Такырыбы №1: Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет – процесс ретінде Мақсаты: Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет туралы түсінік қалыптастыру
Сабақ мазмұны– төмендегі тақырыптарға жеке ауызша жауап беру:
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау.
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі мақсат қою технологиясы.
Тақырыбы №2: Әлеуметтенуге әсер ететін макрофакторлар Мақсаты: Әлеуметтенуге әсер ететін макрофакторларға сипаттама беру. Сабақ мазмұны – төмендегі тақырыптарға «Миға шабуыл» әдісімен жауап беру:
1.“Тұлғаның әлеуметтік дамуы” түсінігі.
2. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар.
3. Әлеуметтендірудің түрлері, кезеңдері
Тақырыбы №3: Әлеуметтік реабилитация технологиясы. Реабилитация және түзету. Мақсаты: Әлеуметтік реабилитация технологиясы туралы түсінік қалыптастыру
Сабақ мазмұны – төмендегі тақырыптарға «Аквариум» әдісімен жауап беру:
1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі дезадаптивті мінез-құлықты жою барысындағы әдістер.
2. Ресоциализация, коррекция, реабилитация ұғымдарының сипаттамасы.