Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет10/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

ІІІ. Қорытындылау.

IV.Үйге тапсырма: 4-жаттығу.

V.Бағалау.

10-сынып. № 10

Сабақ тақырыбы: §3.1 : §3.2. Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйық.

Сабақ тақырыбы:

1. Оқушыларға ағын сызықтары, ағын түтігі, идеал сұйық, гидродинамикалық қысым, Бернулли теңдеуінің физикалық мағынасы, тұтқырлық туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Динамика. Ньютон заңдары» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтары ағын сызықтары деп аталады.





Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады.

Стаңционар ағыста бұл шама қарастырылып отырған ағын түтігінің кез келген қимасы үшін бірдей, сондықтан



Егер сұйықты сығылмайды деп қарастырсақ, онда ρ12



Бұл қатынас үзіліссіздік теңдеуі деп аталады.

Ішкі үйкеліс күштері ескерілмейтін сұйықты идеал сұйық деп атайды.

Сығылмайтын идеал сұйықтың механикалық энергиясының сақталу заңы



Бернулли теңдеуімен беріледі.




Бернулли теңдеуі:





-үш қысымның теңдеуі.

-кинетикалық энергия тығыздығы.

- потенциалдық энергия тығыздығы

-(статистикалық қысым), р қысымның әрекетінен жасайтын жұмысымен өлшенетін сұйықтың потенциалдық энергиясының тығыздығы.



h –геодезиялық биіктік,



-пьезометрлік биіктік

- жылдамдық биіктігі









η – сұйықтың тұтқырлық коэффициенті

Сұйықтың бөлшектерінің жылдамдықтары барлық жерде түтік бойымен бағытталған және сұйықтың цилиндр түріндегі түтікпен қозғалысы ламинарлық немесе қабаттасқан ағыс деп аталады.

Жылдамдық немесе түтіктің қимасы артса, ағынның сипаты да күрт өзгеріп, турбуленттік ағыс пайда болады.

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 7-жат. №1. №2

VІ Үйге тапсырма.§§3,1, 3.2. 6-ж №3. №4

10-сынып. № 11

Сабақ тақырыбы: §3.3 Денелердің аққыштығы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға маңдайлық кедергі, Магнус эффектісі туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.



3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Ағын сызықтары дегеніміз не?

  2. Ағын түтігі дегеніміз не?

  3. Үзіліссіздік теңдеуінің физикалық мағынасы қандай?

  4. Идеал сұйық дегеніміз не?

  5. Гидродинамикалық қысым деп нені айтады?

  6. Гидростатикалық қысым деген не?

  7. Бернулли теңдеуінің физикалық мағынасы қандай?

  8. Тұтқырлық коэффициентінің физикалық мағынасы не?

  9. Ламинарлық ағыс дегеніміз не?

  10. Турбуленттік ағыс дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Суретте сұйықтың қапталдай ағуы көрсетілген.



А және В нүктелеріндегі ағынға параллель бағытталған қысым күштерінің құраушыларын бірін-бірі теңгермейді. Денеге ағын тарапынан әрекет ететін толық күш дене бетінің жеке элементтеріне әрекет ететін қысым күштерінің қосындысына тең болатындықтан, маңдайлық кедергі болмайды. Қарастырылған жағдайда денені жанай ағу суреттемесінің симметриялы болуынан маңдайлық кедергі ғана емес, көтергіш күш те нөлге тең болады.

Цилиндр айналып тұрғанда, ол өзіне іргелес жатқан ауа қабатын өзімен ілестіріп ктеді де, циркуляция тудырады. Ауаның ағынымен бірге ілгерілмелі қозғалысының және цилиндрмен бірге айнала қозғалу жылдамдықтары бағыттас болатын жерлерде ауаның қорытқы жылдамдығы цилиндрге келіп түсіп жатқан ауа жылдамдығынан артық болады. Ал ағын цилиндрдің айналуынан туатын ауа жылдамдығы түсіп жатқан ауа ағынының жылдамдығанан кем болады. Нәтижесінде түсіп жатқан ауа ағынының айналып тұрған цилиндрді айнала ағуының суреттемесі осы суреттегідей өрнектеледі. Цилиндрдің астында ауаның жылдамдығы цилиндрдің үстіндегі жылдамдыққа қарағанда аз, демек, қысым цилиндрдің астында оның үстіндегіге қарағанда көбірек. Осылай көтергіш күш пайда болады. Бұл құбылыс Магнус эффектісі деп аталады.





ІV. Пысықтау.

  1. Маңдайлық кедергі қалай пайда болады?

  2. Қандай күшті көтергіш күш деп атайды?

  3. Магнус эффектісі деген не?

V. Қорытындылау.

VІ Үйге тапсырма.§3.3.

10-сынып. № 12
Сабақ тақырыбы: §3.4. Қанаттың көтеру күші.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға қанаттың көтергіш күші туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Маңдайлық кедергі қалай пайда болады?

  2. Қандай күшті көтергіш күш деп атайды?

  3. Магнус эффектісі деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қанаттың артық үшкір шетінде құйындар пайда болып, олар сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналады. Бұл құйындар ұлғайып, қанаттан бөлінеді және оны ауа ағыны алып кетеді. Осы кезде ауаның қалған бөлігі қанаттың маңында қарыс бағытта айнала бастайды да, ол қанаттың айналсында сағат тілі бағытымен қозғалатын циркуляцияны тудырады. Циркуляциялық ағын түсіп жатқан ағынмен қосылып, қанат үстінде ауаның қозғалысын жылдамдатып, ал қанаттың астында ауа қозғалысын баяулатады, Осының нәтижесінде қанаттың үстінде ауа қысымы азаяды, қанат астында артады, ал бұл көтергіш күштің пайда болуын әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет