Сабақ: Математика Мектеп: Қазалы №98мектеп Сабақ тақырыбы: Теріс сандарды қосу



Дата26.08.2017
өлшемі191,54 Kb.
#29749
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Математика

Мектеп: Қазалы №98мектеп

Сабақ тақырыбы: Теріс сандарды қосу

Оқытушының аты-жөні: Қазбекова Гузелья

СЫНЫП: 6

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар:-0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары




  • Теріс сандарды қосу ережесін қолдануға үйрету;

  • Математикалық тілде сауатты сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Теріс сандарды қосу туралы ақпарат алатын болады;



Оқушылардың басым бөлігі:

Теріс сандарды қосу ережесін қолдануды үйренеді;



Кейбір оқушылар:

Математикалық тілде таңбаларды сауатты айта отырып есеп шығаруда ережелерді тиімді пайдалана алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Екі теріс санды қосу үшін:



  1. қосылғыштардың модульдерін қосу керек;

  2. шыққан санның алдына минус («-») таңбасын қою керек екенін анықтай алады.

Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер:

Рационал сан, координаталық түзу, теріс сан.



Диалог / жазылымға арналған пайдалы тіркес (тер):

Сіз неліктен сандары таңбаларына байланысты ажырата алатынымызды айта аласызба?

Біздер осы уақытқа дейін қандай сандарға амалдар қолданып келдік?

Жазылым үшін:

Қосудың ауыстырымдылық, терімдік қасиеттері рационал сандарды қосуда да орындалады.


Мысалы.: - 17 + ( - 15) = -15 + ( - 17) = - 32.

Есептеңдер: - 4 + ( - 6) =

- 1 + ( - 7) =

- 3 + ( - 15) =

- 8 + ( - 6) =


Алдыңғы білім

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы:

4 минут

6 минут

3 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу;

-жағымды ахуал туғызу;

1. Топқа бөлу.

Сынып оқушылары «Бүтін сан», «Рационал сан» деп аталған сандардың атаулар бойынша 2 топқа бөлінеді.

Топ мүшелері өздерін «Көшбасшы» «Хатшы» «Баяндамашы» «Уақыт сақшысы» «Бақылаушы» ролдеріне бөледі.

Топ бақылаушысы жұмыс барысында топ мүшелерінің жұмыстарын бағалап бақылау парағына жазып отырады. Топ мүшелерінің жұмысын формативті бағалайды
ІІ. «Ой қозғау»

Топпен жұмыс, өтілген тарауды пысықтау мақсатында алынады. Әр топқа тарау тақырыптарынан алынған сұрақтар таратылады.



І топ сұрағы. Оң және теріс сандар дегенді қалай ұғамыз?

( Жауап: Кейбір шамалардың тура мағынасы, тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы мағынасы, қарама-қарсы бағыты болады. Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» (плюс) таңбасы қойылады. Шаманың қарама-қарсы мағынасының сан мәнінің алдына « - » (минус) таңбасы қойылып жазылады.



ІІ топ сұрағы. Координаталық түзуді қалай түсенесің?

(Жауап: Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі, бірлік кесіндісі және оң бағыты көрсетілген түзу. Координаталық түзуде санақ басы О нүктесі 0 ( нөл) санын кескіндейді. Яғни О нүктесінің координатасы 0 тең. ( О (0)).

Координаталық түзудің О нүктесінен ( санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді. Координаталық түзудегі О нүктесінен ( санақ басынан) бастап оң бағытқа қарама –қарсы бағыт теріс бағыт деп аталады. Координаталық түзудің теріс бағытында теріс сандар кескінделеді.

Әр топ өздеріне берілген сұрақты топ ішінде талқылап болған соң, топ баяндамашылары сұрақтың жауабын баяндайды. Топтар бір- бірінің жауаптарын сағат тілімен екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағалайды. Тапсырма орындалып болған соң, топ бақылаушысы топ мүшелерінің жұмысына тоқталып өтеді.

Бағалау парағы


Көшбасшы

Баяндамашы

Хатшы

Уақыт сақшысы

Бақылаушы






























































ІІІ. Ашық сұрақтар.

Сұрақ: Сандары таңбаларына байланысты қалай ажыратамыз?

Сұрақ: Біздер осы уақытқа дейін қандай сандарға амалдар қолданып келдік?


Үлестірмелі қағаздар

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

бағалау парағы

мадақтама



Ортасы:

15 минут


( 12 минут)


ІV. Жұптық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»

Топ оқушыларына мәтін жазылған үлестірмелі қағаз таратылады.

Теріс сан мен теріс сан – таңбалары бірдей сандар.

Мысалы: – 7 мен – 12 таңбалары бірдей сандар.

Тусте ауаның темпаратурасы – 30 С болды, ал кешке -40 С-қа өзгерді. ( 40 С – қа төмендеді) Кешке температурасы неше градус болды?

Кешкі ауаның температурасын табу үшін (-3) санына (-4) санын қосу керек. Демек, (-3) +(-4) қосындысын табу керек. Қосындыны табуды координаталық түзуде орындайық.

Координаталық түзуде -3 саны А нүктесімен кескінделеді: А (-3). (-4) санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 4 бірлік кесінді жылжыту керек. Сонда қосынды В нүктесінің координатасына тең болады, В (-7),



( - 3 ) + ( - 4) = -7


Қосу амалын орындағанда бірінші қосылғышты жақшасыз жазуға болады. -3 + (-4)= -7

Жауабы: - 7 градус

Екі теріс санды қосу үшін:



  1. қосылғыштардың модульдерін қосу керек;

| -3| + | - 4 | = | - 7|

  1. шыққан санның алдына минус («-») таңбасын қою керек.

Анықтама: Қосудың ауыстармалық, терімдік қасиеттері рационал сандарды қосуда да орындалады.
Мысалы.: - 17 + ( - 15) = -15 + ( - 17) = - 32.

Есептеңдер: - 4 + ( - 6) =

- 1 + ( - 7) =

- 3 + ( - 15) =

- 8 + ( - 6) =

Жұптар оқиды, өзара талқылайды. Мәтін соңындағы есептерді топ мүшелері бірлесіп шешеді. Мәтін соңындағы есептер шешімін үлгі арқылы өздерін-өздері тексереді. Топтың әрбір мүшесі бағдаршамды көрсету арқылы жаңа сабақ материалдарын қаншалықты меңгергендігі туралы өзін –өзі бағалап көрсетеді.



Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында теріс сандарды қосудың анимациялық көрінісі көрсетіледі.

V. Жеке жұмыс «Есептер шығару» ( оқулықтағы деңгейлік есептер)



А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

-26 + (8)

-3 + ( - 8) + ( - 7 )




- 43 + ( -21)

- 29 + ( - 46) + ( - 21)




- 56 + ( -71)

- 103 + ( - 72) + ( -28)




- 96 + ( 101)

-8,1+(-10,9)+(1,9)+(-4,1)




- 36 + ( - 15)







- 62 + ( -19)







-127 + ( -8 )






Слайд арқылы оқулықта берілген үш деңгейлі есептерді оқушылар жеке орындайды, үлгіге қарап бағалайды.

.


Бағдаршам

электрондық оқулық

Критерий арқылы бағалау


Аяқталуы:

2 минут


2 минут

1 минут

Кері байланыс «Маған ұнады», «Маған қиын болды»

Бағалау: жиынтық баға

Үйге тапсырма : Теріс сандарды қосу

Есептер орындау №437



Оқушылар стикерлер арқылы өздеріне сабақта ұнаған және қиын болған тұстарын жазып жапсырады

Сабақ соңында топ басшыларының бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Плакат , стикер


Бағалау парағы


Қосымша ақпарат

саралау

Бағалау:

формативті бағалау: бағалау парағы, бағдаршам арқылы, екі жұлдыз, бір ұсыныс , смайлик , критерий бойынша

суммативті бағалау: мұғалімнің бағасы


Пәнаралық байланыс:

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: сыныпта қауіпсіздік жағдайы жасалған.

АКТ мен байланыс: интерактивті тақта, электронды оқулық.

Құндылықтармен байланыс: топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдап өз ой, пікірлерін толық жеткізе алды.



Рефлекция







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет