Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейік



Дата11.02.2017
өлшемі29,13 Kb.
#8984
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
1- тоқсан, 1-сынып, 8-сабақ , күн реті:
Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейік.
Сабақтың мақсаты: Әуені әдемі көңілді әндерді тыңдата отырып,балаларды сол әсем әуеннің ырғағымен би қимылдарын үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Әнді нақышына келтіре орындату,би қимылдарымен жұмыс жасату

Дамытушылық: Ән айту ережелерін естеріне түсіре отырып,музыкалық ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту

Тәрбиелік: Ән айту және би билеу өнерлеріне деген қызығушылықтарын ояту, әдемілікке,мәдениеттіліккетәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано
Музыкалық материалдар: Тыңдау үшін: «Әке толғауы» А.Еңсепов

Ән үйрену: «Айгөлек» әні: Б.Байқадамов


Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете) ,оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын тексер


Жаңа сабақ. «Әсем әнге билейік»
--Балалар ,біздің бүгінгі сабақта «Әсем әнге билейік» деген тақырыпта әңгімелейміз

Жалпы музыка –ғажап әлем.Мұның қыр-сырымен сендер тек осы музыка сабағында танысасыңдар.

Музыка сабағында ән айтып қана қоймай ,әдемі көңілді ән орындасақ, сол әуенге байланысты би қимылдарын жасап отырамыз.

Әсем ән деп-адамның көңіл күйін көтеретін,көңілді әндерді айтады.

Шығармашылық жұмыс: «Әке толғауы» күйін тыңдау ,оған бірнеше қазақ билерінің қимылдарын жасату
Ән үйрену: «Айгөлек» муз. Б.Байқадамов
1.Көлдей шалқып жас өмір

Тасып жатқан шағыңда

Кемерінен шалықтап

Асып жатқан шағыңда.
Ойын ойнап ән салмай

Өсер бала бола ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемерінен шығар ма?
Қ-сы:

Айгөлек ау ,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айгөлек деп ән шырқап

Би билейміз дөңгелеп
2.Асыл сөздің ұстазы

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер білім еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы тұнған бір

Өнер болар ұрпақпыз.
(Ән ырғағымен оқушыларға түрлі қимылда би билеткізу)


6.Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар:

1.Әсем ән дегенді қалай түсінесің?

2.Әндер нешеге бөлінеді?

3.Әнге би билеуге бола ма



4.Көңілді әндер саған ұнай ма?
7.Үйге тапсырма: «Әсем әнге билейік» оқып мазмұндау

«Айгөлек» әні жаттау

8.Бағалау
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет