Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Жоғары дәрежелі нерв қызметінің дамуы



бет18/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

1. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің дамуы.
Организм және оның тіршілік ету жағдайының бірлігін жүзеге асырудағы нерв системасының қызметін жоғары дәрежелі нерв әрекеті деп атайды.
Адам психикасын арнайы ғылыми- психология зерттейді. Қазіргі кезде сананы тану жолында психологиялық процестердің материалдық субстраты ретінде жүйке жүйесінің қызметін зерттейтін жоғары дәрежелі жүйке қызметінің физиологиясы ғылымы дамыды. Бұл ғылым биология, психология, медицина, педагогика, ветиринария, зоология ғылымдарымен байланысты, оның мазмұны мен міндеттерін айқындап береді.
Ж.Д.Ж.Қ физиологиясы психологиялық іс-әрекетке жататын жануарлардың күрделі мінез-құлқы мен адамдардың активті ойлау механизмін қарастырады. Нервтік Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологиясы мидың психологиялық іс-әрекетінің материалды субстратын объективті түрде тану және алынған білімді адам денсаулығын сақтауда жануардың мінез-құлқын басқаруда өнімді еңбекті қалыптасу міндеттерін шешуде қолдану. Адамның және жануарлардың Ж.Д.Ж.Қ-ң туа және жүре пайда болатын бейімделудің формалары және мидың үлкен жарты шар қыртыс асты түзілістердің бірлесіп жұмыс істеу нәтижесіне байланысты.
Жаратылыстану ғылымының жетістіктері психологиялық құбылыстар табиғатын ашуға мүмкіндігін береді, алайда денеге басшылық жасайтын жан туралы діни мистикалық ұғым қалыптасады. Сондықтан француз философы және жаратылыстану ғалымы Р.Декарт (1596-1550) «Рефлекс принципі» жарты жолда аяқталмай қалды, оны ары қарай психологиялық сферада дамыта алмады. Осындай жолды 200 жылдан соң орыс физиология атасы И.М.Сеченов (1929-1905) дамытты. 1863 ж И.М.Сеченов «Бас миының рефлексі» атты еңбегін жазды. Ол Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологиялық механизмін түсіндірді организмді бір тұтас ретінде қарастырды және сыртқы ортамен үнемі байланыста болады деп айтты. Организмнің барлық іс-әрекеті рефлекторлы жолмен нерв жүйесі арқылы жүзеге асады дейді.
С.П.Боткин (1832-1889) И.П.Павловтың физилогиялық көзқарасты қалыптастырушы жағдай жасады. Медицинада физиологияның негізін салушы және физиологиялық әдістерін медицинаға енгізуші, адам организмінің сыртқы ортамен өзара байланысын қарастыра отырып оның әрекеті рефлекторлы болады деді. Организмдегі барлық физиологиялық процестер нерв жүйесі арқылы жүзеге асады, ал патологиялық процестердің болуы психологиялық факторлармен басқа да әсерлердің жүйке жүйесі арқылы әр түрлі ауруларды туғыздыруына байланысты. Бұл С.П.Боткиннің «неврогенді теориясы» немесе «Нервизм идеясы» деп аталады. И.П.Павлов Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологияда 1901 жылы еңбектері басталды. И. П. Павлов, И. М. Сеченовтің психикалық іс-әрекетінің рефлекторлы сипатына сүйене отырып, ол О.Ж.Ж жоғары бөлігі қатысатын күрделі рефлекторлы реакциясы деп атады.
Физиологиялық әдістерді қолдана отырып психикалық сілекей бөліну рефлекторлы қызмет реакциясымен жүзеге асатынын көрсетті. Павловтың шартты рефлекстерді зерттеу әдісі сүтқоректілерде оның ішінде итте жүргізілген. 1902-1936 жылыдар аралығында Павлов лабораториясында 170 ғылыми қызметкерлердің қатысуымен 600-ден астам эксперимент Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологиясына жасалды. Бұл зерттеулер рефлекстер іс-әрекетінің негізгі заңдарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл әдіс шартты рефлекстерді зерттеудің классикалық әдістері болып табылады немесе фистула қою әдісі деп аталады.
Адамның психикалық әрекетінің негізіне не жататыны туралы мәселе ғалымдарды ерте заманнан бері ойландырып келген. Мидың жоғарғы бөлімінің рефлекторлық қасиетіне алғашқы рет анықтама берген И.М.Сеченов. Осыған орай Сеченовтың 1863 жылы "Ми рефлекстер!" атты еңбегі жарыкқа шықты. Осы еңбегінде былай деп жазған: "Сана дегеніміз мидың кызметі және оны организмнің басқа кез келген қызметі сияқты зерттеуге болады. Себебі, саналы және санасыз өмірдің барлық әрекеті шығу тегі жағынан алғанда рефлекстерден тұрады".
Ол физиологтардың ішінде бірінші болып, "жан сезімінің" және "тән сезімінің" қызметін зерттеуге қолданылатын тәсілдерді пайдаланды.
И.М.Сеченовтыц адамның психикалық әрекеті туралы ұсынған ұғымының сол кездегі діни-идеалистік көзқарастарға қайшы келгені рас, себебі идеалистік бағыттағылар соққыға ұшырады.
И.М.Сеченовтың еңбегі отандық педагогиканың дамуына үлкен әсер етті. И.М.Сеченовтың прогресшіл ойлары оқу және тәрбие жөніндегі ғылымды жетілдіре түсу үшін негіз болды.
К.Д.Ушинский өзінің көптеген еңбектерін жазуда педагогиканың негізгі етіп физиологияның маңызды жағдайларын пайдаланды. Өзінің негізі еңбегінде ол организмнің даму бағытын анықтауға сыртқы ортаның тікелей қатысы бар екенін ескеріп, "цивилизациямен бірге адамның өз организмі де өзгерді" деп жазған. Ушинский организмнің дамуына өзінің бойындағы заңдылықтар, соның ішінде нерв кызметі мен рефлекторлық механизміне қатысы бар қасиеттер әсері еді деген. Ушинский И.М.Сеченовтың ілімін оқу және тәрбие жұмыстарында адамның еске сақтау мен ақылдығын дамытуды, әдеттер мен дағдыларды нығайтуды педагогикалық тұрғыдан ойластыру ушін пайдаланды.
И.М.Сеченовтың кітабын И.П.Павлов "адам ойының данышпандық карыштауы" деп атады. Жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі ілімді зерттеуді және И.М.Сеченовтың идеясын ол одан әрі қарай жалғастырды. И.П.Павловтың аса зор еңбегі - күрделі психикалық кұбылыстарды зерттеуге обьективті физиологиялық әдістерді яғни шартты рефлекстер әдісін қолдануы. Осы әдіс арқылы ғалым үлкен ми сыңарларына "үңіліп", олардың қызметінің заңдылықтарын анықтады, дене және психикалық құбылыстардың бірлігін дәлелдеді. И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі ілім психикальқ процестердің материалды екендігін дәлелдеп, идеалистік көзқарасты жоққа шығарып, маркстік-лениндік материалистік философияның шындығын атап көрсетті.
Организмнің көптеген тәжірибесі жұмыстарын нәтижесінен алынған тітіркендіргіштерге қайырған жауап реакцияларын зерттеп, И.П.Павлов рефлекстерді екі топқа бөлген: шартсыз және шартты рефлекстер.
Жоғары дәрежелі жүйке қызметін зерттеуде Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі: Қазақстанда физиологиялық ғылымының дамуы А.П Полосухиннің атымен байланысты. Қазақстан ғылым академиясының физиология институтының алғаш директоры болған, одан кейін ауылшаруашылық малдардың асқорытуын зерттеген физиолог О. Н. Базанова. Мысалы: К. Т. Ташенов, Н. Рымжанов, тағы басқа да үлес қосқан.
Жоғары дәрежелі жүйке қызметінің эволюциясы мен физиологиясынің жаралытылыстану және гуманитарлы пәндер арасындағы орны.
Философиямен Ж. Д. Ж. Қ. негізінде диалектикалық материализм принципінің жаратылыстану ғылыми дәлелдемелерін құрады; Психология физиологиялық әдістер арқылы адамның ойлауын зерттеу арқылы ойды тудыратын материалды субстратты қалыптастырады; Педагогика- Ж.Д.Ж.Қ-ң негізінде оқыту мен тәрбиелеудің теориясын қалыптастырады. Оқушының мінез-құлқын қалыптастырады; Медицина-нервизм бағыты бойынша Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологиясы мен эволюциясының байланысы негізінде медициналық жағдай салалары дамиды; Биология- жануарлар эвалюцияның сұрақтарын шешу Ж.Д.Ж.Қ-ң физиологиясы мен эвалюциямен байланыст; Малшаруашылығында адамға қажетті жануарларды көбейту физиологиялық тәсілдерінің теорилық негіздерін берді. Организм және оның тіршілік ету жағдайының бірлігін жүзеге асырудағы нерв системасының кызметін жоғары дәрежелі нерв әрекеті деп атайды.
Адамның мінез-құлығы өсіп жетілген сайын өзгереді және жоғары сатыға көтеріледі. Қазіргі дәлелдемелер бойынша мінез бен психика мидың ассоциативтік жүйесі арқылы атқарылады. Балалардың жүйке жүйесінің іс-әрекетінің қалыптасуы ми қыртысындағы құрылымдардың дамуында тәуелді болады,бала ересектермен қатынасуы арқылы тәрбие алады және сыртқы ортаны таниды,жаңа туған балада алғашқы күнінен бастап сыртқы ортаны сезетін бірқатар қабілеті болады.Кейін осы қасиеттер негізінде сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге көптеген шартты рефлекстер қалыптасады: ему,үйқы, сергектік күйлерге байланысты вегетативтік, кейінен қозғалыс шартты рефлекстері пайда болады.Сөзге шартты рефлекстер бөбектін 6 айлығында пайда болады.Сәбилер 7-3 жас аралығында жүреді және сөйлейді.Сондықтан өздігінен қозғалысы қоршаған заттармен жан-жақты танысуына мүмкіндік туғызады,ал сөйлеу қабілетінің дамуы адамдармен қарым-қатынас жасау. Баланың 4-7 жасында жүйке процестері күшейіп қозу мен тежелудің индукциялық қатынасы анық қалыптасады, 7 жастағы балалар жалпы және топтық белгілерді жіктей алады, 8-11 жас арасында жүйке іс-әрекеті одан әрі дамиды, ішкі тежелудің барлық түрі жиылады. 10-11 жаста миы үлкендер деңгейіне жетеді, алайда бұл кезеңде шамадан тыс оқу жүйке жүйесінің іс-әрекетінің жағымсыз өзгерістеріне әкеледі: қыздардың 11-13 ұлдардың 13-15 жастағы кезеңі өтпелі шақтын бірінші кезеңі деп аталады. Жыныстық белгілері дамиды, эндокриндік өзгерістер пайда болады. Мінезінде қозу тежелуге қарағанда өте басым болады.II-ші сигналдік жүйе де өзгереді,өтпелі шақтын екінші кезеңі қыздарда 13-15, ұлдарда 15-17 жаста.Бұл кезде балалар тез өседі,дене салмағы ұлғаяды,көңіл-күйі өзгереді. 15-16 жаста II-ші сигналдік жүйе 2-ші орын алады.Сөздік тітіркендіргіштеріне шартты рефлекстер тез қалыптасады,сондықтан тәрбиешілер,ата-аналар,дәрігерлердің міндеті осы жағдайларды ескеріп,бұл процестерді жеңілдетіп,теңестіріп, баланың ақыл-ойын, мінезін дұрыс ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет