Сабақ мазмұны Сағат саны 1 «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау»



Дата27.10.2022
өлшемі55,5 Kb.
#155110
түріСабақ
Байланысты:
170420 (2)


Аудиториялық сабақтардың материалдары
(кредит саны- 2, сағат саны- 90 - Тәжірибе – 30 ОСӨЖ- 4 СӨЖ-52)





Дәріс аталымы



Сабақ мазмұны

Сағат саны

1

«Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» курсының мазмұны мен мақсаты, зерттелу жайы.

Курстың әдебиеттану және тіл білімі пәндерімен байланыстылығы, аталған пәндер негізін әдеби тіл және тіл заңдылықтарын игеруге септігін тигізетіндігі. Лингвистика салалары көркем ойды жеткізудегі негізгі құрал екендігі. Шығарманың көркем пішімн талдаудың жолдары мен әдістері. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың міндеттері мен принциптері. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі нысаны. Көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысы.

2

2

Көркем әдебиет тілі.

«Тіл - әдебиеттің бірінші элементі». Саз өнерінің өнердің басқа түрлерінен ерекшелігі. Көркем әдебиет тілі - әдеби тілдің ең жоғары сападағы түрі екендігі. Әдебиет тілінің зерттелу тарихы, зерттеушілердің көркемөнер поэтикасы туралы. Көркем тіл теориясының отандық ғылымдағы негіздері және тілдік талдаудың методологиялық принциптері. Көркем әдебиет тіліндегі грамматикалық тұлғалардың стилистикалық- синтаксистік қызметі.

2

3

Мәтін туралы түсінік. Мәтіннің түрлері.

Мәтіндердің мазмұндық құрылымдық – композициялық және тілдік жақтары. Көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми мәтіндер. Контекст және мәтін. Мәтіннің құрылымы. Синтаксистік күрделі тұтастық (абзац). Макро және микромәтіндер. Лингвистикалық талдаудың мәтінді әдеби социологиялық мәдени-тарихи талдауларға қарағандағы өзіндік ерекшелігі.

2

4

Көркем мәтін, оның басқа мәтіндерден айырмашылығы.

Көркем мәтін түрлері, құрылысы. Көркем мәтіннің жанрлық түрлеріне байланысты ортақ және композициялық ерекше қырлары.Тілдің көркем әдебиетте эстетикалық қызмет атқаруы. Поэзиялық шығармалардағы ақындық «еркіндіктер», олардың дәстүрлі халыққа қайша жақтары. Көркем мәтін стилі. Өзіндік ерекшеліктері. Образдылығы, әдеби тілге қатысы.

2

5

Мәтін құрудың объективті, субъективті факторлары

Әдеби көркем бағыт. Жазушының жеке басы, қалыптасқан жазушылық үрдіс, т.б. тілдік құралдарды мәтінге біріктіруге негіз болатын факторлар екендігі. Қоғамдық орта, стильдік дәреже, әдеби ағым, атвордың дүниетанымы, тілдік білімі, талант сипатын ескере отырып дара стилін анықтау. Обьективтік фактор, ерекшелігі, субьективтік фактор.

2

6

Көркем мәтінді талдаудың аспектілері мен әдіс-тәсілдері.

Мәтінді әдеби тілдің әр дәуіріндегі нормаларына қатысы жағынан, мағыналық жақтан талдау, яғни көркем тіл тарихын көркем әдебиет тарихымен байланыстыра талдау, мәтінді көркем бейне жасау тұрғысында талдау (лингвостилистикалық) мәтінді автордың дара стилі айқындау бағытында талдау аспектілері.

2

7

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау – жалпы филологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы.

Көркем мәтінге тілдік түсініктеме беру, тілдік талдау. Зерттеушінің алға қойған мақсаты. МӘтінді мақсатқа сай тереңдей-зерттей оқу; мәтіннің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық тұлға – бірліктерінің қызметін барлау, зерттеу, мәтіннің мазмұнын, көркемдік сапасын жеткізетін тұстарын ашып, сипаттау.

2

8

Лингвостилистикалық талдау – шығарманың көркемдік, эстетикалық қасиетін анықтау.

Шығармада қолданылған тілдік тәсілдер мен ұлттық тіл фактілерінің ара қатынасын анықтау. Жалпы халықтық тілден шығармада қандай қолданыстан көркемдік жүк көтеріп тұрғандығы, олардың автордың қандай мақсатта қолданғандығы. Лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктердің мәтін мазмұнымен бірлігі.

2

9

Мәтіндегі авторлық көзқарасты айқындау, дара стильді анықтау.

Автордың белгілі бір тақырыпты оның мазмұны мен құрылымдық ерекшелігін сәйкестендіре алған әдісіне орай қолданған тілдік құралдарын тереңдей талдау. ТІлдік құралдардың астарында жатқан, образ жасауға, суреттеуге қатысатын астарлы, үстеме мағыналық реңктерін айқындау. Автор стилін белгілейтін ұғымдар: тіл композиция, жанр, ырғақ, интонация екені

2

10

Мәтінді әдеби танымдық. Жалпы филологиялық талдау – көркем шығарма талдаудың кешенді түрі.

Көркем шығарма тілі әдеби тілден тыс өз заңдылығы, нормасы бар ерекше эстетикалық қызметтегі тіл бола тура, автордың мәтінді құраудағы қоғамдық рөлін анықтау.




11

Көркем мәтіннің жанрларына қатысты құрылымы.

Поэтикалық мәтіндердің синтаксистік құрылысының ерекшелігі. Шешендік толғау өлеңдерінің синтаксистік, әрі формалық, әрі лексикалық қайталауға құрылатыны. Ауызша туған сөз үлгісінің де сөз- материалын қиыстырудың, бейнелеудің де шегі сол шығарманың жанрына байланысты екендігі.

2

12

Поэзиялық шығармалар тілін талдаудың ерекшеліктері.

Поэзиялық шығармалар тіліне лингвистикалық, стилистикалық талдауды жанрлық ерекшелігіне орай, көркемдігі, шеберлігі болатыны. Әрбір түрінің (толғау, жыр, лирика, ода, сатира, мысқыл-ирония, сарказм, т.б.) мәнеріне қарай тілдік қолданыстардың ерекшеленетіні. Дулат, Абай поэзиясының құдіретті қуатын олардың лексикасы мен грамматикасын талдаған зерттеушілердің (Қ.Өмірғалиев, Р.Сыздықова) қолданған әдістері.

2

13

Прозалық шығармалар тілін талдаудың ерекшеліктері.

Көркем проза тілін зерттеудің әр алуан қырлары (құрылымы, баяндау типі, жанры, образдары) және даралық стильдің тілдік сипаттары. Шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтар: автор сөзі, кейіпкер сөзі, қос үнді сөз (ортақ төл сөз).

2

14

Әдеби танымдық талдау – көркем шығарманы ұлт мәдениетінің ерекше туындысы

Шығарманың бүкіл бітім- болмысын авторлық және халықтың көзқарастан өткізе талдау. Әрі лингвистикалық, әрі лингвостилистикалық өзара ұштастыра жүргізілетін әдеби, стильдік талдаулар, олардың бірлігі.

1

15



Мәтін туралы ұғым
Мәтін лингвистикасының зерттелуі

Қазақ тіл біліміндегі мәтін лингвистикасының зерттелуі

1

16

Мәтін құрылымы. Мәтін сегментациясы.

Мәтіннің интерпретациялануы. Мәтін мен абзац арасындағы байланыс.

1

17

Мәтінге тән көріктеуіш құралдар.



Мәтіндегі юмор тудырушы бірліктер. Фоникалық құралдардың қызметі. Дыбыстық қабаттан күрделі құрылымдарға дейінгі аралықтағы тілдік бірліктердің қызметі

1

Барлығы







30


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет