Сабақ мақсаты: Допты екі қолмен кеудеден беру техникасын үйрету Барлық оқушылар орындай алады



Дата18.12.2019
өлшемі99,17 Kb.
#53757
түріСабақ
Байланысты:
Презентация Габдулин


Оқу мақсаты:8.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау

Сабақ мақсаты:Допты екі қолмен кеудеден беру техникасын үйрету

Барлық оқушылар орындай алады: Баскетбол ойынында допты беру тәсілдерін меңгереді, салыстырады. Допты беру дағдыларын біледі.Арнайы спорттық техникаларды орындай алады

Оқушылар көпшілігі орындай алады:Баскетбол ойынында допты беру тәсілдерін меңгеруге арналған жаттығуларды орындайды, сұрақтарға жауап береді. Дағдылармен реттіліктерді түрлендіре біледі

Кейбір оқушылар орындай алады: Баскетбол добын беру, қабылдау тәсілдерін үлгі ретінде көрсетіп,орындау техникасына байланысты бағалай алады.Ойын барысында допты беру әдісін түрлендіре біледі жетілдіреді және жинақтайды.



«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Габдулин Нурлан Ыбраевич

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ҚМЖ

Сабақ тақырыбы: Ойын техникасын жаңарту

Оқушылар орындай алады: Оқушылар баскетбол ойынында допты лақтыру, қабылдау, беру тәсілдерінің техникасын сыныптасына айтып түсіндіреді. Осы жаттығуларда мүмкін болатын қателерді анықтай алады, талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: Доп-мяч-ball; себет-кольцо-basket; ұпай-очко-point;

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:1. Баскетбол ойынында бір командадан алаңда неше ойыншы ойнайды?

2.Ойын кезінде пас беру арқылы ойнағанның тиімділігі неде?



Талқылауға арналған сұрақтар: Баскетбол ойнында ойыншы неше ескертпеден кейін ойыннан шығады?

Не себепті .....деп ойлайсыз? Баскетбол ойынында тең ойын болама?

Тілдік мақсат

Белсенді әдіс тәсілдері

Сабақтың барысы:


Басы

Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу, сабақты хабарлау. Саптағы жаттығулар орнында, қозғалыста «Жұптық жұмыс»



Жалпы дамыту жаттығулары

І. Бастапқы қалып: қол ұстасып бір – біріне қарама – қарсы түрады.1.Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау. 2.Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпенен де осылай жасау.

ІІ. Бастапқы қалып. Қолдарын төмен ұстап, бір – біріне арқаларын беріп тұрады.1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп солға еңкейеді.2.бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.

ІІІ. Бастапқы қалып. Бір – бірінің иықтарын ұстап, алға еңкейіп тұрады.

1. Алға қарай серіппелі түрде еңкею.2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу IV. Бастапқы қалып қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір – біріне арқаларын беріп тұрады.1-2.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.3.Бастапқы қалыпқа келу. 4-5.Екінші аяқпен де осылай істеу .

V. Бастапқы қалып қолдарын шынтақтан іліп алып, бір – біріне арқаларын тигізу.1.Жартылай отыру. 2.Бастапқы қалыпқа келу .



ҚБ< от шашу> әдісі арқылы бағалау

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі

Топтық жұмыс: «Дойбы әдісі» арқылы топқа бөлемін. Әр топқа деңгейлеріне қарай әр түрлі тапсырма беріледі. Топтық жұмыстың негізігі мақсаты өзара әрекеттестікке түсіру арқылы жаттығуларды орындау, өзара оқыту.

Бағалау критерийі;1.Түрлі дене әрекеттерін орындау барысында рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды және сақтайды. 2. допты төменнен қабылдау әдісін түсіндіреді және көрсетеді.

Дескриптор Білім алушы:ойын ережесін,ойыншы турысын анықтайды;әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады; допты қос-қолдап еденнен беру .1 топқа - тапсырма: Баскетбол добын екі қолмен кеуде тұсына беру арқылы жұптасып алып жүру. Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру; Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады; Допты екі қолмен кеудеден беру

Оқушылардың мақсаты: Практика жүзінде дұрыс допты лақтырып беру арқылы жұптасып алып жүру және орындалу тәсілдерін, дағдыларын білу және келесі топқа үйрету. 2 топқа - тапсырма: Баскетбол добын қабылдау (ұстау) тәсілдері:Допты ұстаған бетте тез әріптесіне беру;Допты ұстау кезінде орнықты тепе-теңдікті сақтаған қалыпта және кез-келген еркін қозғалатындай ыңғайда болу керек;Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанды ұшы келе жатқан допты қарсы бағыттау керек. Оқушылардың мақсаты: Практика жүзінде дұрыс допты қабылдау,орындалу техникасын үйрету келесі топқа .Екі жақты ойын. Талдау. «Джиксо» әдісі. Әр топтан топ басшылары шығып допты алып жүру, допты лақтыру, допты ұстау тәсілдерін көрсетеді, және салыстырады.Бағалайды.Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Уақыт шеңбері» әдісі.Бағдаршам арқылы бағалау.

«Еркін микрафон» әдісі арқылы әр топтың ойыншылары ойын кезінде қандай әсер алғаны жайлы және ойларындағы сұрақтар қойылады.Оқушылардын білу,түсіну, қолдану, деңгейі анықтап келесі сабаққа тапсырма саралап беру.Үйге тапсырма: Баскетбол спортындағы еліміздің атақты саңлақтары жайлы ақпарат жинау.

Ортасы


Соңы

Берілген әдіс тәсілдерді қолдана отырып деңгейлеріне қарай тапсырма беру. Жұппен жұмыс деңгейі жоғары оқушы деңгейі төмен оқушыны үйретеді. Жоғарғы деңгейлі оқушыларға жаттығу техникасын орындатқызу.Ойын барысында рөльдерге қойғанда деңгеиіне қараи саралау



Саралау

Критериалды бағалау



Аты-жөні

Ойын ережесін ойыншы тұрысын анықтайды

Әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады

Допты қос-қолдап еденнен беру

Балл

Бағасы

1

Топ

1

1

1

3

5

2

Топ

1

1

1

3

5


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет