Сабақ Мектеп : БҚо ақсай қаласы №4 жоббм мерзiм 2 ә 04. 02. 16



Дата25.08.2017
өлшемі51,73 Kb.
#26071
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№ 20 сабақ



Мектеп: БҚО Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 2ә 04.02.16

Тақырып:Обал мен сауап Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық,өз-өзіне қызмет ету,жағымды әрекет,әдептілік,мейірімділік

Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып-2

Сабақ мақсаты:

-Мейірімділік,адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері:

- обал мен сауап туралы түсінік беру.


-халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру.
-мейірімділікке,үнемдей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі
1 «Меркурий» ғаламшары.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Оқушыларды «жасыл,қызыл,көк конфеттер арқылы топқа бөлу.



1. «Шырақ»

2. «Қыран»

3. «Ақ Сұнқар»

2 «Шолпан» ғаламшары
Тыныштық сәті . Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3 «Жер» ғаламшары Үй тапсырмасын тексеру.

Саяхатқа ойша барамыз. Әр қатарға сұрақ қойылады сіздер топпен жауап бересіздер.
1 топ Обал дегенді қалай түсінеміз?
2 топ Сауап дегенді қалай түсінеміз?
3 топ Обал мен сауаптың айырмашылығы?


Сабақ барысын талдау:

4 «Қызылжұлдыз» ғаламшары.
Мұғалімнің сыйы. «Бір үзім нан» ертегісі
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен.
Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады.
Бай алтынын көтеріп ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер – дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймындеп жауап береді кедей!
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
-Алтынымның жартысын берейін- дейді ол бұл жолы.
-Жоқ, бере алмаймын,-деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтының айтады.
Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі.
Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1-топ «Шырақ» Наның қадірін бай қалай түсінді?
2-топ «Қыран» Кедейдің бойындағы ізгі қасиеттер?
3-топ «Ақ Сұнқар» Алтын мен нанның қайсысы артық және неліктен.




5 «Есенқырған» ғаламшары
Дәйексөз
1-топ «Шырақ» , «Обалды біліп өссең сауапқа кенелесің»
2-топ «Қыран», «Қыс ұясын бұзба»
3-топ «Ақ Сұнқар», «Үлкеннің алдынан кесіп өтпе»




6 «Қоңырқай» ғаламшары

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-топ Шырақ. Обал сөзін талдау

2-топ Қыран. Сауап сөзін талдау

3-топ Ақ Сұнқар «А,К,С» әріптерінен басталатын жақсы сөздерді жазу



7.Уран ғаламшары.
«Обал мен сауап» ойыны

Көк шөпті жұлма,ОБАЛ БОЛАДЫ.

Қарияның жүгін көтеріс,САУАП БОЛАДЫ.

Торға түскен құсты босат,САУАП БОЛАДЫ.

Сүтті төкпе,ОБАЛ БОЛАДЫ.

Ұяны бұзба,ОБАЛ БОЛАДЫ






8«Нептун» ғаламшары

Топпен ән айту

Бала тілегі
Бал балалық балдырған шақ, сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз


Атамекен түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік, ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні бүгінде


Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен үлкейсін,
Ұлы Отаным тілегім сол менің де.




9 «Плутон» ғаламшары
Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет