ШҚО Тарбағатай ауданы,
Ойшілік ауылы
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі » КММ
Габдуллина Гульназ Толеугазиновна
Жақсылық - жан шуағы
(11 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:мейірімділік, қайырымдылық, қарапайымдылық
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Нақыл сөз,слайд,интерактивті тақта, түрлі-түсті карточкалар
Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылық ұғымы туралы түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу
Міндеттері:
1.Білімділік: Өмірде жақсылық жасаудың дұрыс әрекет ретіндегі мәнін ұғындыру
2.Дамытушылық:Оқушылар бойында мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту
3.Тәрбиелік:риясыз жақсылық жасай отырып,дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережесін
Топқа бөлу (түсті карточкалар арқылы 2 топқабөлінеді)
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ колыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға жан-жануарларға, өсімдіктерге таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын»
Осындай нұр, махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
1.Үй тапсырмасын тексеру
З.Ахметова
«Шуақты күндер» әңгімесін оқып келу 38-бет
1.Әңгіме не туралы баяндалған?
2.Атасы неліктен ауылға кетпекші болды?
3.Келіні қандай ойда болды?
4.Атасы қалай түсіндірді?
5.Ата мен келін арасындағы қарым-қатынасты бір сөзбен қалай атар едің?
Дәйексөз.
«Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»
М.Әуезов
Сұрақтар
1.Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2.Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
Оқиғаларды әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
«Жақсылыққа – жақсылық» - халық ертегісі. Жақсылық жасамағанына өкіну ұғымдарын меңгереді.
Ертеде бір диуана есегіне мініп ел кезіп жүреді.Әр кездескен үй иелері не береді, соны қанағат қылып, күн көреді.Бір күні кездескен үйдің әйелі өте сараң, адуын болады.Ол әйел диуананы жақтырмай,осы қайта-қайта келіп,мазаны алмасын деп, нанның арасына улы дәрі салып береді.Ал диуананың еш хабары болмайды, алғысын айтып, кете береді.
Келе жатса алдынан керуен кездеседі.Олар өте шаршаған, аш.Керуеннің ең соңында аштықтан әлсіреген әкелі, балалы екеу әлсіреп, ілесе алмай келе жатады.Жаңағы диуана оларға жаныашып,сөмкесіндегі нанды алып береді.Нанды жеген екеуі қатты уланып,өміріне қауіп төнеді.
Бұған ашуланған керуенбасы жаңағы диуананы кіналап,абден ұрып тастайды.Сол кезде өзінің кінәлі емес екенін түсіндіріп,жаңағы нанды берген әйелге ертіп апарады.Сол кезде әйел өзінің жаман ниеті ұлы мен күйеуіне тигенінбіліп, қатты назаланып,өз ісіне қатты өкінеді.
Осы әңгімеден соң «біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген нақыл сөз еске оралады.
Талқылау сұрақтары:
1.Әңгіме не жайында айтылған?
2.Диуана жолында кім кездесті?
3.Әйел қандай әрекетке барды?
4.Жолда кезіккен керуенге диуана қандай көмек көрсетті?
5.Диуана мен керуенбасының арасындағы жанжалдың шығу себебі не?
6. «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» дегенді қалай түсінесіңдер?
7.Сендер өмірде осындай жағдайларды кездестірдіңдер ме?
Шығармашылық тапсырма
1-топ
Ұстаз
Дәрігер
Ғалым
Жазушы
Кәсіпкермамандық атауларын беріп оқушыларға ойланып сахналап жауап береді.Бұл мамандық иелерінің жасайтын жақсылықтары ашылуы тиіс.
2- топ
«Жақсылық - өлшеусіз құндылық» тақырыбында
ой-толғау жазады
Топпен ән айту.
Әні: А.Оралов
Сөзі: Ж.Оспанов
«Жақсы адамдар»
Үй тапсырмасы.
І.Есенберлин
«Бақыттың он сыры» әңгімесін оқып келу 44-бет
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын,тек жақсы нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз.Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |