Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет48/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы.- Алматы;РБК, 2000. -419б.
2. Каундыкова Р.К. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Оқу құралы. –Түркістан, 2003.
3. Дуйсенбин Қ.Д.Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. –Алматы, 2001. -217б.
4. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Екінші басылым. –Алматы, 2004.
5. Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Хрестоматия по возрастной физиологии. –М.: «Академия», 2002. -288с.
6. Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. –М.: Академия, 2000. -376б.
7. Жұмабаев С. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы . Алматы, 1996ж.
8. М.Т.Матюшонок, Г.Г.Турик, А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы. Мектеп. 1986. –Б. 285.

12 Дәріс тақырыбы: Сыртқа шығару жүйесі жастық ерекшеліктері (1 сағат)


Сабақ мақсаты: сыртқа шығару жүйесінің жастық ерекшеліктерін қарастыру
Сабақ жоспары:

      1. Сыртқа шығару жүйесінің маңызы, құрылысы

      2. Бүйректің жетілуі.

      3. Бөлу органына қойылатын гигиеналық талаптар. Түнгі несеп ұстамау



1. Сыртқа шығару жүйесінің маңызы, құрылысы
Зат алмасу процестерінде түзілетін ыдыраудың соңғы өнімдері, шлак болып саналады. Олардың жинақталып, ұзақ сақталып қалуы организмге үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Негізінен минералды заттардың бірқалыпты шығып тұруы организмдегі қышқылды- сілтілі тепе-теңдікті сақтап тұрады да, оның биологиялық жүйелерінің беріктігін қамтамасыз етеді. Зат алмасу процесінде организмде керексіз заттар да пайда болады. Егер олар тез шығарылып отырмаса, организмде улану қаупі туады. Несеп жүйесі тері бездері, өкпе, тік ішек т.б. ағзалар керексіз заттарды сыртқа шағарып, уланудан сақтап отырады. Несеп шығару аппаратына қос бұйрек пен несепағар, қуық және несеп жолы жатады. Бұлар ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттар мен суды сыртқы ортаға бөліп отырады.
Организмнің тіршілік әрекеті процесінде барлық ұлпаларды белоктар, майлар, көмірсулар ыдырап, соның нәтижесінде энергия бөлінеді. Сонымен бірге зат алмасудың соңғы өнімі деп аталатын қосылыстар түзіледі. Түрлі органдардың ұлпаларынан алмасу өнімдері қанға қосылып, содан қанмен бірге бөлу органына барады да, бөлу органы арқылы организмнен сыртқа бөлінеді. Бөлу өнімдерінің көпшілігі несеппен бірге, несеп органдары арқылы бөлінеді.
Бүйректің құрылысы мен қызметі. Бүйрек құрсақ қуысында, жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Сыртқы пішіні бұршақ тәрізді, ересектерде ұзындыңғы 12 см, ені 6 см, салмағы 120 граммға дейін жетеді. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда 1–2 см төмен. Бүйректер артқы жағынан көкетке (диафрагмаға), белдің құрсақ қуысына, алдыңғы жағынан тоқ ішектің өрлеу және төмендеу бөліктерімен шектеледі. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты. Әйелдерде төмендеу, нәрестелерде одан да төменірек, жамбас ішіне түсе жатады.
Бүйрек сыртқы (қыртыс) тығыз фиброзды және ішкі (ми) дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Бұлардың құрылымдық және функциялық бірлігі нефрон болып табылады. Бүйрек пирамидалық саны 10– 15 шақты. Бүйректің ішкі құрылысы біртекті нефрондардан тұрады. Адамның 2 бүйректегі нефрон саны 2-3млн. Бұлар кезектесіп қызмет атқарады. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығарылады. Нефрон мальпиев денешігінен және несеп түтікшелерінен тұрады. Мальпиев денешегі тулянский капсуласынан және осы капсуланың ішінде орналасқан шумақ түтікшелерден тұрады. Капсула сыртқа шығару ағын жолына баратын несеп түтікшесіне жалғасады. Несеп сыртқа шығу ағын жолымен лоханка қуысына барып, ол жерден несеп жолына барады да, содан кейін қуыққа өтеді. Бүйректер артерия қан тамырларымен қамтылған. Бүйректерде бір тәулікте 170 литрге жуық сұйықтық сүзіліп, орта есеппен алғанда организмнен 1,5литр көлемінде концентрация несеп шығады.
Бүйректің қантамырлары арқылы бүйрекке келген қанның құрамында зәр бөліну процесі жүреді. Екі бүйректің қылтамырлар ұзындығы 70 км, олардың ішкі беті-4-6 кв.м.
Бүйрекке қанды әкелетін тамырды- бүйрек артериясы деп атайды. Ол бүйректің қыртысында заты мен милы заттың шекарасында тарамдарды, доға артериясын түзеді. Олардан бүйрек капсуласына қарай «әкелуші» артерия шығады. Олар бүйрек капсуласының ішіне еніп, тарамдалып, капилляр шумағын түзеді. Осы кіші тамырдың бірігуі нәтижесінде «кері әкетуші» артерия деп атайды. Ол капсуладан шығып, 2-ші рет капилляр тамырына тарамдалып, бүйрек түтікшелерінің сыртын (қоршап) торлап жатып, зат алмасу процесін жүргізеді. Осының нәтижесінде артерия қаны вена қанына айналып, бүйрек венасы арқылы бүйректен шығады. Әкелуші тамырдың диаметрі әкетуші тамырының диаметірінен кең болу себебінен капсулаға қан көп келіп, аз шығады. Осының нәтижесінде капсулалар шумағындағы қанның қысымы әр уақытта жоғары болады. Капсулалардың қуысында сүзілу процесі өтеді. Қанның сүзіліп шыққан қан плазмасына ұқсас сұйықтығын алғашы несеп деп атайды.
Несепағар ұзындығы 30 см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі, кіші жамбас бөлігімен төмен түсіп, сірнелі қабықша астынан, қуық қабырғасының төменгі жағынан қиғаш өтіп, түбіне таман ашылады. Несепағар қабырғасы үш қабаттан: ішкі кілегей қабат іш жағына астарлап, ұзына бойы қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тінінен түзілген. Мұның өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы сақиналы, ішкі ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде бүйректен бөлініп шыққан несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады.
Қуық зәрдің уақытша жиналып тұратын органы. Ол жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан. Ерлердің қуық артында несепағар мен тік ішек және шәует көпіршіктері жанаса жатады. Ал әйелдерде қынап пен жатыр жатады. Оның алдыңғы кеңістігінде бос болбыр май тіні болады. Көлемі өзгермелі, яғни қуық пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Ол несепке толған кезде алмұрт тәрізді, оның төменгі жағын түбі, жоғарғы жағын ұшы, орта бөлігін денесі дейді. Қуық түбінен несеп жолы басталады. Қуық сыйымдылығы 700 см² . Қуық кіндік, жамбас, шат байламдары арқылы өз орнына бекіп жатады. Оның қабырғасы те созылғыш келеді. Бос кезінде қабырға қалыңдығы 1,5 см, толған кезде 2-3 мм жұқарып созылады. Жас балаларда қуық ересектерге қарағанда кіші. 1 ай-ұлдарда 62мл/қыздарда 74мл; 1 жыл- 195мл/283мл; 7-8 жас- 841мл/505мл; 9-10жас- 936мл/575мл; 12-13 жас- 1240мл/840мл; 20-25жас- 2800мл/1900мл. Баланың жасы өскен сайын қуықтың көлемі ұлғайып, тәулігіне зәр сындыру кемиді. Қуықтың қабырғасы ішкі –кілегейлі, ортаңғы –жазық салалы, сыртқы –дәнекер ұлпалы қабатынан тұрады.
Несеп каналының қуықтан басталар жерінде сақиналы ет талшықтары жинала келіп, қысқыш жасап жатады. Қуық толған кезде ет талшықтары босап, несеп каналының ашылуына себепші болады. Ішкі кілегейлі қабат ығыспалы эпителийден түзілген. Несепағардың қуыққа ашылар тұсында кілегей қабықшасы қатпар түзеді. Ол клапан тәрізді несепағардың аузын жауып несептің кейін кетпеуіне кедергі болады.
Несеп каналы- қуықтың зәр шығаратын түтігі. Ол ер адамда шәует жолымен бірігіп келсе, әйел адамда бөлек болады. Ер адамдардың несе каналы басталар, ортаңғы және соңғы бөлімдерден тұрады.
1. Басталар бөлімнің ұзындығы 3-4см оны қуық түбіндегі предстат безі қоршап жатқандықтан предстат бөлімі деп аталады. Осы бөлімнің 2 жағынан шәует шашқыш ағысы мен предстат безінің түтікшелері ашылады. Несеп каналының қуықтан басталар жерінде жазық салалы ет талшықтарынан түзілген ішкі қысқыш сфинтер жатады.
2. Орталық бөлімі қысқа (1-3см) және жіңішке болып келеді. Ол жамбастың түп жағында орналасқан. Бұл бөлігі бұлшықеттер мен шандырлар арқылы шат сүегіне берік бекемделген.
3. Соңғы бөлімі басқа бөлімдеріне қарағанда ұзындығы (16-18см), бұл жыныс мүшелерінің астыңғы кеуекті денесі болып саналады. Оның басталар жерінде бадана (Куперов) бездің бірнеше түтіктері ашылып, оның шығаратын сұйықтығы несеп каналына шығып отырады.
Балалардағы несеп түзілу процесі үлкендердікі сияқты 2 фазада өтеді:1-сүзілу- алғашқы зәр; 2-қайта сіңірілу (реабсорбация)- екінші зәр шығару
Сүзілу қайта сіңірілу теориясы бойынша алғашқы несеп қанның плазмаларынан құралады. Шумлянский капсуласына бөлінеді. Оның жалпы мөлшері тәулігіне 150-170литр. Химиялық құрамы бойынша еріген заттары бар су (ірі молекулалы белоктық қосындылар). Алғашқы несепте органикалық емес және органикалық заттар белоктардан басқа қан плазмасындағы заттармен бірдей екендігі эксперимент арқылы дәлелденеді. Одан кейін Гепле капсуласында алғашқы несеп бүйрек сүзгісінде қайта сорылып 99% екінші несепке айналады. Бұл кезде калий, кальций ионы 90%, несеп қышқылы 80%, натрий 55%, хлор 40% фосфаттары қанға қайта сорылады. Екіншілік несепте құрамында қант, басқа заттар болмайды. А
Алғашқы несеп 1 сағат ішінде 7200мл дейін жиналғаны мен орта есеппен екіншілік несептің тек 60-120мл шығарылады. Бұл алғашқы несептің 96-98% қайта сіңіріледі. Төменгі сынып оқушыларында тәулігіне 1000-1530мл, орта сыныптарда-1920мл, жоғары сыныптарда-2000-2500мл несеп шығарылады. Несеп мөлшері ішілетін тамақ пен істеген жұмысқа байланысты.
Несептің химиялық құрамы оның түсі мен мөлдірлігі тұздардың, қышқылдардың, өт пигменттерінің шоғырлануымен бүйректің ыдырау өнімі мен гемоглобинді несеп пигменттеріне айналдырумен анықталады. Несеп пигменті ашық сары түсті, мөлдір сұйық. Тұндырғанда тұздар мен кілегейлер тұнба шөгеді. Төменгі сынып оқушыларында несептің меншікті салмағы 1018, орта сыныпта- 1015, жоғары сыныпта-1015-1025.
Балалар мен ересектерде несептің меншікті салмағының жоғарылауы белок, эритроциттер, лейкоциттер, эпителий ұлпаларының болуы сырқаттың барлығын, шамадан тыс жұмыс істеудің , өт мол тамақ ішудің әсері екендігін білдіреді. Ал меншікті салмақтың төмендеуі –суды аса көп ішкеннен несептің сұйылуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет