Сабақ мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі412,19 Kb.
#29530
түріСабақ
  1   2
«№ 4 орта мектеп» КММ

Талдықорған қаласы

Бастауыш сынып мұғалімі Сыдықова Сәуле Қабидолдақызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып: 3 ә сынып Күні: 12.02.15ж

Тақырып: Өнеге отбасынан

Құндылық: сүйіспеншілік, махаббат, сыйластық, татулық.

Қасиеттер: сүйіспеншілік,сыйластық,махаббат,татулық.

Мұғалiмі: С.Қ.Сыдықова

Сабақ мақсаты:Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

  • отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • өзара сыйластыққа тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, слайд)

Сабақ барысы:

  1. Психологиялық дайындық кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет Оқушылармен дөңгелене тұрып, лента байланған шаңыраққа ұқсас дөңгелекке оқушылар жан-жағынан ұстап дөңгелене тұрады.

Мұғалім: Балалар, неге ұқсады?

Иә, шаңыраққа. Әр адамның өз үйі, өз шаңырағы болады. Ол үлкен болсын, кіші болсын онда отбасы тұрады. Отбасы- ол үлкен бақыт.Енді барлығымыз өз отбасымыз туралы жақсы тілек сөздер айтып орнымызға жайғасайық.



  • Менің отбасым--------------

  • Көңілді

  • Тату.......



Ана туралы жыр» өлеңі ойнап тұрады.



Балалардың денелері сергіледі.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет