Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
Ашық сабақ материалы
Пән: «Физика»
Тақырыбы: «Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары.
Гармониялық тербелістер»
Топ: 1 негізгі ИС
2015-2016 оқу жылы
Ф.219
№6. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Топ
|
Күні
|
1 негізгі ИС
|
12.02
|
|
|
|
|
|
| Пән: Физика
11 бөлім. Механикалық тербелістер мен толқындар. Дыбыс және ультрадыбыс
Курс тақырыбы: №11.1 Тербелмелі қозғалыс
Сабақ тақырыбы: №6. Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәріс
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
|
Базалық құзыреттілік
|
Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер. Математикалық маятник. Көлденең және қума толқындар. Дыбыс табиғаты.
|
Кәсіптік құзыреттілік
|
Табиғаттың құбылыстарын түсіндіргенде мультимедиалық құралдарды пайдалану
|
|
Сабақ мақсаттары
|
оқытушылық
|
Студенттерге тербеліс ұғымы бойынша басты мәліметтер беру және оның мағынасы қандай екендігін түсіндіру. Тербелмелі қозғалыстың түрлері, негізгі сипаттайтын шамаларының ролін және оның түрлерінің өзара әсерлесу периодына жиілігіне байлансытылығын сипаттап беру. Мысалдар мен тәжірбиелерін компьютердің көмегімен көру және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
|
тәрбиелік
|
Тербелмелі қозғалысты пайдаланып, еліміздің жаңа техникаларын игеруге деген құштарлықтарын арттыру және мамандыққа бағдарлау
|
дамытушылық
|
Тербелмелі қозғалыстардың басқа физикалық шамалардан заңдардан айырмашылықтарын салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Күштердің әсерлерін пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге дағдыландыру. Сонымен қатар техника арқылы жұмысты жеңілдетуге үйретуге.
|
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін
|
Физика (К.т.: №11.1 Тербелмелі қозғалыс)
|
Қамтамасыз етілетін
|
Физика (К.т.: №11.3 Көлденең және қума толқындар. Толқындардың интерференциясы. Толқындардың дифракциясы)
|
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар
|
Флипчарт
|
Таратпа материалдар
|
Тірек-конспект
|
Оқытудың техникалық құралдары
|
Интерактивті тақта
|
Әдебиет: негізгі
|
Р.Башарұлы Г. Байжасарова У. Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқулығы.
С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт, В. Кем, В. Загайнова. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10 сынып оқулығы.
|
Қосымша
|
Ж.Абдулаев «Физика курсы»
|
Сабақ мазмұны
Эле-мент№
|
Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,
оқытудың әдістері мен тәсілдері
|
Қосымшалар, өзгерістер
|
1.
|
Ұйымдастыру (3 мин)
- амандасу
- аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақта бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;
- оқу сабақтарының журналына бүгінгі күнді, «жоқ» белгісін қою
|
|
2.
|
Үй тапсырмасын сұрау (29 мин)
І. Физикалық диктант (2 мин)
ІІ. «Физикалық шамалар пирамидасы» (2 мин)
ІІІ. «Формула құру» (2 мин)
IV. «Алдар көсе» ойыны (5 мин)
V. Сөзжұмбақты шешу (6 мин)
VI. «Физик ғалымдарды тап» (6 мин)
VІI. «Қай суреттің атауы дұрыс емес?» (2 мин)
VІIІ. «Өрмек» ойыны (4 мин)
|
|
3
|
Жаңа сабақ (16 мин)
Курс тақырыбы: №11.1 Тербелмелі қозғалыс
Сабақ тақырыбы: №6. Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар
Гармониялық тербелістер
|
|
4.
|
Жаңа сабақты бекіту (19 мин)
І. Гармониялық тербеліске тапсырма (3 мин)
ІІ. Сұрақтарға жауап беру (2 мин):
Толық бір тербелік жасауға кеткен уақыт (период)
Белгілі бір уақыт ішіндегі тербеліс саны (жиілік)
Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуы (амплитуда)
Дененің бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалысы (тербеліс)
ІIІ. Есептер шығару (14 мин).
|
|
5.
|
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)
1) сабақтың қорытындысын айту;
2) белсенді оқушыларды айту;
3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын оқушыларға ұсыныстар жасау.
|
|
6.
| Үй тапсырмасы (1 мин)
Г.Герц туралы баяндама жазу
«Тербелістің тұрмыста қолданылуы» тақырыбында конспект
«Тербеліс және менің мамандығым» эссе
|
|
Оқытушы _________ Г.К.Мукушова
КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
___________Р.М.Рахматулина
«__»____________2016 ж.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Бүгінгі сабағымызды ән тыңдаудан бастайық. Екі тілде ән үзіндісін тыңдайық: «Еділ мен Жайық», «Голубой вагон». Осы екі әнде қандай физикалық құбылысты байқауға болады? Жауап: Тербеліс.
Ендеше дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазып, жаңа сабақтың тақырыбын жазыңыздар:
«Курс тақырыбы: №11.1 Тербелмелі қозғалыс
Сабақ тақырыбы: №6. Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер.»
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - тербелмелі қозғалыс ұғымымен, оның түрлерімен, оны сипаттайтын шамалармен және гармониялық тербеліс ұғымымен танысу.
Бірақ жаңа сабақты бастамастан бұрын, өткен тақырыптарды бір есімізге түсіріп алайық. Біз «Электр құбылыстары» деген үлкен бөлімді аяқтадық. Осы бөлім бойынша ми қатпарларыңның тереңіне бойлап, ол қандай тереңдікте жатса да, мидың қай бөлігінде жатса да алып шығуымыз керек.
Дайынбыз ба? Ендеше бастаймыз!
II. Үй тапсырмасын сұрау
І. Физикалық диктант
Электр тогын мүлдем өткізбейтін заттарды диэлектриктер деп атайды.
"Магнит өрісі" терминін 1845 жылы М.Фарадей енгізді.
Тұйықталған күш сызықтары бар өрісті құйынды өріс деп атайды.
Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін бұранда ережесі мен оң қол ережесі пайдаланылады.
Электромагниттік индукция құбылысын Майкл Фарадей 1831 жылдың 29 тамызында ашты.
ІІ. «Физикалық шамалар пирамидасы»
№
|
Шама
|
Атауы
|
1
|
q
|
Заряд
|
2
|
R
|
Кедергі
|
3
|
I
|
Ток күші
|
4
|
|
ЭҚК
|
5
|
|
Магнит тұрақтысы
= -4 * 10−7 Г/м
|
6
|
|
Потенциал
|
7
|
|
Электр тұрақтысы
|
8
|
U
|
Кернеу
|
9
|
B
|
Магнит индукциясы
|
ІІІ. «Формула құру»
Ампер күші:
Лоренц күші:
Достарыңызбен бөлісу: |