2.Өсу және даму. Адам организмі біртұтас жүйе ретінде онтогенездік кезеңдерде өсіп тіршілік жасайды. Адамның тіршілік әрекеті жас кезеңдеріне сай өзгеріп отырады. Өйткені онтогенездік дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Өскелең организмнің жетілуі- өсу, даму, дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.
Өсу- организмнің анатомиялық және морфологиялық жағынан өзгеру, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгерісі. Өсу бала организмінің сан жағынан өзгеруіне байланысты сипатталады.
Даму- организмде өтетін ұлпалардың, органдардың және бүкіл организмдердің физиологиялық жағынан, яғни олардың белгілі бір уақыт аралығында функциялық жағынан жетіле түсуін сипаттаған сапалық өзгерістер. Бала организмінің өсуі мен дамуы өзара байланысты әрі сапа, әрі сан өзгерістеріне ұшырайды.