Сабақ мақсаты: Құбылыстардың динамикасына баға беруді үйрету


Кесте13-Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіштердің динамикасы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі125,59 Kb.
#93448
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
6 апта Статистика Дәріс (2)

Кесте13-Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіштердің динамикасы



Көрсеткіш

2015

2016

2017

2018

1.Аралық қатарлар

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі,млн.тг

533639,1

557390,4

610945,9

698832,9

Ғылыми мекемелер саны

253

267

273

295

ІІ.Мезеттік қатарлар

Жыл басындағы адам саны,мың адам

14851

14866

14951

15075

Жыл басына баланстық құн бойынша экономикалық қызмет түрлеріндегі негізгі қорлар,млн.тг

46340


45017


83046


95070


Динамикалық қатарлар (кезеңдік және сәттік) – абсолютті, салыстырмалыв және орташа шамалардан тұрады. Абсолюттік шамалардан тұратын динамикалық қатарларға мысал ретінде, жалпы ішкі өнім туралы, мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісі туралы, халық саны туралы мәліметтерді алуға болады.


Салыстырмалы шамалардан тұратын динамика қатарларына – мемлекеттік бюджеттің жалпы ішкі өнімге шаққандағы кірісінің жалпы үлесі туралы, жалпы халық санының ішіндегі қазақтардың үлесі туралы мәліметтер жатады.
Орташа шамалардан тұратын динамикалық қатарларға доллардың ауыстыру бағамының орташасы, мектепке дейінгі мекемелердегі орташа балалар саны жатады. Динамика қатарының көрсеткіштерін есептеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады:
деңгей;
ағымдағы деңгей;
алдыңғы деңгей;
бастапқы деңгей;
соңғы деңгей;
n-деңгейлер саны;
t-уақыт ұзақтығы

Кезең аралықтары тек бір жылдық қана емес, одан үлкен болуы да мүмкін, мысалы, әр жеке бесжылдықтарға бидайдың жалпы өнімі туралы мәліметтер: 1991-1995, 1996-2000, 2001-2005. Аралықтар бір жылдан аз болуы да мүмкін, мысалы, тоқсан басындағы, бір айдағы қоймадағы запастар туралы мәліметтер; банк кассасына қолма-қол түсетін ақша бойынша бес күндік мәліметтер; аптаның жеке күндері бойынша кинотеатрларға барғандар саны және т.б.
Динамика қатарларын зерттеу және талдау кезінде оның дұрыс құрылғандығын, сандық көрсеткіштердің дәлдікті көрсететінін білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Соның ішіндегі ең бастысы-динамика қатарларының бір-бірімен салыстырмалы болуы. Кейбір жағдайларда динамика қатарларының көрсеткіштері екі қатарда берілуі мүмкін және оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Сондықтан оларды салыстырмалы түрге келтіру үшін, уақыт ішіндегі көрсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз. Ол үшін динамика қатарын қабыстыру деп аталатын әдісті қолданамыз, өнім көлемі динамикасына талдау жасау үшін зерттеліп отырған екі қатарды бір қатарға қабыстыру (біріктіру) керек (кесте ). Ал жаңа қатардың мәліметтері салыстырмалы болу үшін 1998-2001жж мәліметтерін жаңа әдіс бойынша есептеп шығу керек. Ол үшін 2001 жылғы өнім көлемі туралы ескі және жаңа баға бойынша мәліметтерін қолдана отырып, олардың бір-біріне қатынасын табамыз: 24,8:23,1=1,07. Алынған коэффициентке 1998-2000жж мәліметтерін көбейте отырып, салыстырмалы қатарды аламыз. Қабыстырылған қатар кестеде келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет