Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар зейінін ұйымдастыру
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау5 минут
«Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
1.Тамыр қысымы дегеніміз не?
2.Жапырақтың түтікшелі-талшықты өткізгіш шоқтары қалай аталады?
3.Жоғары ағыс қай өсімдікте қысқа, ал қайсысында ұзақ?
4.Өсімдіктегі жоғары ағыс жолы
5.Өсімдіктегі төменгі ағыс жолы
Слайдтағы сұрақтар
Жаңа білім 15 минут
Оқушыларға сабақ пен тамырдың құрылысы туралы қысқаша ақпарат беріледі.
Білу және түсіну Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек 1.Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң – түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықшадейді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады. Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.