Мәтінді есептер 1-есеп. Қауын мен қарбыздың массасы 8 кг. Егер қарбыз қауыннан 3 есе ауыр болса, қауын мен қарбыздың массасы қандай?
Шешуі: Бізде қауын мен қарбыздың жеке-жеке массасы белгісіз. Сондықтан екеуінің де массасы х деп аламыз, бірақ қарбыз қауыннан 3 есе ауыр болғандықтан х –ті 3-ке көбейтеміз.
Қауын – х
Қарбыз –х ∙ 3 = 3x
Есептің шарты бойынша Қауын + Қарбыз = 8 кг. Онда
х + 3x = 8
4x = 8, x = 2 біздің белгілеуіміз бойынша х қауын салмағы, сондықтан қауынның массасы 2 кг, қарбыз 3x = 3 ∙ 2 = 6 кг.
Жауабы: Қауын 2 кг, қарбыз 6 кг.
2-есеп. Үш санның қосындысының мәні 240-қа тең. Бірінші сан екінші саннан 2 есе артық, ал үшінші сан бірінші сан мен екінші санды қоса алғаннан 3 есе артық. Берілген санды табыңдар.
Шешуі: Берілген үш санда белгісіз, сондықтан теңдеу құру арқылы шығарамыз.
I сан – х ∙ 2 = 2x
II сан – х
III сан (2x + х) ∙3 Сонда жалпы теңдеуіміз осы үш санның қосындысын 240-қа теңестіреміз.
2x + х +(2x + х) ∙ 3 = 240
3x + 3x ∙ 3 = 240
3x + 3 ∙ 3 ∙ x = 240
3x + 9x = 240
12x = 240
x = 240 : 12
x = 20
Тексеру: 2 ∙ 20 + 20 +( 2 ∙ 20 + 20) ∙ 3 = 240
240 = 240
Жауабы: Берілген сан 20.
|