Керекті құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру: Радиациялық сәулелердің қауіптілігін қалай түсіндіреміз?
Күн радиацисынан қорғану қажет пе?
Радиактивті сәулелердің өтімділік қасиеттері қандай?
Изотоптардың активтілігі деген не және ол қандай бірліктермен өлшенеді?
Сәулелену дозасы және жұтылған доза деп қандай шамаларды айтады?
Олардың өлшем бірліктері қандай?
Шекті босатылған доза мен адам өміріне қауіпті доза мөлшері қандай?
Грей мен рентген бірліктерінің арасында қандай байланыс бар?