Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. «5Т» әдісі бойынша (тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық),сәлемдесу,түгелдеу.
Тыныштық сәтi.Сабақты жағымды күйге келтіру. Нұрға бөлену. (Жәй баяу жағымды музыка қою)
Үй тапсырмасын тексеру
Оқу құралдарын, дәптерге берілген тапсырманы тексеру. 81 беттегі 23сабақтағы Адал бала (корей ертегісін )оқып, мазмұнын айту.Сұрақ беру,жауап алу.
1 . Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
2 . Оларды бірден алса не болар еді?
3 . Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?Неліктен?
4. Ақсақал қабылдаған шешімді қалай қабылдауға болады?
Мәтінді қорытындылау
Адамныңниеті,ойы,іс-әрекетішындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында.Адамның көңілі таза,пейілі кең,адал шыншылболғанда әділдікке қол жеткізеді.
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»
Ш. Уалиханов
Дәйексөзді хормен оқыту.2 ұл бала,2 қыз бала оқиды мағынасын түсіндіру,жаттап дәптерге жазып алу.Дәйексөздің мәнін ашу.
(Ары таза, адал адам мәнді өмір сүреді. Адалдығы бар адамның рақымы бар.Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.)
Әңгiмелеу.Өсиет-әңгіме.Данышпан
Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
- Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті. Қарт жігітке:
- Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.
- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:
- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.
- «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген денені түсінесіңдер?
Мұғалім балалардың жауаптарын түйендей отырып сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдарымен жолдас, ДОС болады. Шын жолдас, адал достар бірінің жақсы қасиеттерін
екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адалдық пен әділдік туралы әңгімелесеміз.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Жағдаяттарды талдау
1 – жағдаят
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Топпен ән айту.Ақ көгершінӨлеңі: Н. БаймұхамедовӘні: А. Жұбанов
Ақ көгершін , көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегіналыпұш,
Адамзаттыңбағына.
Қарабұлттыжарыпұш,
Мұхиттыңарғыжағына.
Үй тапсырмасы.
24 сабақ Ұстаздың шәкірттерін сынауы
(Аңыз әңгіме) оқып,түсінгендерін айтып келу,дәптермен жұмыс
«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Нұрға бөлену. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.