Ескерту:
Дәйексөз.
Халық мақалы
3.1 Бірнеше рет оқу, есте сақтау.
3.2 Дәйексөзді оқимыз, мағынасын ашып талдаймыз.
3.3 Дәптерге жазу./балалар өз ойларын айтады/
|
|
Оқиғаларды әңгімелеу.Мұғалім сыйлығы.
Адамның үш түрі (аңыз)
-Мына мүсіндердің әрқайсысының өзінің құндылығы және мағынасы бар,- деп, бір патшаға көрші мемлекеттен алтыннан жасалған бірдей үш мүсін беріп жібереді. Патша мүсіндерді өзінің қол астындағы адамдарына беріп, олардың айырмашылығын табуын талап етеді.
Уәзірлері ол мүсіндерді таразыға салып өлшейді, ұзындығын өлшейді, алтынның сапасын тексереді. Бірақ еш айырмашылығын таппайды. Басқа көрген сырт адамдар да ешнәрсе байқамайды. Тек бір ақылды уәзір ғана берілмейді.Ол кішкене мүсіндердің оң құлақтарында тесіктер барын аңғарып,тесіктерге жіңішке алтын сымды кіргізеді де мынаны байқайды. Бірінші мүсіннің құлағына кірген сым екінші құлағынан шығады, ал екіншісінің аузынан шығады, үшіншісінің ішінде қалады. Сосын біраз ойланған уәзір патшаға келіп:
-Уа, патшам, жұмбақтың шешімі табылған сияқты. Бірінші мүсін - бір құлағына айтылған сөз екінші құлағынан шығатын адамға,екінші мүсін естігенін,білгенін аяғына дейін тыңдамай,ой елегінен өткізбей, басқаға жеткізетін адамға ұқсайды.Ал үшіншісі- оқығанын, естігенін, білетінін есіне сақтап, өз бойынан өткізіп, өмірде қажетіне пайдаланатын адам-, деп айтады.
Сұрақтар:
1. Мәтін кім туралы?
2. Қай уәзірдің әрекеті дұрыс болды?
3. Білім бізге не үшін қажет?
|
|
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
(баяу музыка қосып қою)
Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі. Бір топ бала қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады да, үш – төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар – аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З - з - з, ж - ж - ж, з - з - з, ж - ж - ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір – бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе, тығылма!» - деген сөзді естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны аралағандай, еден сыпырғандай қимыл – қозғалыстар жасайды:
Топ – топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған «жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй - әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар! Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.
Оқушыларды 3 топқа бөлу (түрлі-түсті дөңгелекшелер- мен бөлу, шартын түсіндіру)
1-топ: Өлең жолын толықтырыңдар (қызыл түс)
....... ....... оқимын,
....... ....... тоқимын.
....... ....... атанам,
....... бата алам.
2-топ: Мақал-мәтелді жалғастыр (көк түс)
Оқу түбі - .......
Оқу инемен құдық .......
Оқу – білім .......
Білім- өмір .......
3-топ: Жағдаят шешу (сары)
1.Әжесі мен атасы Аянға кітап сатып ал деп ақша берді.Ол ақшаға машина сатып алды.
Аянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?Соны сахналаңдар.
Қорытынды:
Жалқаулыққа берілмей, табандылықпен оқыған кезде білімді болатындығымызды көз жеткіздік. Алған білімді күнделікті өмірде пайдалана білу керек.Қазіргі ,яғни жас кезіңде көп оқып, оқығаныңды ойға түйе білсең көп білесің.Көп нәрсені білсең алдағы өмірің ашық болады.Білім әрқашан азаймайды,тозбайды, бүлінбейді.
|
|
Топпен ән айту. Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның
Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым
|
|
Үй тапсырмасы: № 6, «Оқуға құштарлық» 20-22 бет, Аңыз әңгіме «Табанды бала» мәтінін оқып келу.
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу музыка орындалады)
Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз да, ойша бір-бірімізге жақсылық тілейміз.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |