып, раушангүл гүлін салу әдісімен таныстыру.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, қылқалам, бояу.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға раушангүл гүлін көрсету. Гүлдің қасиеттері туралы айту.
Тәрбиеші: – Раушангүлінің басқа гүлдерден қандай айырмашылығы бар?
Балалар: – Ол әдемі гүл, бірақ сабағында тікендері бар.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар.
Гүлдер туралы әңгімелеу.
Раушангүлдің суретін салу әдісін түсіндурі:
1. Қағаздың жоғары жағына гүл, кішкене төменірек қауызын, оған жақынырақ жапырақтарды бұтағын салып, бұлардың бәрін қосу.
2. Қызыл түспен кішкене нүкте қоямыз-осы нүктеден қылқалам дөңгелеен айналып, жеңіл билеп жүргендей қозғалады, сызықтар бірдей болмас үшін.
3. Жапырақтарын салып, бұтаққа қосу. Таза ұқыпты салуларын қадағалау.
Жұмысқа кіріспес алдында саусақ жаттығуын жасайды.
Қазым, қазым, қаңқылдақ,
Көлде жүрсің саңқылдап.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәспит берсем жейсің бе?
Жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмас ас
Арпа менен бидай шаш.
Балалар гүлдің салыну тәртібіне сүйене отырып қағаздарына сала бастайды.
Қызыл бояумен гүлдің өзін салып, қылқаламмен қауызын, жапырақтарын салады.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі, таза салған балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – қылқаламмен гүл салуды жаңа әдісін меңгереді;
Түсінеді: – эстетикалық сезімдерін дамыту;
Қолданады: – раушангүлді салудың жаңа әдісін қолданады.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Теңіз патшалығы»
|
Билингвалдық компоненті:
|
теңіз патшалығы – морское царство.
|
Мақсаты:
|
сурет салуда заттардың пішінін беруде ұсақ бөлшектері ғана емес олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін де білуге жаттықтыру.
|
Қажетті
заттар:
|
акварель бояуы, қылқалам,ақ қағаз.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару. «Шаттық шеңберін» құру. «Амандасу рәсімін» айту:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сабақ барысы:
Балаларға теңіз патшалығы (суретін) жайлы сұрақты қойып, әңгімелеу. Теңіз патшалығы тұрғындары балықтар туралы айту.
Тәрбиеші: – Балалар балықтар қайда өмір сүреді?
Балалар: – Суда, көлде, өзенде.
Тәрбиеші: – Ал, үй жағдайында балықтарды қайда асырауға болады?
Сергіту сәті: Балалар қол саусақтарын жаттықтырады
Бас бармағын тіпті де
Ұстай алмай жіпті де
2 саусақ бірікті,
ине қолға ілікті.
3 саусағым орамды
жүгіртеді қаламды
Теңіз патшалығы суретін салу үлгісін көрсету.
Балалар жұмысты бірге орындайды.
– бір түспен 2-ші түсті араластырып бояу. Кез келген 2 бояумен қағазға дақ түсіріп, олар кеппей тұрып 2-ін бір-біріне қылқаламмен араластырып қосу. 2 түс бір-біріне үндесіп, араласып кетуі керек. Содан соң кепкен қағазға теңіз патшалығы тұрғындарын салу. Су асты тастарын, шөптерді салу.
Балалардың жұмыстарын талдау. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі, таза салған балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңартады: – түстерді қосып араластыра білу әдісін меңгеру;
Түсінеді: – шығармашылық қабілеті, қызығушылығын дамыту;
Қолданады: – түстерді араластыру әдісін қолдану.
Білім беру аймағы:
|
Шығармашылық
|
Бөлімі:
|
Сурет
|
Тақырыбы:
|
«Қаладағы мамыр мерекесі» (Өзіндік жұмыс)
|
Билингвалдық компоненті:
|
мереке-праздник
|
Мақсаты:
|
балаларға қаладағы мамыр мерекесінің өтілгенін естеріне түсіру;
өз ой-қиялымен композиция құрастыра білуге дағдыландыру;
шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет етуге баулу.
|
Қажетті
заттар:
|
ақ қағаз, бояу, қылқаламдар, су құятын құты, түрлі-түсті қарындаштар,борлар, фломастерлер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |