Сабақтың тақырыбы: Қайталау Мақсаты: Ойын түрде өткен 3 бөлімді «Табиғаттағы тіршілік әлемі» Кіріспе



Дата04.08.2017
өлшемі32,59 Kb.
#22853
түріСабақ

Табиғаттағы тіршілік әлемі.

(ашық сабақ 5-сынып)

Мұғалім: Касым Б.Қ.

2015-2016 о.ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Ойын түрде өткен 3 бөлімді «Табиғаттағы тіршілік әлемі»

Кіріспе:


Адам- табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Табиғатқа адамның жанашырлықпен, аялай, есіркей қарауы-оның перзенттік міндеті Дария, теңіз,көлдер мен орман-торғайлар, асқар таулар мен жан-жануарлар табиғаттың ажар-көркі ғана емес, оны булінеден, азудан сақтайтын құдіреті күште.

Табиғатта басы артық ештене жоқ. Не бір құс, не бір хайуанат, не бір өсімдік немесе жәндік артық емес. Соның бәрі табиғаттғы тепе-тендікті сақтап тұру үшін керек. Ал ол тепе-тендіктің бұзылуы күндердің күнінде ойран-апатқа соқтырары сөзсіз.Олай болса, табиғаттың өзінен үйреніп, оны қарауға тиіспіз.



  1. 2 топ құру « Флора» және « Фауна»

  2. « Ғаламшардағы тіршілік» туралы Н.Мадияр

  3. « Өсімдіктердің көптүрлігі және олардың маңызы» С.Сандуғаш

  4. « Саңырауқұлақтар» туралы К.Загир

  5. « Жануарлардың көптүрлігі және олардың маңызы» Х.Зарина

  6. Сөзжұмбақ шешу

  7. Өздік жұмыс

  8. Сергіту сәті.Жұмбақ шешу

  9. Сөзжұмбақ

Сұрақтар:

  1. Табиғаттану туралы білімдердің жиынтығы? (жаратылыстану)

  2. Органикалық заттармен көректенетін және өзі қозғала алатын тірі ағзалар? (жануарлар)

  3. Тірі ағзалардың өмір суретін аймағы,жердің тірі қабығы?(биосфера)

  4. Бүркіт,шортан,арыстан,жолбарыс,қасқыр және т.б көректеуіне қарай қандай топқа жатады?(жыртқыштар)

  5. Төменгі сатылы өсімдіктер?(балдырлар)

  6. Оттегін бөліп шығарады?(өсімдік)

  7. Ішек сорғы аскарида, кене және т.б көректеуіне қарай қандай топқа жатады?(паразиттер)

  8. Өсімдіктерді жыл бойы өсіру үшін арнайы не салынады?(оранжерея)

Кестедегі сәйкестерін анықта

1.Биосфера

а ) Жердің-су қабығы

2.Гидросфера

ә ) Тірі ағзалардың өмір суретін аймағы, тірі қабығы

3.Астрономия

б ) Өсімдік туралы ғылым

4.Биология

в )Аспан денелерін зерттейтін ғылым

5.Ботаника

г )Жердегі тіршілік иелерін зерттейтің ғылым

Дұрыс жауабы:1-ә,2-а.3-в.4-г.5-б.

Дұрыс жауабын тұсына жаз:



  1. Белгілі бір дене немесе заттың қаншалықты ыстық немесе суықтығының шамасы-........

  2. Көп жылдық ауа райының режимі-.........

  3. Жердің үстіндегі құнарлы қабаты-........

  4. Жануарлар туралы ғылым-.......

Жауаптары:Зоология, Климат,Топырақ, Температура.



  1. Температура

  2. Климат

  3. Топырақ

  4. Зоология

Жұмбақтар.

  1. Кішкентай ғана бой бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қой)

  1. Таптым-таптым тап жорға

Табаны жалпақ боз жорға.(түйе)

  1. Жол үстінде қу қазық

Мергеншіге жол азық.(қоян)

  1. От басында қүмған

Екі көзін жұмған.(мысық)

Егіс және өсімдіктер жайында



  1. Өзі қызыл

Бауырында бар

Жалғыз сызық

Бұған жұрттық

Бәрі де ынтық.(бидай)



  1. Сусыз піскен ас көрдім

Домаланған бас көрдім.(қауын)

  1. Кікентай ғана құтша

Іші толы мықша.(анар)

  1. Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап

Саясында ән салып

Құстар жүрген сайрап

Салқын түссе шешіліп



Қалады өзі жайрап. (ағаш)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет