Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі қызметі



бет15/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

2. Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі қызметі.
Рефлекс – организмнің орталық жүйке жүйесінің қатысуы арқылы тітіркендіргіштерге жауап қайыру реакциясы. Организмге тұрақты әсер ететін әртүрлі тітіркенулерді рецепторлар қабылдайды. Сол тітіркенулерге организм белгілі іс- әрекетімен жауап қайырады. Ауызғ тамақ заттары барғанда, тілдің бүршіктері тітіркеніп, сілекей бөліне бастайды. Организмнің осы барлық реакциясы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Тітіркену кезінде рецепторларда пайда болған қозу импульстері сезімтал жүйкелермен орталық жүйке жүйесіне барып, ол жерден қозғалтқыш жүйкелер арқылы әртүрлі органдарға барады. Органдар белгілі іс- әрекетпен жауап қайырады (еттер жиырылады, бездер секрет бөледі).
Рефлекстердің жасалуындағы қозудың жүру жолы рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға негізінен 5 бөлімнен тұрады: рецептор, афференттік жол, аралық нейрон, эфференттік жол, эффектор.Рефлекторлық жолдың бір бөлімі зақымдалса рефлекс жасалмайды. Рецепторлар құрылысына, орналасуына жеріне және қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: экстерорецепторлар (сыртқы), интерорецепторлар (ішкі) және проприорецепторлар (сіңір).
Экстерорецепторлар сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Оған көздің торлы қабығы, құлақ, тері, иіс және дәм сезу клеткалары. Олар сртқы орта факторларының жанасудың, температураның, жарықтың әсерелері мен өзгерістерін қабылдайды.
Интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, жүректе, бауырда, бүйректе, қан тамырларда орналасқан. Әрі мүшелер қызметінің өзгеруімен және организмнің ішкі ортасының күйімен байланысыты тітіркенулерді қабылдайды.
Проприорецепторлар (сіңір) бұлшықеттерде болады, еттердің жиырылып, созылуын қабылдайды, яғни еттерде қимыл- қозғалыстарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет