|
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар үшін
|
бет | 1/3 | Дата | 15.03.2023 | өлшемі | 101,61 Kb. | | #172523 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 9-сыныптарға арналған Информатика сабақ жоспары (1)
24-сабақ.
§4.9. Екіөлшемді массивті сұрыптау, жолды өшіру
Екіөлшемді массивтерде сұрыптау, элементтерін өшіру және кірістіруді қалай орындауға болады?
Тақырып: Екі - өлшемді массивті сұрыптау, жолды өшіру
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
9.3.3.2 – екіөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде бағдарламаларды жасау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Python программалау тілінде екіөлшемді массив элементтеріне сілтеме жасау түрін анықтау;
|
Көптеген оқушылар үшін:
Екіөлшемді массив элементтерін қолданып есептерді программалау;
|
Кейбір оқушылар үшін:
Екіөлшемді массивті сұрыптау программасының кодын ұсыну.
|
Бағалау критерийі
|
Python программалау тілінде екіөлшемді массив элементтеріне сілтеме жасау түрін анықтайды;
Екіөлшемді массив элементтерін қолданып есептерді программалайды;
Екіөлшемді массивті сұрыптау программасының кодын ұсынады.
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Массив-array, тип-type, элемент-element, Матрица-матрица-matrix, екіөлшемді массив-двумерный массив-two-dimensional array, сілтеме-ссылка-link, сұрыптау-сортировка-sort.
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Матрица ұғымын қалай түсінесің? Техникада қай салаларда кездеседі?
Күнделікті өмірде кесте түрінде берілген деректермен жұмыс жасауға қандай мысалдар келтіре аласың?
|
|
Жазу:
Екіөлшемді массивтерді есепте қолдану алгоритмін жазыңдар.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математикалық амалдар, ағылшын тілінде сөздер қолданылады.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Екіөлшемді массив.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|