Сабақ мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата04.08.2017
өлшемі187,94 Kb.
#22963
түріСабақ
1   2   3
тұрақты температура кезінде берілген массадағы газ қысымы оның көлеміне кері пропорционал өзгереді, яғни мысалы, егер көлем кезінде газ қысымы , ал осы газдың көлем кезіндегі қысымы , онда



яғни

Тұрақты температура кезінде газ қысымының көлемге тәуелді өзгеру процесін график түрде изотерма деп аталатын қисық көмегімен кескіндейді:




2) Изобаралық процесс

Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изобаралық процесс деп аталады.

Тұрақты қысым кезінде және масса өзгермегенде газ көлемінің температураға тәуелділігін өрнектейтін газ заңын тәжірибе жүзінде Бойль – Мариотт заңы ашылғаннан кейін 150 жыл өткенде, яғни 1802 ж. француз физигі Ж. Гей – Люссак тағайындаған болатын.

Тұрақты қысым кезінде берілген массадағы газ көлемі температурамен сызықтық байланыста өзгереді:

Кельвин қолдана отырып, Гей – Люссак заңын басқа түрде жазуға болады. формуладағы жақша ішіндегі өрнекті түрлендірейік:




абсолют температура, ал болғандықтан,

Сонымен, тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолют температураға тура пропорционал болады.

Бұдан, тұрақты қысымдағы және тұрақты массадағы әр түрлі күйдегі газ көлемдерінің қатынасы сол күйлердегі абсолют температуралардың қатынасына тең екені шығады, яғни

Тұрақты қысыммен берілген тұрақты массадағы газ көлемінің температураға сызықтық тәуелділігін өрнектейтін график:



3) Изохоралық процесс

Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін изохоралық деп аталады.

Көлем тұрақты болған кезде газ қысымының температураға тәуелділігін тәжірибе жүзінде алғаш рет 1787 ж. француз физигі Ж. Шарль тағайындады.

Көлем тұрақты болғанда, газдың берілген массасының қысымы температураға қатысты сызықты өзгереді.

Шарль заңының математикалық өрнегі мынадай:



Шарль заңын мына түрде өрнектеуге болады:



Көлем тұрақты болғанда, газдың берілген массадағы қысымы абсолют температураға тура пропорционал:



Қысымның температураға тәуелділігі график түрінде түзу сызықпен кескінделеді:




ІV. Жаңа білімді бекіту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет