Сабақ мақсаты мен міндеттері



бет3/3
Дата27.03.2024
өлшемі370,53 Kb.
#200316
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
4 так

7. Жаңа сабақты бекіту: (30 мин)
Есептер шығару.
«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі
Мақсаты: Топтық білімді жинақтау ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлді түрде жеткізе білуге ықпал ету.
Әр оқушы алдымен өзі орындайды,көршісімен ақылдасады, топқа түсіндіреді.



Есептер шығару. Есептер арнайы жасалған «қиық карталарда» орындалады. Алғашқы екі есепті өзім шығарып көрсетемін. Қалған есептерді өздерің шығарылу жолына қарап орындауларың қажет.
1.Өткізгіштегі ток күшінің шамасы 3 А-ге тең. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 4 с уақыт аралығында қанша заряд өтеді?
2.Көлденең қимасының ауданы 20*10-2 м 2 өткізгіштен 10 с ішінде 20 Кл заряд өтсе, ондағы ток күші қандай?
3.Кедергісі 1 Ом өткізгіштен 15 с уақытта 45 Кл заряд өтетін болса, онда өткізгіш ұштарындағы кернеудің түсуі неге тең?
4.Көлденең қимасының ауданы 8*10-2 м2 өткізгіштен 24 Кл заряд 16 с ішінде өтеді. Ток күші неге тең?
5.Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай?
6.Электр дәнекерлегішінде ток күші 500 мА. Осы дәнекерлегіші арқылы 2 мин сайын қанша заряд ағып өтеді.
7.Тізбек бөліген 50 Кл электр заряды өткенде, 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігінде кернеу неге тең болады.
8.Өткізгіштен 50 Кл электр заряды ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштердің ұштарындағы кернеу 120 В.
9.Прожектордың электр шамындағы ток күші 2 А. Егер ол 1 мин ішінде 45,6 Дж энергия жұмсайтын болса, прожекторға түскен кернеу неге тең болады?
10.Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 5 В. Осы өткізгіш 40 с ішінде 500 Дж жұмыс жасайтын болса, онда ток күші неге тең?


8. Үй тапсырмасы: (2 мин). Тұрақты токтың пайда болу шарттары. Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші тақырыбын қайталау. Формулаларды жаттау.
9.Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау: (5 мин)
Қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру: “кім жылдам”.
1. Электр тогы деп нені айтады?
2. Электр тогы қалай бағытталады?
3. Ток тығыздығы беп нені айтады?
4. Ток көзі деп нені айтады?
5. Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?


Бағалау.






10.Әдебиеттер:
- Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2006

WEB сайттары тізімі
1. www.google.kz 2. www.fizica.ru 3. www.e-gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет