Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады



бет5/7
Дата17.09.2023
өлшемі1,09 Mb.
#181303
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ашы саба ор ыт

Рефлексия :
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады деп есептеймін. Бүгін оқушылар Қорқыттың нақыл сөздеріндегі тәрбиелік мәнін түсінеді.


Сабақ оқушылардың қызығушылығын жоғарлатты.
Сыныптағы оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейлеріне қарай саралауда сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар қойылды.
Уақыттты тиімді пайдаландым.
Барлық оқушыларды оқу үдерісіне тарту мақсатында берілген тапсырмалар осы жоспарға өзгеріс болып енгізілді. Оқыту, оқу бағалауды жоспарлау тиімді болды.

Қорытынды:
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: «Оқылымға саяхат» әдісі арқылы Қорқыттың шығармаларындағы тарихи құндылықтарға талдау жасау тиімді болады.
2: Оқушылар өз ой-пікірлерін «Еркін әнгіме» әдісі арқылы ұтымды жаза алады.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)
1: Оқушыларға Қорқыттың шығармаларын басқа шығармалармен салыстырта зерттетуді жүргізгенде қосымша ақпараттармен танысар еді.
2: Оқылым дағдаларын дамыту үшін көркем шығармаларды оқытып одан үзінділерді мысал ретінде қолдандырсам сабаққа өз ықпалын тигізер еді.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: Шығарманың дамуын болжату тапсырмаларын бергенді қажет деп ойладым.
2: Белсенді әдістерді жоспарлағанда оқу мақсатына сай және жас ерекшеліктеріне байланысты берілуін білдім.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет