Сабақ мақсаты: Қазақстанның рухани ұстаздарының өсиеттері


Әңгiмелеу. Кемеңгер ұстаз



бет3/4
Дата24.07.2020
өлшемі39,5 Kb.
#75594
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ашык сабак КЕ18

Әңгiмелеу.

Кемеңгер ұстаз

(өсиет әңгіме)


Бір профессордың үйіне кезінде сабақ берген өзінің шәкірттері келеді. Өткен күнді еске алып, әрқайсысы өздерінің жұмыстары, отбасылары жайлы біраз әңгіменің басын қайырып, бұл өмірге наразылығын, ештеңе жетпейтінін, бітпейтін мәселелер жайлы сөз қозғайды. Шәкірттерінің сөздерінің аңдысын аңдыған професссор алдарына хрусталь, шыны, пластмасса кеселерді қойып, кофе құйып: «Ішіп отырыңдар», - дейді. Шәкірттерінің барлығы қымбат хрусталь ыдысқа таласып, арзан ыдысты алғысы келмейді. Сонда профессор оларға былай деді: «Байқадыңдар ма?» Барлығың қымбат ыдысты алып, арзанын қалдырдыңдар. Бұл бір жағынан қымбат болып көрінгенмен, сендердің өмірге деген наразылықтарың да осында жатыр. Қымбат кесе кофенің дәмін кіргізбейді, сендер оның сыртына қарап, ішінде не барын естен шығарып алдыңдар. Шындығында сендерге керегі – кофе болатын, бірақ сендер кесені таңдадыңдар. Одан соң: «Кім қандай кесе алады?» - дегендей бір-бірлеріңе сын көзбен қарадыңдар. Енді осыдан қорытынды шығарып көрелік: Өмір дегеніміз – кофе, ал мансап, ақша, жұмыс, бұлар – кесе. Олардың барлығы өмірді сақтауға, оны қамтуға арналған құрал-саймандар. Бірақ та өмірдің өзіне емес, оның сыртқы жағына ғана мән берсек, ішкі дәмін, рахатын сезіне алмай қаламыз. Кофенің тәттілігі кеседе емес. Ең бақытты адамдардың қолында ең қымбат нәрсе жоқ болуы мүмкін, бірақ қарапайым қанағат болады...

Өмірлеріне наразылық айтып, күрсініп отырған шәкірттер ұстаздың осы мысалынан кейін терең ойда қалыпты.


Сұрақтары:

  1. Профессордың үйіне келген шәкірттері не жайында әңгіме қозғады?

  2. Профессордың айтқан сөзінде қандай мағына жатыр?

  3. Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

  4. Қарапайымдылық, жігерлілік, сыпайылық қандай жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттері болып табылады?

  5. Сіздің өміріңізде ішкі тыныштықтың орны мен маңызы қандай?

  6. Болашақ ұстаз ретінде, оқушыларыңыз әңгімедегі профессордың шәкірттеріндей болмас үшін қандай ілім берер едіңіздер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет