Сабақ мақсаты : Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету. Міндеттері



бет5/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#10681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6



Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм___________ № 24сабақ_____

Тақырып: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Құндылық: Жауапкершілік.

Қасиеттер: Жауапкершілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:. «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу

Міндеттері :

Білімділік:Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы түсінік беру,

Дамытушылық: Балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өз сөзіне,өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсадар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

. Балаларға «өкініш» әңгімесін оқып беріп,сұрақтар қою.

Балалар Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекеті?

Қайырбектің атасы не үшін ұялды?

Қайырбектің орнында болсаңдар не істер едіңдер?






5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушыларды тақырыпты түсінуге жетелеу мақсатында әңгімеге тарту.

-Балалар, өзіне тапсырылған істі,тапсырманы дер кезінде орындайтын,сөзінде тұратын баланы қандай бала деп атаймыз?

Балалардан күтілетін жауаптар «жақсы бала», «әдепті бала», «ұқыпты бала»болуы мүмкін. Дұрыс айтасыңдар,балалар,ондай баланы «жауапкершілігі бар» бала деп атайды. Жауапкершілікті балалар-жақсы,әдепті,өзін сыйлайтын балалар.Өз ісіне немқұрайдылықпен қарау,өзінің уақытын,өзгенің уақытын қадір тұтпау жауапсыздықты білдіреді.Біз бүгінгі сабақта жауапкершілік пен жауапсыздық туралы әңгімелесеміз.

-Берген уәдені уқытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді.Ата-бабамыз балаларыны жауапкершілікті болып өсуін армандаған,сол үшін де «Уәдені- берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.






6.Шығармашылық жұмыс.

Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Жеке-жеке іс әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салу.Балалар кезегімен тақтаға шығып,қоржыннан қағазды алып,онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды,бала осы іс әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса,оған «Мен жауапкершілікті баламын өйткені....» деген сөзді қосып айтады.

Мысалы: Мен жауапкершілікті баламын,өйткені уәдемде тұрамын. Мұғалім қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады.Егер қоржыннан шыққанға жазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе,онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді.Қағазға жазылатын іс әрекет үлгілері:уәдемде тұрамын өзіме сенімді боламын, өзімді басқара білемін,жұмысты қызығып атқарамын,сабақтан кешікпеймін;аулада ұзақ ойнаймын,үлкендердің тапсырмасын ұмытып кетемін,айтқан сөзімді орындаймын және т.б

7. Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суреттерге қарап,олардың мазмұны бойынша жауапкершілік,жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құрастыру,үйде аяқтау







8.Топпен ән айту.

Балалар шаттық шеңберіне жиналып,мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Тапсырманы берілген, Сенімді боп өзіме,

Дер кезінде атқарам. өзімді-өзім басқарам.






9.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып,А.Естеновтың «Таудай болып өсеміз» деген өлеңін оқиды.

«Таудай бол!»- дер атам да, Асқар таудай жігіттер

«Таудай бол!»- дер апам да, Қажет дейді Отанға.

Желкілдеген баудай көк, өсіп келе жатырмыз,

Балдығандар балдай өс- Бір-бір асқар таудай боп.

Жаттап ертек,мол аңыз,

өсіп,өніп тола біз,

Алатаудай айбынды

Ел қорғаны боламыз.








Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 25сабақ_____

Тақырып: Адам болу –арманым.

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:. «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі

маңыздылығын ашу.



Міндеттері :

Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;

Дамытушылық: адамгершілік қасиеттерін дамыту,жағымды

қарым - қатынас жасай білуге үйрету;

Тәрбиелік:. Ізгілікті,мейірімді болуға тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсадар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімен сәлемдеседі. Е.Өтетілеуовтың «Нағыз адам боламын» атты өлеңін мұғалімге ілесіп бірге қайталайды.



Нағыз адам боламын!

Бүгін титтей баламын,

Әлі-ақ жігіт боламын.

Сонда,мүмкін, мен ғалым,

Әлде шахтер болармын.

Мәтінмен жұмыс.

«Кім боласың?»аттыМ.Жұмаханованың әңгімесін оқып берілген сұрақтарға жауап беру.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Суреттерге қарап адам қабілетінің мүмкіндіктері жайында айтып беру.Суреттерде бала,ұшқыш,сырқат адамға жәрдем беріп тұрған дәрігер,скрипка тартып тұрған бала,

компьютерді меңгеріп отырған бала бейнеленген.





6.Шығармашылық жұмыс.

Ақ параққа болашақта кім болам деген сұраққа сурет салыңдар.







7.Топпен ән айту.

«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов







8.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.

Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 26сабақ_____

Тақырып: Адам болу –арманым.

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:. «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі

маңыздылығын ашу.



Міндеттері :

Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;

Дамытушылық: адамгершілік қасиеттерін дамыту,жағымды

қарым - қатынас жасай білуге үйрету;

Тәрбиелік:. Ізгілікті,мейірімді болуға тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.

Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Бәрі қосылып,өлең жолдарын қайталайды. «Көңілді балалар»әні Е.Өтетілеуов

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)
«Мен адаммын ғой» әңгімесін оқып мазмұны бойынша сұрақтар қоямын.






6.Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта ағаш егу,құстарға ұя салу,құстарға жем шашу суреттері бейнеленген.Адам қолынан келетін жақсылықтар туралы айтып береді,балалардың жауаптарын тыңдаймын.







7.Топпен ән айту.

«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов







8.Үй тапсырмасы.

«Мен кім болам?» тақырыбына сурет салуға тапсырма беремін,үйде аяқтауға да болады.







9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.

-Өскенде мен.................болам!

-Өскенде мен...............болам!

-Өскенде мен азамат болам!








Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 27сабақ_____

Тақырып Табиғатқа құштармын.:

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:

«Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.



Міндеттері :

Білімділік: Балаларға табиғат ұғымын түсіндіру,

Дамытушылық: Балалардың табиғатқа деген аялы қарым-қатынастарын дамыту,

Тәрбиелік:Табиғатты сүюге тәрбиелеу.








Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

Күн жылуын құстың ұшуын шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын су сылдырын.Гүлдің жұпар иісін,жалпы табиғат тынысын,сезіну қажеттігі түсіндіріледі.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Қанеки балалар ,қол ұстасып шеңбер құрып тұра қалайық та мына өлең жолдарын қайталайық,табиғат-анамызбен амандасайық:

Армысың шапағатты күніміз, (балалар күнге қарайды)

Армысың мейірімді жеріміз, (қолдарын жерге толқындатады)

Армысың табиғат-анамыз, (бастарын иеді)

Келеді сізге өзіңіздің балаңыз. (Өздерін көрсетеді)







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Ә.Ысқақовтың «Табиғат деген не?» әңгімесін оқып,талдау.

Неліктен табиғатты анаға теңейміз?

Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?







6.Шығармашылық жұмыс.

Балаларға оқулықта берілген суреттерді пайдаланып сөйлемді аяқтайды.

Егер мен тау болсам,.............

Егер мен күн болсам,..............

Балалар өз ойларын ортаға салады.

Ойын-жаттығу

-Бүгін бізге қонақ келіп отыр.Ол кім екен тауып көрейік.

-Ол ешкімге жамандық ойламайды,

-Гүлдерді жақсы көреді, ұшып жүреді;

Балалар жауап береді.Иә бұл көбелек.

Балаларға түрлі түсті қағаздарды таратып беріп- табиғатта неге ұқсағыларың келетінін білемін.балалардың жауаптарын қолдарындағы гүл пішінді қағазға жазып тақтаға жазып шығып,не үшін ұқсағысы келетінін айтып,гүлін тақтаға жапсырады.Барлық балалар гүлдерін жапсырып біткенде көбелекті гүлді алқапқа қондырамыз.







7.Топпен ән айту.

«Біз бақытты балдырғандар»әні:М.Әлімбаев,сөзі: :Ө.Байділдаев







8.Үй тапсырмасы.

Дәптер бойынша оқушыларға өздеріне ұнаған табиғат суреттерін салу ұсынылады.







9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар табиғатқа бір қарайықшы алуан сурет салып қойғандай.Осы дүниенің ішінде

сен де барсың.Осындай сұлу дүниені жаратқан табиғат–ана.

Балалар барлығымыз шеңберге жиналып « Мектеп вальсі» әнін айтайық.

Сөзі:С.Жиенбаев. Әні:Б.Ғизатов.

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала

Аспандағы ақ құстар

Айдын көлді арала.

Нұрлы көктем

Сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып,

Би билейміз ән салып.


Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 28сабақ_____

Тақырып Табиғатқа құштармын.:

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:

Балалардың «табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері :

Білімділік:Балаларды табиғатты аялауға үйрету.

Дамытушылық :Табиғатқа деген аялы қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік:Табиғатты сүюге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

Күн жылуын құстың ұшуын шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын су сылдырын.Гүлдің жұпар иісін,жалпы табиғат тынысын,сезіну қажеттігі түсіндіріледі.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз»-деген өлең жолдарын жазып қоямын.

Балалар жауаптарын тыңдап қорытындылаймын.

Табиғат кандай көрік берсе,адам да өмірге сондай көрік береді.

Сондай көрік пен сұлулықтан жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен

суларды,жан-жануарлар мен құстарды сақтау қасиетті жерімізді таза ұстау,

аялау-біздің адами борышымыз.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалім оқушылармен табиғат туралы әңгімелесу мақсатында сұрақтар қоямын:

Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?

Табиғаттан қандай әсер алдыңдар?







6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын-жаттығу

-Бүгін бізге қонақ келіп отыр.Ол кім екен тауып көрейік.

-Ол ешкімге жамандық ойламайды,

-Гүлдерді жақсы көреді, ұшып жүреді;

Балалар жауап береді.Иә бұл көбелек.

Балаларға түрлі түсті қағаздарды таратып беріп- табиғатта неге ұқсағыларың келетінін білемін.балалардың жауаптарын қолдарындағы гүл пішінді қағазға жазып тақтаға жазып шығып,не үшін ұқсағысы келетінін айтып,гүлін тақтаға жапсырады.Барлық балалар гүлдерін жапсырып біткенде көбелекті гүлді алқапқа қондырамыз.







7.Топпен ән айту.

«Көктем келді » әнің балалар бірге айтады.







8.Үй тапсырмасы.

Табиғат өлеңін жаттап келу.






9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Ө.Тұрманжанов.

Сүйейік ,табиғатты, аялайық

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша демалайық!




Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 29сабақ_____

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: Адамгершілік.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты:

«Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.


Міндеттері :

Білімділік:Денсаулықты сақтау,нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту,

Дамытушылық: Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру,

Тәрбиелік:Балалардың денсаулығын күтуге бағалауға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,кеспе қағаздар.
1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер

Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.

Су-табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп алғайсың.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Бүгін біз денсаулықты сақтау құпияларымен танысамыз.Олар-таза ауа,табиғи су,спорт,амандасу,жақсы сөздер айту,таза ой,дұрыс тамақтану,тазалық,зиянды әрекеттер жасамау,жақсы көңіл-күй.



«Жаны саудың-тәні сау»- деген халық мақалын түсіндіремін.

Балалардың жауаптары тыңдалады.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Денсаулықтың күтімінің бірі-тазалық екендігін түсіндіру мақсатында «Тәтті алма»әнгімесі айтылады.Балаларға сұрақтар қойылады,жауаптары тыңдалады.



  1. Баянның орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?

  2. Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?

  3. Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?




6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын-жаттығу «Пайдалы-зиянды»

Оқушыларға жағдаяттар жазылған кеспе қағаздарды таратып беремін. Денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі. -бала жаттығу жасаса. -бала ағашқа өрмелесе, -бала ауыр заттарды көтерсе,-бала сіріңкемен ойнаса, -бала қолын жуса, -бала күнге қыздырынса, -бала мұз балмұздақты жесе. Демек,денсаулықтың тағы бір құпиясы-зиянды әрекеттерді жасамау,пайдалы әрекеттерді жасау.

Дәптермен жұмыс

Денсаулық құпияларын жазамыз.






7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі»әні:Ф.Жолдасова , сөзі: : С.Молдасанұлы







8.Үй тапсырмасы.

Денсаулық құпияларын жаттау.






9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар сендер денсаулықтың құпияларымен таныс болдыңдар.Жан саулығы,тән саулығы үшін әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.Олар-таза ауа,табиғи су,спорт тазалық зиянды әрекеттер жасамау ,жақсы көңіл күй.Жанымыз бен тәніміз сау болса біз бақыттымыз.Оқушыларды шеңберге жинап сабақты қорытындылау,оқушылар өмір тек қана

күлкіге толсын,денсаулығың мықты болсын деп бір-бірлеріне шарларын ұсынады.


Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет