Сабақ мақсаты: Оқушыларға «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Білімділік



бет1/2
Дата20.07.2020
өлшемі24,89 Kb.
#63394
түріСабақ
  1   2

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп:__Жамбыл бастауыш мектебі__ Мерзiм:__30.09.2016__ _5_ Мұғалiм:___Буртаева Асель Хамитбекқызы___________________

Сынып:__2__ Оқушылар саны:_____ Тақырып:__ Оқуға құштарлық ____

Құндылық:___ Дұрыс әрекет ___ Қасиеттер:___қызығушылық, құштарлық, жауапкершілік ___


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттері мен еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер,

әуен,слайдтар,қағаздар.

бейне үзінді.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу;

  • 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәтi. Орманға саяхат

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Мектепке келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.


Үй тапсырмасын тексеру. «Бақыт, байлық Ақыл»              (ертегі)

Байлық деген не?

Байлық адамға не үшін керек?

Егер сен бай болсаң, алғаш кімге көмектесер едіңдер?

Бақыт туралы не айтар едіңдер?

Ақыл деген не?

Балалар  адам баласы байлыққа бақытқа жету үшін не істеуі керек?

Сендер еңбек деп нені түсінесіңдер?

Қандай еңбек түрлерін білесіңдер?

Сенің жасыңдағы еңбек деген не?





Мазмұны бойынша сұрақтар:

1. Байлық адамға не үшін керек?

2.

3.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет