Сабақ мақсаттары Жасушаның митоздық бөлінуін зерттеу; Жасушаның өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін көрсету



бет4/8
Дата22.12.2021
өлшемі423,8 Kb.
#127720
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Митоз. 14.07.2020

Митоз фазалары

Митоз сатыларында өтетін үдерістер


Профаза


  • Хромосомалар ядрода айқындала бастайды. Олар қысқарып, жуандап, серппеге айналады, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады;

  • Диффузды хроматиннің жинақталуы және ДНҚ молекулаларының тығыз серппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды;

  • Профазаның алғашқы кезінде әрбір хромосома екі хроматидтерден тұратындығы анық көрінеді. Бұл – жасуша айналымының интерфаза сатысының S кезеңінде жүретін репликация нәтижесі.

Метафаза


  • Метафаза сатысында ахроматин жіпшелері хромосоманың центромеріне бекінеді;

  • Әрбір хромосоманың хроматидтері бір-бірінен ажыраса бастайды;

  • Олардың арасындағы байланыс тек центромера тұсында ғана сақталады;

  • Ядроның полюстерінің арасындағы бір деңгейдегі кеңістікке – метафазалық тақтаға жинақталады.

Анафаза


  • Центромералар бөлінеді;

  • Бұдан кейін ұршық жіпшелерінің көмегімен туыстас хромосомалар жұбының бірі ядроның бір полюсіне қарай, екіншісі екінші полюсіне жылжи бастайды

Телофаза


  • Ядро түзіледі.;

  • Хромосомалар ширатылады;

  • Қайтадан ядрошық қалыптасып, ядро қабықшасы түзіледі;




Цитокинез

Жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді. Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана ішке қарай ойық түзеді. Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді. Жасуша органеллалары – ЭПТ, Гольджи аппараты қайта қалпына келеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет