Олай болса, біз бүгін «отбасы» жайында әңгімелесеміз.
|
|
Жаңа сабақ
Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Отбасы:
Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;
Жақсылыққа жетелейді;
Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;
Үлкендерді құрметтеуге,кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
|
Әңгімелесу
|
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Отбасы татулығы
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдарсаны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Олар отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде татулықта өмір сүруі елді таңды қалдырады. Оларды ұрыс-керіс дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толы, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «кешірім», жүз рет«бірлік» деп қағазға мұқият қағазға жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалады.
-Иә,- деді ақсақал.- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қояды.
Сұрақтар.
1. Сендер қалай ойлайсыңдар-ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді ?
2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?
3. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?
Өсиет әңгіменің мәні неде?
Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
|
Әңгімелесу
|
|
Дәйексөз
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
|
Оқиды,түсіндіреді,қайталайды.
|
Сұрақтары:
Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтыңыздар
Отбасы туралы өлең шумақтарын айтыңыздар
Отбасы туралы ән айтыңыздар
Отбасы туралы шағын эссе жазыңыздар
|
Ойын арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
Шығармашылық жұмыс:
Ана туралы шағын эссе жазу
|
(Оқушылар аналары жайлы шағын эссе жазады)
|
Рефлексия
Сара апаға хат жазу.( Жүректен шыққан жылы сөздер)
Соңғы тыныштық сәтi.
Олай болса балалар,
Көзімізді жұмып: өткен тақырыпты музыка әуенімен елестету.
Балалар ,бүгінбіз не жайлыәңгімелестік?
Сабақсендергеұнадыма?
Мен сендердіортаға «Жүректен–жүрекке» шеңберіне шақырамын.
Ал, қазір сыныптастарыңның отбасына , шаңырағына жақсы тілектер айтайық.
Өзіммен-өзім »тренингі.
Бұрынғы уақыттарда киіз үйдің ортасында шам жанып тұрған. Бұл отбасы ошағы деп аталған. Шамның жан-жағын отбасы мүшелері қоршай отырып, тыныштықта шай ішіп отырып жақсы әңгімелер мен тілектер айтқан. Содан бері өзінің туған үйің адамдар « туған ошағым» деп атаған. Қазір бәріміз сол ошақ шамын шағайықшы. Ол жансын және және мәңгілік жанып, өшпесін.Енді бәріміз айтайықшы: Жан! менің өшпес ошағым деп айтайықшы. Мінеки балалар, біздің отбасымыздың мәңгілік шамы өшпесін.
Топпен ән айту.
«Бала тілегі» әні.
Сабағымыздың соңында Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген Сара Назарбаева айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.
Кері байланыс.( сабақтан алған әсері)
Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Бақыт ағашына» стикермен жапсырады.
Үйге тапсырма: Отбасы туралы мақал-мәтел жинақтау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
|
Қорытындылау
Балалар топпен ән айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |