Сабақ тақырыбы: Зат есім
Сабақ мақсаты: Зат есім туралы түсінігін кеңейту.
Сабақ міндеттері
Білімділік. Сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы ойлау жұмысына
бейімдеу
2. Дамытушылық. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік. Шапшаңдық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, оқулық, дәптер, киіз үй, түрлі заттар, мултьфилм ( Алдар көсе), фломастерлер, плакат, қима суреттер т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Білер қазақ баласы,
Сәлем- сөздің анасы.
Алдымызда отырған,
Қонақтарға ізетпен,
Біздер сәлем береміз!
Оқушылардың оқу құралдары түгелденіп, бүгінгі сабақтың ерекше екендігі айтылады және қонақтар келіп отырғанын ескертемін. Сонымен қоса бүгінгі сабақта қандай баға алатындарын білу үшін арнайы дайындалған үшбұрыш, төртбұрыш және бесбұрыштар таратылатынын айтамын.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Түбір деген не?
2.Түбірге қосылатын бөлшек
қалай аталады?
3.Қосымшаларды ата
4. Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?
5.Туынды сөз дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Жеке жұмыс:
Әр оқушы зат есімдерді топтастырады.
Зат есімдер тақтада жазулы. Әр оқушының алдына ақ қағаздар беріледі, жауабын сол кеспеге жазады.
Оқулықпен жұмыс кезеңі. Барлық жаттығулар интерактивті тақтада жазулы.
1 – жаттығу.
Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тап.
Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
2 – жаттығу. Мәтінді оқы.
Мәтінде не туралы айтылған?
Мәтінге ат қой.
Мәтінді зат есімдерсіз оқыңдар.
Сергіту сәті
Келіңдер ертегі көрейік
Ертегінің ішінен зат есімдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.
Алдар көсе ертегісі тақтада көрсетіледі.
3 – жаттығу. Сөздер тобына тағы 3 сөзден қосып жаз.
Адамдар: кім? нағашы, ақын, ...
Өсімдіктер: не? түймедағы, ...
Құстар: не? бүркіт, ...
Балықтар: не? жайын, ...
Аңдар: не? жолбарыс,...
Еңбек құралдары: не? егеу, ...
Көлік: не? трамвай, ...
4 – жаттығу. Өлеңді оқы. Зат есімдерді теріп жаз.
Оларды қандай белгісі бойынша екі топқа бөліп жазуға болады?
Сабақты қорыту.
Сұрақтар беріледі
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің сұрақтары қандай?
Зат есімнің біз неше түрін білеміз?
Топпен жұмыс «Мен саған – сен маған»
Қима суреттерді оқушылар екі топқа бөліп плакатқа жабыстырады. Бірінші топ: зат есімнің жекеше түрін, екінші топ: зат есімнің көпше түрін суреттер арқылы бізге түсіндіреді.
Бағалау. Ар оқушының сабақ барысында жинаған бағасына қарап отыра бағаланады және мадақтап өтемін.
Үй тапсырмасы
5 – жаттығу. Мақалды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
Жарқын орта мектебі
Ашық сабақ
Қазақ тілі
3 – сынып
Тақырыбы
Зат есім
Өткізген мұғалім: Досанбаева А.К.
2013 – 2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |