Сабақ мақсаты: Оқушыларға А. Жұбанов, Ғ. Жұбанованың шығармашылығын таныстыру. Сабақ міндеттері



Дата26.06.2018
өлшемі114,36 Kb.
түріСабақ
Анар Жумагалиева Картабаевна

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі.



Ашық сабақ.

Тақырыбы: Қазақстан композиторлары Ахмет Жұбанов пен

Ғазиза Жұбанованың шығармашылығын оқып танысу.



Сабақ мақсаты: Оқушыларға А.Жұбанов, Ғ.Жұбанованың

шығармашылығын таныстыру.



Сабақ міндеттері:

-Композиторлардың өмір жолдарымен таныстыру;

-«Ақсақ құлан» халық күйінен үзінді тыңдату;

- Тыңдаған музыканы талдау жасауға үйрену.

-Туындыға сипаттама беруге және дамыта түсіндіре білуге жаттықтыру;

-«Музыка нені сипаттайды?» деп көз алдарына елестету арқылы ой өрістерін дамыту («... суретін салсам», «егер мен суретші болсам» музыка тыңдай отыра)

-Музыка тыңдап, оны дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ бастар алдында «Би» күйін тыңдату.

-Балалар сендер жаңа қандай күй тыңдадыңдар?

Бұл туындының қалай аталатынын және авторы кім екендігін қайсысың айтып бере аласыңдар?

(Ахмет Жұбановтың «Би» күйі)

Презентация.

-Бүгін біз сабақта академик, атақты композитор,академик,өнер тану ғылымының докторы Ахмет Жұбановтың шығармашылығымен танысамыз. (Слайд 1)

Оның өмір деректерін қарай отыра, ұлы сазгермен жақсы танысамыз. Одан әрі әке жолын өнеге тұтқан,асылдың сынығы Ғазиза Жұбанованың шығармашылығымен танысамыз. (слайд 2)

Халық үнімен жеткен аза. «Ақсақ құлан » күйінің шығу тарихымен танысу.(слайд 3)

«Ақсақ құлан» күйін тыңдай отырып, мультфильмдер көрсету. (слайд 4-25)
Бекіту сұрақтары:

1.А.Жұбанов қандай туындылар жазды?

2.Қандай опералар жазды?

3.Қандай әндерін білесіңдер?

4.Ғазиза Жұбанованың қандай симфониялық поэмасын білесіңдер ?

5.Қандай әнін білесіңдер?

6.Қандай балеттері бар?

7.Домбыраның құдіреттілігі қандай?



Үй тапсырмасы.

Бағалау.
Анар Жумагалиева Картабаевна

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.


«Ән мен жырдың саңлағы» атты Бәкір Тәжібаевқа

арналған тарихи-танымдылық әдеби-сазды концерт.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі өнер сүйер қауым!

Құт береке дарыған қасиетті Жем-Сағыздың бойын жайлаған елдердің тарихында талай айтулы тұлғалар болған.Жем-Сағыз өңірінің тарихы тым тереңнен бастау алады.Зер салып қарайтын болсақ-азуын айға білеген айтулы ақиық ақындарға да,күміс көмей бұлбұлдай сайраған әнші, жыршы, жырауларға да кенде емес. Тым әрідегі тарихты былай қойғанда, осы отырған баршамыз жақсы білетін Кеңестік кезеңде де әдебиет, мәдениет, ғылым, өнер дүлдүлдеріне кенде болмағаны белгілі.

Атағы айдай әлемге әйгілі Сақтаған Бәйішев,Назарбай Былиев,Нұрдаулет Күзембаев бастаған ғалымдар, Тобық Жармағамбетов,Сағи Жиенбаев,Төлеген Айбергенов,Бәкір Тәжібаев,Есенбай Дүйсенбай бастаған ақын-жазушылар мақтанышымыз. Осынау тұлғалардың арасынан бүкіл болмысымен ерекшеленіп тұратын өнер саңлағының бірі- Бәкір Тәжібаев.

Бүгінгі жиылған себебіміз- талантты сазгер, ақын, драматург, әнші,прозашы, актер, атақты жерлесіміз Б.Тәжібаевтың дүниеге келгеніне 88 жыл толып отыр.Осыған байланысты ұйымдастырылған тарихи-танымдық, әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

-Құрметті көрермендер! Енді өмірбаяны туралы сыр шертсек,Б.Тәжібаев 1926 жылы 15 мамырда қазіргі Байғанин ауданы,Жарқамыс ауылдық округіндегі Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Төлеу-жүйрік ат мініп,тазы ұстап, саятшылықпен айналысқан.Бәкір –баланың тұңғышы.Одан кейінгі інілері Мырзағали, Төреғали және қарындасы Қибатты дүниеге әкелгесін бір жылдай уақыттан соң шешесі Тәжен қайтыс болған.Одан кейінгі шешесінің аты-Сомалтын.1941 жылы Темір педагогикалық училищесін бітірген соң, Жұрын аудандық газетінде жауапты хатшы,1950-1952 жылдары Алматы театр училищесі жанындағы киноактерлік мектепте оқып, бітіргесін Жамбыл, Шымкент облыстарындағы драма театрларында актер болған.1958 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі,Алматы облыстық халық шығармашылығы үйінде, республикалық театр қоғамында қызмет еткен.Шығармашылығына келетін болсақ,ол үнемі ізденіс үстінде болды. Б.Тәжібаев –бірнеше жыр жинақтарының авторы, ақын өлеңдерінде туған жер, өскен ел, достық, махаббат тақырыптарын қамтиды.Сонымен қатар ақын өнер туралы толғанысты ой-пікірлерін «Жыр сапары», «Күй шежіре» шығармаларында баяндайды. Әлі күнге халқымыздың аузынан түспей келе жатқан әсем әндері соның бір дәлеліндей. Мысалы, «Ақбұлақ», «Әлия», «Әдемі-ау», «Бозторғай», «Гүлсің-ау» т.б. әндері. Сазгер ақындығымен қатар дарынды драматург, қаламы қарымды прозашы болды.

«Сахна жұлдызы» атты кітабында қазақ театры тарихынан бастап, халқымыздың маңдайына біткен мақтаныштары, өнер дүлдүлдері Е.Серкебаев, Р.Бағланова,Р.Жаманова, Ә.Мәмбетов, т.б. жайында тебірене қалам толғайды. Ал, «Балбұлақ», «Қара торғай», «Ән дәурен», «Жүріп келем», «Жыр жолаушы» т.б. кітаптары қазақ әдебиетіне,мәдениетіне, өнеріне сүбелі үлес болып қосылды.

Құрметті көрермен қауым!

Б.Тәжібаевтың қысқаша өмірбаяны осындай.Енді Бәкір ағаның өз дауысы жазылған үнтаспаға құлақ түрсек.

(үнтаспадан Б.Тәжібаевтың өзінің орындауындағы «Ақбұлақ» әні жіберіледі.)
Ақын туған жері «Ақбұлақты» талай жырына қосқан.Соның бірі «Мен туған жер» деп аталады.

Бір жағында болатын,

Ақ селеулі қыры бар.

Бір жағында болатын,

Сары алтындай құмы бар.

Ағашында жиде өскен,

Ақ шаңқандай жары бар.

Ши түбінде жуа өскен,

Ақ тоғайы тағы бар.

Шағылынан миуа өскен

Ақ қояны қашатын.

Аршынынан асырмай

Құмай тазы басатын.

Бөкенбайдың сайында

Ақ бұлақтың бойында,

Дүниеге келіппін.

Қызық дәурен көріппін,

Той думаны қызғанда,

Жүйрік мініп желіктім.

Бір құдірет аямай

Ән мен күйді серік қып

Жүрегіме беріпті!


Жүргізуші'>1.Б.Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші : Туған елім,сенде өскен бақ-талабым

Сенімімді –дей көрме –ақтамадың

Құрманғазы күйі еді сүйінгенім

Абай ақын жыры еді –жаттағаным.

2.Құрманғазының күйі «Сарыарқа».

Жүргізуші: Жанарыңнан шаттық таптым күлгенде

Сәулем,сенсің артық маған күннен де.

Өзге жұрттың періштесін көрмеймін

Өз жанымда сен жарқылдап жүргенде.



«Әдемі-ау » әні орындалады.

Жүргізуші: Домбырам, сөйле, тоқталма,

Бабыңды сенің табайын.

Шат құшқан шаршы топтарда

Шалқып та шалқып алайын!



Халық күйі «Жастар биі » . Сахнада Ер балалар ансамблі.
Жүргізуші: Жеріме жайып келгенде әппақ қанатын

Әнімен әсем бұлбұлдар қарсы алатын

Бұралған гүлдер алаулап жана қалатын

Сыңғырлап бұлақ аунақшып ойнақ салатын.

«Асыл арман » әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Халық күйі «Дина» Күйсандықта орындалады.

Көңілді балалар биі.
Жүргізуші: Жанымның жапырағы –сен көктеген

Көрмесем күні бойы шөлдеп келем.

Сенсің ғой өмірдегі сәнім менің

Сенсің ғой көңілдегі әнім менің- деп Бәкір ағамыз жырлағандай келесі тыңдайтын әндеріңіз «Туған жер » әні орындалады.



Жүргізуші: Қобызының қоңыр сазы бар

Домбырасы төгер назы бар

Бұл даланың асқақ сәні бар

Бұл даланың көркем әні бар .



«Попурри» Орындайтын қобызшылар дуэті.

Жүргізуші: «Іңкәрім-ай» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?! ─дегендей келесі тыңдайтындарыңыз Халық күйі «Телқоңыр».

Жүргізуші:

Келесі тыңдайтын әндеріңіз



«Елігім-еркем » әні.

Жүргізуші:

Бәкір ағамыздың өлеңдерінен топтамаларын оқушыларымыздың орындауында қабыл алыңыздар. Динара, Жұлдыз, Айдана, Назерке.



«Күн дидарлы Қазақстан» орындайтын хор

«Байғанин жастарының әні» хор.
Анар Жумагалиева Картабаевна

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.


Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары.

/ баяндама/.

Музыкалық танымды қалыптастыру оқу сатыларының кез-келген сатысында жүргізілуі тиіс.Орта мектеп оқушыларының музыкалық танымын қалыптастыру мәселесіне келер болсақ,бұл міндеттің табысты шешілуіне жағдай тудыратын бірқатар педагогикалық нысандар мен әдіс-тәсілдерді ескеру қажет болады.Музыкалық танымды қалыптастырудың түрлі жас мөлшеріндегі оқушылардан әр түрлі жағдайда өтетіні белгілі. Осыған орай музыкалық танымды қалыптастыру процесі мен оның нәтижесі негізінде жекеленген ерекшеліктердің тууы мүмкін.Оның сырын мәдени құбылыстарды квалитативтік және квантитативтік негізде қабылдау жүйесінен іздеген ләзім.Бұл түсініктер біртіндеп тұрақтанып,адамның қоғамдық өмірді танып-білудегі табысының динамикалық өсуін қамтамасыз етеді.Мұндай өзгешеліктерден өту-музыкалық танымның қалыптасу жағдайына байланысты. Егер музыкалық бағдары жағынан эстетикалық туынды жері,тұлға табиғатының тұрақты қасиетіне жасының қалыптасу мөлшеріне қатысты болса,онда тарихи-музыкалық таным процесі де ерте қалыптасады. Жас мөлшеріне сай даму динамикасына келсек, оқу-тәрбие мазмұны тыңдаушының тарихи-музыкалық танымының белгілі бір сатысында игеретін психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.

Студентердің жас ерекшеліктерінен туындайтын мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сүйеніп, олардыңбілімі мен қызметіне енгізетін нақты талаптар қою қажет. Психология ғылымында оқушылардың жас мөлшеріне сай ерекшеліктерді зерттелген Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.И.Теплов, П.И.Якобсон, Қ.Жарықбаев, А.Алдабергенов және басқалар жасөспірімдерге жан-жақты мінездеме беріп, олардың жүйке дамуының басты тенденцияларын анықтаған. Бірақ кәсіби музыкалық білім алудың алғашқы кезеңінде оқушылардың қабылдау қабілетінің психологиялық проблемелары әлі де толық шешімін тап пай келеді.

Психология ғылымының талаптары бойынша, 16 жасқа дейінгі оқушылар жасөспірімдер болып саналады. Біздің міндет – олардың музыкалық танымына әсер етуші факторларды халықтық музыка негізінде анықтау. Себебі музыкалық танымды қалыптастыру-ерекшелігі. Оның музыкалық сауатын ашу арқылы осы кезге дейін қалыптасқан тарихи-музыкалық танымы өз ерекшеліктері және қажеттіліктерімен оның қоғамдық өміріне енеді.

Музыкалық танымды дамытудың маңызды кезеңі – көркем сананың қалыптасуы. Білім алудың алғашқы кезеңінде барлық оқушылар бірдей ақыл тоқтата қоймағандықтан, олардың мінез-құлқынан ерекшеліктер байқалып тұрады. Олдардың музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы бірте-бірте пайда болады.Олар әсем де әуезді саздың қоғамдағы орнын,оның қасиеттерін білумен бірге,қандай тарихи ақпарат беретінін де сезінгісі келеді.Музыкалық танымға деген қызығушылық –қызық әрі маңызды педагогикалық процесс.Себебі дәл осы танымдық процесс арқылы қажетті білім деңгейін меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің ауқымы кеңіп,көркемдік қызығушылық,тарихи көзқарасты қалыптастырудың да мүмкіндіктері туады. Бұл процесс оқушылардың біліктілігін жан-жақты кеңейтіп,мол тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл кезеңнің маңыздылығы оқушылардың жадында музыкалық танымның қалыптасуымен дараланады. Педагогтік ұжымның мұндай процестің қалыптасуын тарихи негіздегі жекеленген ой-пікірлердің тууы негізінде байқағаны жөн.



Психология ғылымы әркімнің өз еркімен іс-әрекет жасауға қадам басу кезеңі болады деп санайды.Бұл кезең оқушылардың ой-сезімінің сапалық жағынан өсуімен де ерекшеленеді.Мұның бәрі оларды өз бетінше және оқу процесінде қабылдайтын тарихи ақпараттың қаншалықты күрделі әрі маңызды екендігін сезінуге итермелейді.Егер оқушылардың өз халқының музыкалық өнеріне деген құштарлығы болса,онда өнер туындыларына деген тарихи танымды қалыптастыру да жүйелі сипатқа ие болады.Оқушыны музыка өнеріне баулу үстінде оның өзіне және жас мөлшеріне тән ерекшеліктерін ескерген жөн.Оқыту ісіндегі психологиялық үрдіс ұлттық танымды дамыту үстіне педагогикалық бағдар берудің мазмұнын да айқындайды.Музыкалық туынды тыңдаушыдан эмоциялық негіздегі қабылдаумен қатар саналы түрдегі талдауды да талап етеді.Мұның өзі тыңдаушының музыканың көркемдік құралдарын игеріп,мазмұн мен форманың бірлігін туындайтын көркем құбылыстардың маңызын түсінеді деген сөз.Сондай-ақ, тыңдаушы орындаушылық шеберлік мәселелерін де сезініп,оның қыр-сырына қаныға түседі.Педагогтік тәжірибеде көркем шығарманы қабылдау қабілетінің дамымай,керісінше,құлдырайтын кездері де кездесіп отырды.Ол көбіне мұндай қабілетті тәрбиелеудің мақсатты түрде жүргізілмегендігінен туындайды.Мұндай қасиеттердің төтелей жас ерекшелігіне тәуелді болмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.Оқушылардың музыкалық танымның қалыптасу процесі тұрғысынан келгенде, бұл салаға біз бағалау қызметін де жатқызамыз.Оның мазмұны музыкалық шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдау және қазақ халқының тарихы мен мәдениеті тұрғысынан ойлы да саналы түрде бағалаумен өлшенеді.Оқушылармен жұмыс үстінде көркемдік-эстетикалық танымның тереңдеуіне орай музыкалық ақпарат көлемінде ұлғайтыпотыруға болады. Көркем таным оқушының тұрақты белсенділік деңгейін танытатын жеке тұлғаға тән қасиет болғандықтан,оның жас ерекшелігі жағынан қалыптасу процесі де ерекше назар аударады.Себебі жеке тұлға,бір жағынан,өзінің өсу-өркендеу жолында, екіншіден,педагогтік тұрғыдан әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.Жеке тұлғаға тән көркем таным адам дүниетанымын қалыптастыратын қоғамдық пәндердің ықпалымен де жинақталады.Педагогтік басқару міндеттері оқушылардың көркем танымының қалыптасуына тигізетін кездейсоқ жерлерді жеңіп шығуға, сонымен біргетарихи-музыкалық даму негізінде құрылатын бағалау талаптарының жиынтығын қалыптастыруға бағытталады.Жоғарыда айтылғандарды саралай келе айтарымыз, музыкалық танымның қалыптасуы –оқушының өсіп-жетілуінің нәтижесі ғана емес,ең алдымен,мақсатты түрдегі педагогтік процестің қорытындысы.Оның жүзеге асуы барысында оқушылардың мүддесіне қатысты басымдық танытатын сапа ерекшеліктерін де ескеру қажет.Бұл талап-тілектер халық музыкасының құрылымында байқалатын өзге тарихи-теориялық өлшемдерге де қатысты.Көптеген халық әндерінің көркемдік жүйесін салыстыра келіп,оқушылар шығарманың мазмұны мен көңіл-күйіне жете мән беріп,олардың әр түрлі музыкалық дыбыстардың өзара алмасып келуіне,ырғақтық ерекшеліктеріне байланысты екенін байқайды.Екпін мен ырғақты тұтас көркемдік жүйенің бөлшегі ретінде қабылдау ісін өте қарапайым ырғақтық жүйеден бастаған абзал.Ол музыкалық ырғақтың ұсақталуы немесе жинақталуы болуы да мүмкін.Оқушылар бұл бағыттағы қызығушылығы мен ынта-жігерін жоғалтып алмас үшін, оқу процесінің бұл түріне де үлкен мән беру керек.

Балалардың көркем сезімін тәрбиелеу барысында біз дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, түрлі жинақ карточкаларын,ойындарды, сұрақ-жауап жүйесіне негізделген речитативтік әндерді де кеңінен пайдаландық.Сол сияқты ырғақтық жүйенің алма-кезек қайталануын да жүргіздік:оқушылардың бір тобы музыкалық әуенмен сұрақ қойған болса,келесі топ оған ырғақтық жүйеде жауап қатады.



Оқушылардың тарихи танымын тәрбиелеудің алғашқы кезеңінде олардың назары шығарманың мазмұнын бағдарлаумен дараланбайды.Себебі алғашқы кезде олар халық әндерінің нәзік пернелерін жете ұғына бермейді.Сондықтан бұл мәселені оқу процесінің алуан түрлеріне енгізіп отыру қажет.Сол арқылы балалар халық музыкасы саласында ұғым-түсінік алып,білігін тереңдетіп,оның көркемдік құралдары,жалпы эстетикалық деңгейі және тарихи мазмұнына қаныға түседі.Осы мақсатқа орай біз педагогтік тұрғыдан барынша ұтымды әдіс-тәсілдер қолданып,ал нақты шығармашылық шешім шығаруды оқушылардың өздеріне қалдыруды ұсынамыз.Олардың өз күштеріменмәселенің байыбына барып,түйінін шешуі сынып оқушылары арасында үлкен қуаныш туғызып,шығармашылық әсерге бөледі.Мұның өзі-оқушылардың музыкалық танымын қалыптастырудың басты бір құралы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу