Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет61/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

Қан ұюы, топтары. Қан аздық

Қан ағзада қалыпты жағдайда сұйық күйінде болады. ал қан тамырлары жарақаттанғанда, ол қоюлана түсіп, жарақаттанған жерді бітеп, қан ағуын тоқтатады. Бұл қанның ұюы деп аталады. Егер қан ұюы болмаса организм қансырап, тіршілік жойылған болар еді. Қан ұю процесі 3-4 минут ішінде байқалады. Қан ұюы ағзадағы қорғанышьық қызмет.
Қан ұю процесі- қан плазмасы құрамында сұйық түрінде фибриноген белогінің, ерімейтін фибрин белогына айналуы. Фибрин жіңішке жіпшелер тәрізді болады. Фибрин жіпшелері тор тәрізденіп қоюлана түседі. Қан ұюына кальций, К витамині, тромбин ферменттері қатысады.
Қан құрамында кейбір белок жетіспесе оның ұю процесінде кенет өзгерістер байқалады. Егер қан плазмасында глобулин белоктарының бірі жетіспесе- гемофилия немесе қан тоқталмау ауруы байқалады. Қанның ұю процесіне қатысты бірнеше факторлар бар. Қан тамырлары бойымен қозғалу кезінде қан ұйымай сұйық күйіндгі қасиетін сақтайды немесе патологиялық жағдайда қан тамырларында ұйып немесе тромбалар пайда болып, адам өмірінен қауіп туады. Әрине бұл қан кетуденде қауіпті (ми қан тамырларының, өкпе артерияларының тромбозы.
Қан топтары.егер адам қансыраса, ішкі орта қалыпты жағдайы бұзылады- бұл өте қауіпті. Қан құюды алғаш рет Австрия ғалымы Карл Ландшейнер және чех ғалымы Ян Янский. Олар адам қанын 4 топқа бөлген. Бір адамның қан пласмасы басқа адам эритроциттерінің желімдейтінін- агглютинация деген. Эритроциттің белокты заты 2 түрлі агглютиногендер- А;В (желімделетін), ал қан плазмасында 2 түрі-агглютининдер альфа, бета (желімдейтін зат) анықталған.
І топ- эритроциттерінде агглютиноген болмайды, плазмасында агглютинин альфа, бета болады;
ІІ топ- агглютиноген А, агглютинин бета;
ІІІ топ- агглютиноген В, агглютинин альфа;
ІҮ топ- агглютиноген А,В; агглютинин жоқ.
Қан беретен-донор, қан қабылдайтын-рецепиент.
І топты- барлық топтарға құюға болады;
ІІ топты- ІІ;ІҮ топқа;
ІІІ топты- ІІІ; ІҮ;
ІҮ топты- ІҮтопқа ған құю керек.
Резус фактор- белок. Адамдардың 85% эритроциттерінде резус-фактор бар- оң резус фактор, ал 15% болмайды- теріс резус фактор.
Қан аздық- қанда эритроциттер санының немесе гемоглобин мөлшерінің кем болуы. Бала жасы неғұрлым кіші болса, қан азаю соғұрлым анық байқалады. Себебі қан жасалу мүшелерінің қызметі әлсіз, ауа өту жолдарының физиологиялық жағынан әлсіз болуы. Бұнын қалпын сақтау күн режимімен байланысты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет