Сабақтың ортасы
|
Өзі қалаған мамандыққа әркім әр түрлі жолмен келеді. Біреулер осы мамандықтың иесі болуды бала
кезден армандайды, оны орындау үшін аянбай тер төгеді, ал екінші біреулер – отбасы дәстүрін
жалғастырушы, үшінші біреулер жаңалыққа, дербестікке талпынып, заман ағымына сай мамандық таңдаса, келесі біреулер әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдайды. Мамандық таңдауда адам өзінің жеке дара қасиеттеріне назар аударуы керек. Адам өз бойындағы жетістік пен кемшілікті,
икем мен қабілетті, күш-қуатты, мінезіндегі ұнамды, ұнамсыз жақтарын білгені дұрыс. Мамандық
таңдауда бос қиялға берілмей, өзінің бейімділігі мен білім даярлығына, денсаулығы мен мінез-
құлқына көңіл бөліп, мамандық туралы ақпаратты жақсы білген дұрыс.
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдіс арқылы сабақта меңгерген білімдерін қорытындылау.
І топ ІІ топ
Мамандықтарды Етістіктерді
Жазады жазады
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазады.
Мамандықтың түрі ..... Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, аспаз, жүргізуші, полиция қызметкері, теңізші, сатушы, балташы, егінші, сауыншы, шаштараз, тігінші, почташы, саяхатшы, кітапханашы және тағы басқалар.
Мамандықтардың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. .......адамдарды емдейді. .......... балаларды оқытады. Наубайшы нан ......... Жүргізуші машина ...... . Егінші егін егеді. Шаштараз .... қияды. Кітапханашы ..... береді. Аспаз тамақ ..... Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған ........ таңдап алады.
Oқушылар топ бойынша дәптерлерін алмастырып тапсырманы тексереді.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс жазыңдар
|
Аудиожазба
Карточкалар
Оқулық, дәптер
|