Түркістан қаласы, №5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Зикрияева Рахбар Сайдиганиевна
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырып: Қарлығаштар
Мектеп: «Ғани Мұратбаев» атындағы жом
Күні: 18.04.2016 жыл
Мұғалімнің аты- жөні: Зикрияева Рахбар
Сынып: 4- сынып
Қатысқандар:25
Қатыспағандар:1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
Т- 4.1.3.1 А-4.2.5.1 О- 4.3.4.1 Ж- 4.4.2.1
Сабақ мақсаттары
Хабарламаны тыңдайды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады және негізгі тұстарын анықтай алады.
Фильмдер мен тыңдалым материалдарындағы оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіре алады.
Мәтін мазмұны бойынша және кейіпкерлер іс-әрекеті туралы бағалай алады.(неліктен? не үшін?) сұрақтарын қоя біледі және жауап бере алады. Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған аудиовизуалды материалдар бойынша шағын мәтін жаза алады.
Тілдік міндеттер
Хабарламаны тыңдайды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады және негізгі тұстарын анықтай алады.Фильмдер мен тыңдалым материалдарындағы оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіреді. Шағын мәтін жаза алады.
Ақтамақ бұл қарлығаштың бір түрі. Қазақстанда қарлығаштың 5 түрі кездеседі.
Қарлығаштар не үшін жыл сайын ұшып кетеді?
Себебі неде деп ойлайсыздар?
.
Алдыңғы білім
Үй құстары
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Сабақта жоспарланған оқыту іс- әрекеттері
Оқыту ресурстары
Басы
3 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.Оқушыларды ортаға шақырып, «Шаттық шеңбері» құру.
Шаңырақ арқылы оқушылар бір- бірлеріне жылы лебіздерін айтады.
Сыныпты топқа болуде құстардың суретін пайдаланамын.
Оқушылар қима суреттерді орнына қою арқылы топқа бірікеді
Шаңырақ, құстар суреті
М.Ж
5мин
2.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын сұрауда «Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын.
Әр топтан бір оқушы шығып, орындыққа отырып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Орындық
Т.Ж
Ортасы
2мин
Миға шабуыл.
Қарлығаштар туралы олең оқу.
Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыныш таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Өлең жолдары
М.Ж
5мин
Жаңа сабақ.Қарлығаштар
Қарлығаш туралы деректі фильм тамашалау.
Не білеміз? «Қарлығаштар » сөзінің мәні, құстар туралы білімдерін байқау.
1.Қарлығаш қандай құс?
Қазақстанның қай жерлерін мекендейді, немен қоректенеді?
2.Халқымыз қарлығашты не себепті қасиетті құс деп санаған?
3.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
4. Неге оған біз үйіміздің төрінен орын береміз? Ол қандай
ерлік жасаған?
АКТ
Қима қағаздар
Т.Ж
2 мин
Тірек сөздер арқылы мәтінді болжау.
Ұя, көктем, күз, аяғына, қуандым.
Қима қағаздар
Т.Ж
6мин
Мәтінді оқу. Топ ішінде бір- бірлеріне мазмұнын айтады, талқылайды.
Менің қарлығашым
Жазғытұры біздің босағаға бір қарлығаш ұя салды. Ол ядан он алты балапан ұшырды. Күзге қарай құстар жылы жаққа ұшып кете бастады. Менің қарлығашым да дайындалды. Келесі жыл ол келер ме екен деп ойладым. Кешке қарлығашты ұстап алып, аяғына мықты жіп байладым.
Қыс өтіп, көктем келді. Құстар келе бастады. Олардың ішінде қарлығаштар да болды. Оларды көрген сайын мен қарлығашымды ойладым.
Біздің қораға қарлығаштар келіп қонды. Біреуі менің қарлығашым екен. Оған қатты қуандым.
Мәтін
Т.Ж
4мин
Сергіту сәті.Қарлығаштар өлеңі
АКТ
4мин
Карлығаштар мәтінінің кейбір етістіктері түсіп қалған. Етістіктерін орнына қойып жазу.
Мәтін
Т.Ж
4мин
Мәтінге байланысты тапсырмалар орындау:
1топ. Қарлығаш сөзіне аннотация жазу.
2топ. Мәтін мазмұнын оқиға картасына қойып талдау.
3топ.Мәтін мазмұнынан үш сөзге дыбыстық талдау жасау.
4топ. Қарлығаштар суретін салу
Дара диаграмма,
Оқиға картасы
Т.Ж
2мин
Құстар туралы мақал-мәтел айту.
Мақал – мәтел
Т.Ж
4мин
Мәтін мазмұны бойынша бес жолды өлең құрастыру.
(Синквейн)
1.зат есім
2. сын есім
3. етісітк
4.зат есім, сын есім, етістік
5.түйін
Синквейн
Т.Ж
Соңы
2мин
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Стикерлер
Ж.Ж
1мин
«Қарлығаштар» тақырыбында эссе жазу
1мин
Бағалау.
Бағалау парағы.
Мұғалімнің қорытынды бағалауы.
Бағалау парағы
Т.Ж
Саралау қолданатын дереккөздеріне байланысты бөліп оқыту.
Бағалау қалыптастырушы бағалауды пайдаланамын.
Музыка, тарих,АКТ-мен байланыс, батылдыққа , ержүректікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.