1тапсырма.
Дәптерге «+» шындық, «-» жалған деп тұсына жазу
«Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі.
1.Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр.
2.Биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады.
3. Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті.
4. "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды Ч.Дарвин.
5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды.
6. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |