Сабақ мақсаты: Алкендердің құрылысын және изомериясын талқылау; Табыстылық критерийі



Дата17.03.2020
өлшемі70,5 Kb.
#60249
түріСабақ
Байланысты:
АЛКЕНДЕР

Сабақ тақырыбы:Алкендер, құрылысы, изомериясы,

Сабақ мақсаты:1.Алкендердің құрылысын және изомериясын талқылау;

Табыстылық критерийі :1.Алкендердің құрылысндағы ерекшеліктерді ажырата біледі;

2. Алкендердің изомериясы мен аталуы туралы түсінік аладаы;

3. Атауы берілген алкендердің құрылым формуласын жазып үйренеді;

Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту;

Сабақта қолданылатын модульдер:АКТ. Оқыту үшін бағалау. Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс




Сабақ кезеңдері

Жүргізілетін іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс

Бағалау түрі

1

Ұйымдастыру




Сыныпта жұмыс жасауға қажет атмосфера орнатады. Оқушыларды топқа бөледі

Топтасып топқа бөлінеді. Топтың алтын ережесін жасайды. Топ басшысын сайлайды







2

Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту кезеңі



1.Миға шабуыл

2. ББҮ кестесі



Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ББҮ кестесінің 1 және 2 бөлімін толтыртады



Сұрақтарға жауап береді.

Кестені толтырады






Ауызша коментарий арқылы бағалау.

Топ жетекшісінің бағалауы



3

Жаңа білімді меңгеру

Мағынаны тану кезеңі



ДЖИКСО


Топтарға тақырыпты бөліп тапсырма береді.Интерактивті тақтадан этиленді спирттен алудың әдісін виртуальді лаборатория арқылы көрсетеді.

Оқушылар тақырыпты оқып алдымен жұпта сосын топта талқылайды.Қайтып өз топтарына келіп тақырыптың әр бөлімін әр оқушы түсіндіреді.

Саусақпен бағалау

Топ жетекшісінің бағалауы

4

Сабақты бекіту

Ой қозғау кезеңі



Семантикалық карта

Деңгейлік тапсырмалар

Венн диаграммасы


Құрылым формуласы берілген алкендерді атау мен алыну жолдарына қатысты сұрақтарды семантикалық карта арқылы береді.

Деңгейлік тапсырманы таратады

Венн диаграммасын толтыртады .


Семантикалық картаны топта толтырады. Алкендерге байланысты бес жолды өлең жазады.

Венн диаграммасы арқылы алкандар мен алкендерді салыстырады



Екі жұлдыз, бір тілек.

ББҮ кестесінің 3 бөлімін толтырады



Топтардың бірін-бірі бағалауы. Өзін өзі бағалауы

5

Үй тапсырмасын беру

Алкендер туралы тақырыпты үйде оқып келу.

Оқулықтан келесі сабақтың тақырыбын айтады.

Үй тапсырмасын жазып топта жұпта талдайды.




Жиынтық баға шығару























Сабақ тақырыбы:Алкендер, құрылысы, изомериясы, алыну жолдары

Сабақ мақсаты:1.Алкендердің құрылысын және изомериясын талқылау;

2. Алкендерді алудың жолдары мен реакция теңдеулерін жазып, талдау жүргізу;



Табыстылық критерийі: 1.Алкендердің құрылысндағы ерекшеліктерді ажырата біледі;

2. Алкендердің изомериясы мен аталуы туралы түсінік аладаы;

3. Атауы берілген алкендердің құрылым формуласын жазып үйренеді;

4. Алкендерді алудың реакция теңдеулерін жазып үйренеді.



Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту;

Сабақта қолданылатын модульдер:АКТ. Оқыту үшін бағалау. Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері:Интерактивті тақта, қима қағаздар, виртуальды лаборатория,

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Сергіту сәті (Сағат тілімен жүрейік)

1.2. Топтастыру ( Мозайка әдісімен әр топта 4 оқушыдан болатындай етіп,топқа бөлу.)

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту кезеңі

2.1. Миға шабуыл (Алкандар тақырыбын қайталауға сұрақтар)

2.2. ББҮ кестесі ( Алкендер туралы бұрын білетінін, не білгісі келетінін ойланып, кестенің 2 бөлімін толтырады)

3.Жаңа білімді меңгеру

Мағынаны тану

3.1. ДЖИКСО ( тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушылардың өздерінің жұпты және топта талқылауына беріледі)



4. Сабақты бекіту

4.1. Семантикалық карта (Алкендердің құрылым формуласы мен аталуын сәйкестендіру)

4.2. Деңгейлік тапсырмалар ( алкендер тақырыбы бойынша есептер )

4.3. Венн диаграммасы ( Алкендер мен алкандарды салыстыру)

5. Үй тапсырмасы

Алкендердің химиялық қасиетін оқып келу, Октеннің мүмкін болатын изомерлерінің құрылым формуласын жазы,п, жүйелік номенклатурасы бойынша атау.


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Миға шабуылсұрақтары:

1. Алкандардың жалпы формуласы?( Сn Н2n+2)

2. Алкандар қандай көмірсутектер?(Қаныққан)

3. Алкандардың молекуласындағы С атомдарының гибридтелу типі?(sp3)

4. Алкандар молекуласындағы валенттілік бұрышы мен С атомдары арасындағы дара байланыстың ұзындығы қандай?

( 109028ʹ ; 0,154 нм)

5. Метанның кеңістіктік пішіні қандай?( дұрыс тетраэдр)

6. Конформерлер дегеніміз не?(Алкандар молекуласындағы атомдар топтарының кеңістікте әртүрлі жағдайда орналасуы)

7. Алкандарға қандай изомерия түрлері тән? ( С атомының қаңқасы бойынша изомерлену)

8. Алкандардың физикалық қасиетінде қандай заңдылықтар бар? ( Салыстырмалы молекулалық массасының артуымен алкандардың балқу, қайнау температуралары, тығыздығы біртіндеп артады)

9. Алкандарды атауда қандай жұрнақ жалғанады?(-ан жұрнағы)

10. Алкандарды атауда қандай заңдылық сақталады?( алдымен С қаңқасының ұзыны таңдалады, сосын радикал жақын орналасқан жағынан С атомы нөмірленеді. Алдымен радикалдың орны көсетіліп аталады сосын үзын тізбек аталады)

11. Алкандарды қандай әдістермен алады?(Алкенді дегидрлеп,Вюрц реакциясы арқылы галогеналканнан, С гидрлеп алады)

12. Метанды лабораторияда қалай алады? ( натрий ацетатын натрий гидроксидімен қосып балқытып алады)

13. Алкандарға қандай химиялық реакциялар тән? ( орынбасу және тотығу, ыдырау реакциялары)

14. Алкандардың галогендермен реакциясы қандай жағдайда жүреді?( жарықтың немесе жоғары температураның әсерінен)

15. Алкандардың ыдырау реакциясы қандай жағдайларда жүреді және қандай өнімдер түзіледі?(әр түрлі температурада 10000-та С; 15000-та ацетилен; 5000, Ni қатысында этилен)

16. Крекинг деп қандай процесті айтады?(Қарапайымдау көмірсутекке ыдырауы)

17. Риформинг реакциясында қандай өнім түзіледі?( ароматты көмірсутек)

18. Алкандардың изомерленуі қандай жағдайда жүреді? (АІСІ3, 4000 -та)



ББҮ кестесін толтыру


Білемін

Білгім келеді

Үйренгенім










3.Жаңа білімді меңгеру

Мағынаны тану

3.1. ДЖИКСО

Тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушылардың өздерінің жұпты және топта талқылауына беріледі

1-топ Қанықпаған көмірсутектер мен алкендер туралы түсінік (оқулықтан 85 бет)

2-топ Алкендердің құрылысы ( оқулықтан 86 бет)

3-топ Атаулары мен изомерлері ( оқулықтан 87-88 бет)

4-топ Алкендердің алыну жолдары (оқулықтан 90-91 бет)

4. Сабақты бекіту

4.1. Семантикалық карта (Алкендердің құрылым формуласы мен аталуын сәйкестендіру)




СН3-СН=СН-СН3

СН2=СН-СН(СН3)-СН2-СН3

СН2=С(СН3)-СН(СН3)-СН2-СН3

СН2=С(СН3)-СН(С2Н5)-СН2-СН3

СН2=С(СН3)-С(СН3)(С2Н5)-СН(С2Н5)-СН2-СН3

2,3-диметилпентен-1
















2,3-диметил-3,4-диэтилгексен-1
















2-метил-3-этилпентен-1
















Бутен -2
















3-метилпентен-1

















4.2. Деңгейлік тапсырмалар ( алкендер тақырыбы бойынша есептер )


1-деңгей тапсырмасы

1.Құрамында: а) 6 көміртек атомы бар; Б) 12 сутек атомы бар; в) 8 көміртек атомы бар; г) 18 сутек атомы бар алкеннің молекулалық формуласын жаз.



2-деңгей тапсырмасы

Салыстырмалы молекулалық массалары: а) 70-ке тең; б) 98-ге тең алкенннің молекулалық формуласын анықтаңдар.



3-деңгей тапсырмасы

Көлемі 44,8 л этанды дегидрлегенде этиленнің қандай көлемін алуға болады? Этиленнің шығымы 80% болса.





1-деңгей тапсырмасы

Берілген көмірсутектердің ішінен алкендердің формуласын теріп жазыңдар: С2Н6; С3Н6; С5Н10; С6Н6; С10Н20; С7Н14; С6Н12



2-деңгей тапсырмасы

Құрамы С6Н12 болатын алкеннің еселі байланыс орны бойынша және класаралық изомерлерінің құрылым формуласын жазыңдар.



3-деңгей тапсырмасы

Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 35-ке тең алкеннің молекулалық формуласын есептеңдер.





4.3. Венн диаграммасы ( Алкендер мен алкандарды салыстыру)

Ұқсастығы





5. Үй тапсырмасы

Алкендердің химиялық қасиетін оқып келу,



Октеннің мүмкін болатын изомерлерінің

құрылым формуласын жазып, жүйелілік номенклатурасы бойынша атау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет