Сабақ мақсаты: Білімдік: Етістіктің шақтары туралы жан- жақты мағлұмат беру. Дамытушылық



Дата10.06.2017
өлшемі90,25 Kb.
#18383
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Етістіктің шақтары.

Сабақ мақсаты: Білімдік: Етістіктің шақтары туралы жан- жақты мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығар- машылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік: Берілген мысалдар аркылы Қазақстандык патриотизмге,адамгершілікке баулу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекіліктері: мультимедиялық тақта, сызба, буклет, сәйкестендіру тесті, терме диктант кестесі, сатылай кешенді талдау карточкалары.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, тестік тапсырманы орындау, терме диктант жазу, сатылай кешенді талдау.

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. ә) Өткен такырыпты қайталау. б)Үй тапсырмасын сұрау. “Етістіктің райлары”. в)Рай түрлеріне кесте бойынша терме дик­тант жаздыру.

Терме диктант

Менен не туралы болса да сұраңыз. Мен ойымды ашық айтайын. Менің де балалык шақтан өлеңге талабым болатын. Келешегімнен не шығатынын білгім келді. Желтоқсан окиғасына арнап өлең жаздым. Қарсы болмасаңыз, оқып берейін. Жақсылап тыңдағайсыз. Халықтың бір кәдесіне жараса игі еді. Өлең мазмұнына көп көңіл бөлемін, ұйқас қумаймын. Еліме ұнаса, маған одан артык не керек. Еңдеше, оқыңыз! Менің тыңдағым келеді. Тыңдаушы дайын болса, мен дайынмын. Тапсырма: Диктантты ауызша оқып берген соң, мәтінді мультимедиялық тақтадан көрсетемін. Студенттер алдарындағы кестеге мәтіндегі етістіктің рай түрлерін тереді.



Ашық рай

Бұйрық рай

Қалау рай

Шартты рай

болатын,жаздым,көңіл бөлемін, қумаймын.

сұраңыз, айтайын, оқып берейін, оқыңыз.

білгім келеді, тыңдағайсыз, жараса игі еді, тыңдағым келеді.

болса, болмасаңыз, ұнаса

Жаңа сабақ: "Етістіктің шақтары”.

Сызбаны қолдана отырып “Етістіктің шақтары” жөнінде мағлұмат беру.



Етістіктердің шақтары



Осы шақ Келер шақ Өткен шақ

Нақ осы шақ Мақсатты келер шақ Жедел өткен шақ

Ауыспалы осы шақ Болжалды келер шақ Бұрыңғы өткен шақ

Ауыспалы келер шақ Ауыспалы өткен шақ

Шағын лекция жаздыру: Іс- қимыл, амал, әрекеттің жасалу тәсілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Амал, әрекет, іс-қимыл үнемі белгілі бір мезгілде, шақта жүзеге асырылады. Етістіктің шағы сөйлеушінің сөйлеп тұрған кезімен байланыстырыла айқындалады. Осы ерекшелігіне қарай қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы үш түрге бөлінеді.(мультимедиялық тақтадан кестені көрсету)

Өткен шақ- іс-кимыл, әрекеттің, сөйлеушінің хабарлап тұрған мерзімінен бұрын болғандығын білдіреді. Іс- әрекеттің хабарлау уақытына, бұрын я жақындаболғандығына, яғни мағына ерекшелігіне карай өткен шақ үш түрге бөлінеді: 1.Жедел өткен шақ,2. Бұрынғы өткен шақ. 3. Ауыспалы өткен шақ. Жедел өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мерзімнің алдында ғана болып өткенін білдіреді: ол болымды, болымсыз етістіктерге -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Ол келді. Ешқайда бармады. Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрган мерзімнен бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді. Жасалуы: 1. Болымды, болымсыз етістікке есімшенің - ған, -ген, - қан, - кен жұрнағы мен жіктік жалғауы жалғану аркылы: барғанмын. айтқансың. 2. Болымды ,болымсыз етістіктерге көсемшенің – ып, - іп, -п жұрнақтары мен жіктік жалғау жалғану аркылы: болыпты, келіпті. 3. Осы екі жұрнаққа е етістігі жіктеліп келіп тіркесуінен не -ушы жұрнағының тіркесуінен жасалады:айтқан ем, жүрген ең, айтушы едім. Ауыспалы өткен шақ бірде өткен шақты бірде келер шакты білдіреді: - атын,-етін,- йтын, - йтін жұрнақтары арқылы жасалады: баратын. келетін. Осы шақ сөйлеп тұрған мезгілдегі және дағдылы іс-әрекетті білдіреді. Түрлері:нақ осы шақ отыр, жатыр, отыр, тұр, жүр қалып етістіктерінен жасалады.Жалаң(отыр),күрделі (жазып отыр) түрлері бар.

Ауыспалы осы шақ: көсемшенің - а, - е, - й жұрнақтары арқылы : барады, жүреді, сөйлейді. Келер шақ алдағы уақытта жүзеге асатын іс-әрекетті білдіреді.Түрлері: Мақсатты келер шақ (мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек):бармақ,түспек, айтпақ. Болжалды келер шақ: (-ар, ер, р,с): барар, келер, сөйлер, бармас. Ауыспалы келер шақ:(-а,е,й+жіктік жалғауы):барады,жүреді,тыңдайды.

Сабақты бекіту мақсатында, етістіктің шақтарына байланысты




I. Сәйкестендіру тестін алу. Үлгі:

  1. Болжалды келер шақ
    -ған, ген, кан, кен, ып, іп, п

    • а, е, й

    • ды, ді, ты, ті

    • ар, ер, р, с

    • отыр, жатыр, түр, жүр



  2. Нак осы шақ

  3. Ауыспалы келершақ

  4. Бұрынғы өткен шақ

  5. Жедел өткен шақ

II.Шығармашылық жұмыс көп нүктенің орнына кажетті етістіктерді қою және сатылай кешенді талдау жасау: Домбыра ......., Әбдірахмен ән салды. Алдымыздан кесе қашқан ор коянды ....... деп бірталай ат қинадык. Сайлауға келген ұлық әдемі сөзді сол сайлау жағынан ........ Отты үрлей берсең,............, көршіңді күндей берсең, көшірерсің. Етістіктер: алдырып,бастаса игі еді,өшірерсің,өткізбейміз. Талдау: 1)Алдырып - етістік, дара, туынды (ал+дыр+ып), сабақты, болымды, ашық рай, өткен шақ. 2)Өткізбейміз - етістік, дара, туынды (өт+кіз+бе+й+міз) сабақты,болымсыз, ашық рай, ауыспалы келер шақ. 3)Бастаса игі еді - етістік, күрделі, туынды (бас+та+са игі еді) сабақты, болымды, қалау рай, жедел өткен шақ. 4)Өшірерсің - етістік, дара, туынды (өш+ір+ер+сің) сабақты ,болымды, ашық рай, болжалды келер шақ.

Сабақты қорытындылау: III. Карточкадағы сөйлемдерді талдау.

Оқушылар білімін бағалау(түсініктемемен)

Үйге тапсырма: Етістіктін шақтарын оқу, буклет жасау, мысалдар теріп келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет